Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныс.
Курсты оқып – үйренуде студент білуі керек:
курсты оқыту студенттің ойлау іс - әрекетін арттырудың түрлі әдістерін
проблемалық жағдай материалды дайындаудың диалогтық әдісін
педагогикалық әдебиеттерді аннотациялау мен конспектілеу, педагогикалық сөздікті еңгізу, рецензиялау, педагогикалық сөздік жасау, педагогикалық тренинг.
1. Студенттерге педагогикалық шеберлікті оқығанда өте қиын терминдер мәселелер,сөздіктер жөнінде түңғыш рет алғашқы үғымдар беру. Мұндай мәселелер мыналар болып табылады:
А) Педагогикалық шеберліктің басқа пәндермен байланысын айқындап беру .
Б) Мұғалімнің кәсіби өздік білім алуы және өздік жетілуін анықтау
В) Педагогикалық ситуацияларды шешу жолдарын үйрету.
Теориялық курсқа бөлінген сағаттар деңгейінде педагогикалық шеберлікті студенттерге толық мағлұмат беру мүмкін емес. Ол зертханалық сабақтарда мүмкіндігінше толықтырылуы тиіс. Соңдай-ақ зертханалық сабақта студенттер тренинг,жаттығулар,кездесулер, педагогикалық еңбектерге шолу жасауды үйренеді. Мұның болашақ мұғалім үшін мәні өте зор.
Курс форматы
Пән бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүреді. Дәрістік сабақта студенттер материалды тыңдап, игереді және зертханалық сабақтарда модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық өздік және межелік сабақтарда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір сабақтың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Бұл сабақтарға студенттердің белсенді қатысуы керек. Сонымен қоса, пән бойынша кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі алдын ала хабарланады. Әрбір апта аяғында дәрістік, зертханалық, өздік және межелік тапсырмаларды орындауға байланысты бөлінген балл сандарына қарай студенттердің білімі бағаланады.
9. Курс саясаты
Пәнді студент оқытушының көмегімен және дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқытушының пән бойынша жасалған жұмыс бағдарламасы мен немесе силлабуспен танысып, зертханалық сабақтарда берілген әдістемелік нұсқауларды орындау қажет. Тек дәрістік материалдармен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиеттерді оқу қажет. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындап, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Өздік жумыстардағы тапсырмаларды уақытында орындап, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-ші 7-ші апталардағы тапсырмалар мен тестілерді тапсырғаннан кейін алғашқы аттестация өтеді, келесі бақылау мерзімі 8-ші аптадан 15-ші аптаға дейін. 15 аптада екінші аттестация қорытындысы жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |