Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Тақырып. 19 ғасырдағы Ресейдің Қазақ жерін аграрлық отарлауы, және онын тигізген зардаптары



бет12/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#10938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
10 Тақырып. 19 ғасырдағы Ресейдің Қазақ жерін аграрлық отарлауы, және онын тигізген зардаптары.

Жоспары. 19ғ Ресейдің аграрлық отарлау саясатын ашып кең көлемде қарау

Мақсаты. Отарлау саясатын тархнама деректери бойынша жеткізу.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Ресей үкіметінің империялық саясаты аясында шаруа бастықтары институтын зерттеу тарихнамада толыққанды және арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сонымен бірге осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуын қарастыратын зерттеулерде қарастырылған.

Революцияға дейінгі тарихнамада қарастырылып отырған мәселе негізінен қонысаударушылардың тұрмысын, империяның шеткері аймақтарына шаруаларды қоныстандыру, XX ғ. басындағы Ресей үкіметінің аграрлық саясатын зерттеуде қаралды.Әрине, Ресейдегі аграрлық мәселелерді зерттеушілердің бірі А.Кауфман болды.

Кауфман батыс аймақтағы қазақ халқының қауымдық құрылысының ерекшеліктерін зерттеді, әсіресе, Торғай облысының шаруашылық жағдайы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, жалпы алғанда, XX ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық даму тарихын ғылыми зерттеуге түрткі болды.

Кауфман Далалық өлкенің шаруашылық құрылысымен таныса келе төмендегідей қорытындыға келді; экономикалық тұрғыдан қарағанда климаттың өзіндік ерекшелігі жағдайында мал шаруашылығымен санасу керек, өйткені, бұл тиімді. Торғай облысының солтүстік уездерінің жерлерін зерттей келе Кауфман қонысаударушылар үшін белгіленген 15 десятина жер үлесі жоғары екенін анықтады, өйткені осы аудандардың жері құнарлы және мұқтажсыз өмір сүруге 8 десятина жер жеткілікті деп есептеді. Ресейлік қонысаударушылар алғашқыда қазақтардан жерді жалға алды, сөйтіп осы аймақтың құнарлы жерлеріне орналаса бастады. «Жерді күні бүгінге дейін жалға алу ... орыс қонысаударушыларын жермен қамтамасыз етудің жалғыз жолы болды...»деді. Жерді жалға алу далалы аймақты отарлаудың бірден- бір құралы болды, ол бірте- бірте кеңінен тарала бастады. Сонымен қатар, қонысаударушылар үкімет тарапынан жасалған шектеулер мен барлық кедергілерге қарамастан, жер алуға ұмтылды. XX ғ басында қонысаудару саясатының аграрлық мәселені шешпейтіндігін Кауфман түсінді, өйткені шет аймақтардың жер қоры шексіз емес еді. Кауфман аграрлық мәселенің мәнін шаруалардың жерге деген мұқтаждығы деп түсінді және осы мәселені шешуде шаруаларды қосымша жермен қамтамасыз ету керек деп білді. Оның пікірінше, мәселені шешу шет жерлерді отарлау есебінен емес, ішкі резервтерді пайдаланып, жерді бөлу арқылы жүзеге асуы керек. Оның идеясын Жетісуде қонысаудару ісінің меңгерушісі болып ұзақ жылдар істеген О.А.Шкапский қолдады, яғни Сібір мен Қазақ даласына шаруаларды қоныс аудару Ресейдегі аграрлы мәселені шешудің амалы ретінде қарамау керек деп есептеді. Ол қоныс аудару мәселесі жалпы аграрлық мәселенің бір бөлігін құрайды, қонысаудару отарланушы аудандарда жергілікті тұрғындардың мүддесіне қайшы келу себебінен Европалық Ресейдегідей өткір формада көрініс таппаса да аграрлық мәселенің туындауына себепкер болады деп есептеді. Әрине, зерттеліп отырған мәселенің төңірегінде Далалық өлкедегі егіншіліктің даму үрдісін баяндайтын еңбектер үлкен қызығушылық туғызады. Патша үкіметінің Далалық өлкедегі аграрлық саясатының отаршылдық мәнін Т.Сидельников те өз еңбегінде көрсетті.

Мәселені зерттеуде маңызды құжаттар саналатын XIX ғ. аяғы XX ғ.басында іске кіріскен Қонысаудару басқармасының зерттеулері. Ф.Щербинаның жетекшілігімен Торғай облысының Ақтөбе және Қостанай уездері 1898-1899жж. зерттелді. Торғай облысының уездерін екінші рет зерттеу Қонысаудару басқармасының бастамасымен 1904-1910жж. жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Материалах по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статистический партией Тургайско-Уральского переселенческого района»деп аталатын еңбекте жарияланып, сондай-ақ Ырғыз, Темір, Ақтөбе уездері бойынша жекелеген томдар жарық көрді.

Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасы 1914 жылы қонысаудару басқармасының қызметін көрсеткен және Далалық өлкеге қоныс аударған шаруалардың Европалық Ресейдегі шаруаларға қарағанда ауылшаруашылық машиналарымен жақсырақ қамтамасыз етілгені жөнінде салыстырмалы деректер келтірген «Азиатская Россия» еңбегі жарыққа шықты.

Сонымен бірге XXғ. басында патша үкіметінің отаршылдық саясаты, аграрлық және қоныстандыру мәселелері ұлттық интелегенция өкілдерін толғандырған өзекті мәселердің бірі болды. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев еңбектерінде бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қаралды. Шаруа бастықтарының қазақтарды басқаруда кең құққа, зор өкілеттілікке ие болғандығы туралы Міржақып Дулатов өткен ғасырдың басында былай деп жазды. «Біздің қазақты көптен билеп келе жатқан үйез, крестьянский начальник, пристав секілді төрелер жұрт ісі түгел бұлардың қолында: тұр десе тұрады, жат десе жатады. Кристиянский начальник қазақтың қандай приговорларын бұзуға ерікті» деп жазды.

Т.Шонанұлы Ресейдің отарлау саясаты, шаруалардың қоныстануы, қонысаударудың қазақ қоғамына тигізген зардаптары нақты деректермен беріледі.

Революцияға дейінгі орыс тарих ғылымында шаруа бастықтары институты емес, орыс шаруаларын басқарудың кейбір аспектілері, шаруалардың құқықтары және земстволық басқарушылардың қызметінің ерекшеліктері зерттелді.

1917 жылғы революциядан кейінгі онжылдықтар бойы кеңес зерттеушілері шаруа бастықтары институтын мүлдем зерттеген жоқ. Дегенмен, осы кезеңде XIX-XX ғ. басындағы Ресейдегі тарихи жағдайды баяндайтын еңбектер жарық көрді. Кеңестік тарихнамада негізінен XYIII ғ. Ресей империясының оңтүстік-шығысындағы шаруалардың отарлауы және оның жергілікті халықтың тарихи тағдырына ықпалы жөніндегі мәселелер қаралды. Алғашқы кезекте Любавскийдің еңбегі империяның шеткері аймақтарын отарлаудың жалпы көрінісін, орыс шаруаларының орналасуы және олардың орыс емес халықтардың рухани және материалдық мәдениетіне ықпалы туралы жазды.

Кеңестік дәуірде тарих ғылымында зерттеулер ең алдымен экспонизм: қосылу және жаулап алу мәселесі төңірегінде шоғырланды. Осындай тарихнамалық талдаудан шығатын қорытынды зерттеулерде ең басты назар осы далалық өлкені аграрлық отарлау мәселесіне аударылды. Әлеуметтік - экономикалық тұрғыда өзекті және күрделі мәселелердің қатарына Қазақстанның аграрлық тарихы болып қала берді. Осы тақырыпты Л.Ауезова., С.Сүндетов, В.Черняков,А.Гинсбург және т.б. зерттеді.

Реформа жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастары П.Г.Галузоның еңбегінде жақсы қаралды. Патша үкіметінің аграрлық саясаты, қонысаударушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қазақтың көшпелі қоғамында егіншіліктің даму ерекшеліктері Б.Сүлейменовтың еңбегінде қаралады. Дегенмен, жоғарыда аталған зерттеулерде шаруа бастықтары, олардың мемлекеттің және қазақ көшпелі қоғамындағы ролі айтылмады.

XX ғасырдың 90 жылдары еліміздегі қоғамдық- саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тарих ғылымында жаңа бағыттар, жаңа көзқарастар пайда болды. Осы тұста белгілі құқықтанушы К.А.Жиреншиннің еңбегін бөліп айтуға болады, ол қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып, Дала генерал- губернаторлығында шаруа бастықтары институтына назар аударғандардың бірі саналады. К.А.Жиреншин өз еңбегінде Далалық өлкеде аталмыш институтты енгізудің құқықтық механизмінің жекелеген көріністеріне, XX ғ. басындағы басқару жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен бірге, еңбекте аталмыш мәселе XIX ғасырда Қазақстанда патша үкіметінің жүргізген әкімшілік реформаларының аясында зерттелгеніне байланысты, шаруа бастықтары институты еңбекте жүйелі түрде ашып көрсетілмеді.




Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет