Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Вербалсызқарым-қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас.
Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантамимика - қарым-қатынастағы сөздік коммуникацияның орнына аяқ-қолдарының қозғалыстары, дене қалыпы, еңкею, шалқаю, жүріс-тұрыс, т.с.с арқылы адамның ішкі көңіл-күйін түсіндіре алудағы іс-қимылдар тілі және бүкіл дене моторикасы.
Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі (шартты белгілер, жалаушалар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдарыарқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін рельефтік-нүктелер комбинациялары арқылыоқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л’Эпее әліппесі (1775ж. Франция) (саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусақтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты тілдесудің көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.
Мұғалім еңбегінде такесикадеген ұғым да көп рөл атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағып, қолпаштап қою, костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып құттықтау т.б қол қимылдары арқылы жасалатын қатынастық белгілер.
Кинесика – адамдардың қарым-қатынас барысында эмоциялық көңіл-күйлерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы өте маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратып, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.