Педагогикалық технологиялар – оқушылар мен ұстаздардың субъект-субъектілі қарым-қатынастарына негізделген, олардың өз-өздерін өзектендіруге, өз-өздерін дамытуға бағытталған, диагностикалық қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі тиімді әдістер мен құралдар жиынтығының үйлесімді қызметі.
С.С.Кашлев педагогикалық технологиялардың төмендегідей қызметтерiн топтастырып қарастырады:
1) Педагогикалық технологияның ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк қызметiне: - педагогтың педагогикалық үрдістiң әрбiр бөлiгiнде нақты немен айналысуын анықтайтын ұйымдастырушылық iс-әрекетi;
- оқушының педагогикалық үрдістiң әрбiр кезеңінде не iстеу керектiгiн нақтылайтын педагогтың ұйымдастырушылық iс-әрекетi;
- педагог пен оқушының бiрлескен әрекетiнiң өзара ұйымдастырылуы;
- баланың өзiндiк белсендiлiгiн дамытатын өзiнiң iс-әрекеттерi ұйымдастырылуы жатады.
2) Педагогикалық технологияның жобалау (болжау) қызметiне: - педагогикалық үрдістiң шынайы жағдайын диагностикалауы;
- педагогикалық үрдіске қатысушылардан күтілетін нәтижелерiн болжай алуы;
- педагогикалық әрекеттестiктi модельдеуі;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісiнде бала мен педагогтың даму деңгейiн болжау үрдістері жатады.
3) Педагогикалық технологияның коммуникативтік қызметiне: - мұғалiм мен оқушының қарым-қатынастық мүмкiндiктерiн дамытуы;
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың, мұғалiм мен оқушының арасында ақпарат алмастыруы;
- педагог пен тәрбиеленушiнiң өзара түсiнiстік жағдайын жасауы;
- балалар арасындағы интерактивтi қатынас үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі;
- педагогтар мен ата-аналардың коммуникативтік iс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруы жатады .