Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Оқытудағы диагностика және бақылау



бет119/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Оқытудағы диагностика және бақылау
Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру

1. Оқытусапасындиагностикалау.


2. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
3. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары
Білімдерді тексеру мен бағалау - оқыту үдіерсінің құрамдас бөлігі. Бұл оқушылардың оқу әрекетіне жүйелі түрде сабақта, не үйде ауызша, жазбаша, графикалық және тәжірибелік жүмыстар арқылы бақылау жүргізу болып табылады. Тексеру мен бағалау арқылы оқушының әр деңгейдегі алған білім дәрежесі олардың дайындалу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері, мұғалімнің жұмыс деңгейі, тоқсандық және жылдық бағаларының қойылуы, оқушылардың аттестациялануы, келесі сыныпқа көшірілуі және де келесі деңгейдің білімін алуға қабілеті анықталады.
Білімді тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, білім беру, тәрбиелеу, түзету және хабарландыру, түзету және ақпараттық сияқты қызметтерді атқарады. Мұғалім тек қана оқушының білімін бағалап қана қоймай, сонымен қатар әр оқушының жетістіктерін қорытындылап, оқу-тәрбиелік үдеріске түзетулер еңгізіп және ата-аналар мен өзгелерге оқушының жетістіктері мен кемшіліктерін хабарлап отыра алады.
И. Лернер, Ю. Бабанский білім сапасының түрлеріне келесі сипаттамалар береді.
Білімнің дұрыстығы. Оқушының бойындағы білімнің толықтығы оқылатын нысана туралы барлық білімдердің санымен анықталады. Оқушы: а) білімнің барлық жетекші элементтерін атап бере алады; ә) әрқайсысына анықтама бере алады; Б) негізгі белгілерін сипаттап бере алады.
Білімнің әрекеттілігі оқушының білімді әр түрлі жағдайда қолдана алуымен сипатталады. Оқушы: а) алған білім мен біліктіліктерін қолдану арқылы жаттығулар мен тапсырмалар орындай алады; ә) оқылғанды сәйкес өмір құбылыстарын талдау үшін қолдана алады.
Білімнің саналылығы – білімнің, ішкі байланыстардың мәнділігін түсіну, талдай, салыстыра, дәлелдей, жан-жанты аша, бағалай және түсіндіре білу. Оқушы: а) сабақтағы түсініктер мен айғақтар өзара қалай байланысқанын, не қандай нәрсеге бағытталағандығын, не қандай нәрседен шығатындығын көрсете алады; ә) оқылатын құбылыстардың ортақ ерекшеліктерін тауып, оларды салыстыра алады; б) құбылыстың, оқиғаның және т.б. себептерін аша алады; в) жан-жақты түсіндіріп, түйін және қортынды жасай алады. Білімнің тереңдігі берілген білімнің басқалармен, оған ұқсас білімдермен саналы байланыстығымен сипатталды.
Білімнің оперативтілі оқушының ұқсас және вариативті жағдайларда білімді пайдалана алуға даярлығын қарстырады. Оқушы өз білімін қолдна алатын жағдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі соғұрлым нақты көрінеді .
Білімнің жүйелілігі кейбір білімнің жиынтығын, иерархиясын және тізбектілігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші біреулері үшін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.
Білімнің беріктілігі – барлық көрсетілген сапалардың саны мен тұрақтылығы. Ол интегралды өндірістік сапа болып табылады.
Білім сапасының әр алуан түрлерін отырып, мынадай анықтама беруге болады. Білім сапасы – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұрақты білім құрылымының біртұтас жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет