Педагогика әдіснамасының мәнін зерделеу бағыттары.
Әдіснамалық ізденудің бағытына тән педагогикалық әдіснаманың тек гносеология ғана емес, сонымен қатар, онтологияныңқызметін қатар атқаратын таным кеңістігінің әрекеті жүйесін ерекшелеу, шындығында, нақтыланған болатын. Жекелей алғанда, бұл ғылыми-педагогикалық фактілерді сипаттап, педагогикалық нысандардың мәнін ашатын, олардың бұдан әрі өзгеруі мен дамуының табиғаты мен шарттарын түсіндіретін сала ретінде педагогика ғылымының пәнінің түсіндіруінде қарастырылады.
Педагогика әдіснамасының даму тарихы. Педагогика әдіснамасы дамуындағы негізгі қарама-қайшылық - педагогикалық шынайы болмыс пен педагогика әдіснамасы арасындағы сәйкессіздік. Педагогика әдіснамасының даму үрдістері былайша аталады:
1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету;
2) педагогика әдіснамасының міндеті - педагогикалық ойлау, ғылыми шығармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педагогикалық сананы сақтау, қалыптастыру;
3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық ережеге бағыттылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |