Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция – сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамыған. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуіэмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия – мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.