Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен – қазіргі педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық-техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құрушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құру, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады.
Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі білім мазмұны және оқыту мән тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құралдары даярланады. Қазіргі уақытта біздің еліміздегі білім беру жүйесі оны жаңартудың жүйе құрушылық түсінігін талап ететін жаңару кезеңіне енді.