ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «экономиканы мемлекеттік реттеу»



бет7/15
Дата27.08.2017
өлшемі2,51 Mb.
#29812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Инфляция бағаның өсуі арқылы көрінетін, сұраныс пен ұсыныстың және ұлттық шаруашылықтың басқа пропорцияларының (үйлесімінің) тепе-теңдікте еместігі.

Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттің реттеу құралдарының жиынтығы.

Инфрақұрылым экономиканың қызмет етуінің шарттарын жасап отыратын, оның салаларының жиынтығы. Өндірістік (көлік, байланыс, құатпен қамту т.б.) және әлеуметтік (сервис, білім беру, денсаулық сақтау т.б.) болып бөлінеді.

Ипотека жылжымаймын мүліктің кепілдігіне берілетін, қарыз алушыда қалатын несие.

Капитал- тауар өндiру мен қызметтер көрсетуге пайдалану үшiн жасалынған ресурстар.

Капитал тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру мақсатымен пайдаланылатын ақшалай сома. Капитал деп іскерлік операцияларды төлеуге қолданылантын ақша түсіндіріледі.

Коммерциялық несие тауарларды сатқанда сатушы сатып алушыға төлем мерзімін ұзартады.

Консорциум кейбір жобаларды бірлесіп орындау үшін, ірі шараларды қаржыландыру үшін, қымбат объектінің құрылысы бойынша бірнеше фирмалар, банктер, компаниялар арасында жасалған ерікті уақытша келісім.

Концерн өнеркәсіп сферасында көп тараған корпорациялардың нысаны, бұлар іс-әрекеттерге көп салалы талдау жүргізеді. Ерекшелігі: капитал салымы саласында қатал орталықтанған басқарудың кәсіпорындарының, бөлімшелердің, филиалдардың кең шаруашылық дербестігімен ұштасуы және басқарудың орталықсыздандырылуымен ұштасуы.

Копорация кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, мұнда жалданып еңбек ететін жоғарғы дәрежелі маманданған басқарушылар кәсіпорынның басқарушылық қызметтерін атқарады.

Қазыналық саясат экономикаға әсер ету мақсатымен, салық салу және мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу салымдарында жүргізілетін саясат.

Қор биржасы сауданы ұйымдастырудың қызметін басқа қызметпен қоспай, жеке атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы сауданы ұйымдастырушы ұйым.

Мемлекеттік бюджет бұл мемлекеттік аппарат, қарулы күштер үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған, ел үкіметінің ақша ресурстарының орталықтанған қоры.

Монополдық баға берілген сұраныс жағдайында монополиялардың белгілі өнім көлемін өткізе алатын ең жоғарғы баға.

Монополист кейбір тауардың ұсынысының елеулі көлеміне бақылау жүргізетін сатушы.

Монополистік бәсеке жаңа сатушылардың келіп кіруіне мүмкіндігі бар нарықта сараланған тауарлар ұсынып сатушылар бір-бірімен бәсекелес болады.

Монополия кейбір өнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға айрықша құқықты болу.

Монополиялық билік тауар бағасына әсер етуге және нарықта өзінің шарттарын орындауға қабілетті болу, бұл өнімнің осы түрі өндірісінің және оны өткізудің елеулі бөлігін шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады.

Міндетті резервтер нормасы коммерциялық банктер міндетті түрде резервте сақтайтын депозиттердің бөлігі.

Ноу-хау кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі туралы технологиялық, ұйымдастырушылық, коммерциялық білімдердің жиынтығы.

Өнеркәсіптік саясат – экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті ұйымдастыру мен оның құрылымын қалыптастыруд үшін үкіметтің тікелей қатысуымен жасалатын саясат.

Өсіп келе жатқан экономика – жеке ішкі инвестициялар нөлге тең болатын (яғни жеке ішкі инвестициялардың жалпы көлемі амортизациялық төлемдердің жиынтығынан артық) экономика.

Өршімелі инфляция инфляцияның жылдық қарқыны жүз пайыздан артып кететін түрі.

Ревальвация ұлттық ақша бірлігінің бағамын заңмен көтеру.

Рента меншік әкелетін табыстардың түрлерінің бірі, табиғи реурстарды пайдаланғаны үшін меншік иесіне тиісті төлем.

Рентабельдік баланстық пайданың активтер мен өндіріс шығындарының орташа жылдық құнына қатынасы.

Саяси іскерлік цикл – заң шығарушы биліктің сайлау науқаны кезінде салықтарды азайту және мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы, ал сайлаудан кейін салықтарды жоғарылату және мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы экономиканы тұрақсыздандыруға деген бейімділігі.

Сауда балансы белгілі уақыт мерзімінде тауарлар мен қызметтердің елден әкетілімін (экспорт) және елге әкелімін (импорт) ақшаға шағып есептеу.


Табыс саясаты – үкіметтің номиналды жеке табыстарға және тауарлар мен қызметтердің бағаларына, сол арқылы жеке нақты табыстарға әсер саясаты.

Фискалдық саясат – үкіметтік органдардың мемлекеттік шығындарды және салық салуды өзгерту бойынша қабылдайтын шаралары.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жыл аралығында экономикалық белсенділік деңгейінің өсуі мен құлдырауы.

Экономиканы мемлекеттік реттеу- макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі

2.Дәрістердің қысқаша курсы
1 Дәріс. ЭМР түсінігі, міндеттері, мақсаттары мен қажеттіліктері
1.Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік экономикалық саясат туралы түсінік

2. ЭМР мәні, ғылыми және әдістемелік сұрақтары.

3.Мемлекеттік реттеу мәні және оның объективті қажеттілігі

4.Экономиканың мемлекеттік реттеу міндеттері

1. XIX ғасырдың ортасына дейін экономикалық ілім танымалы ағылшын ғалымдарының барлық шаруашылық жағдайлары ақикаты заңдылыққа байланысты өзгереді деген тұжырымына негізделіп, А.Смиттің шаруашылық барысын мемлекеттік реттеу кажет| екендігін ескертуіне карамай, меншікті иелену, шешім кабылдаулардағы тәуелсіздік өзгермеді.

Экономикалык ілім мен саясаттың арасын айкындауға талаптанып Джон Н. Кейнс (атақты Джон М. Кейнстың әкесі) «Саяси экономика» пәнінің мәні мен тәсілі деген кітабында халық шаруашылығы туралы ілімді үшке бөледі.

Біріншісі экономикалык ілім (теория), онда экономикалық заңдылықтар мен олардың байланысын талдайды;

екіншісі - экономикалық саясаттың шеберлігі мен әлеуметтік әрекеті, сол арқылы шаруашылық пен әлеумсттік жағдайларға әсер ету;

үшіншісі - лайықтап қолдану саясаты (басқару тосілі). Кейінгісі ілімді өндірісте қалай пайдалануды қарастырады, ал саясат ғылымға негізделеді.

Экономикалық саясат дегеніміз үлттық экономиканың қалпын, келелі мәселелерін, шешу жолдарын ұсынуды көрсететін білім. Әрбір шаруашылықпен шүғылданушы өзінін экономикалык саясатын жоспарлап, жүргізеді. Мысалы, зейнеткер өз жиғанын мемлекеттік кұнды қағазға салады, шаруа жылыжай (теплица) салады. Дүниежүзілік банк мемлекеттерге қарыз беруді шешеді.

Экономикалық саясаттың негізгі бөлігін мемлекеттік экономикалық саясат (МЭС) кұрайды. Ол жоғарғы (макро) және төменгі (микро) деңгейдегі шаруашылық барысына максатты әсер ету. Оған әлеуметтік, қорғаныс, сыртқы жағдай, экология тағы басқалары жатады.



Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) (немесе экономикалық саясат) - арнайы әрекет, демек көлемі мөлшерлі, әрқилы. Мысалы, қоғам игілігін туғызу, тек дүниемен қамтамасыз ету емес. кең көлемді қамтиды. Ол жеке бастың бақытты болуы. жайлылық. жүмысына разылық, түрмысына ризашылығы. Қазіргі заманда әлеуметтік - экономикалық жағдайларға ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, каржыландыруға. әлеуметтік қамсыздандыруға, ағарту жұмысына, ортаны қорғауға мемлекеттін араласпауы мүмкін емес. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында ЭМР және МЭС пара-пар.

ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) дегеніміз күқықтық үкімет орындары мен қоғамдық ұйымдардың қалыптастқан әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрақтануы мен өзгерістерге тиімделуіне арналған құқықтық, орындаушылық, бақылау сиякты әрекеттерінің үлгілі жүйесі.

Салалық, жалпышаруашылықтық күйзелістер, жалпылай жұмыссыздық, ақша айналымын бұзу, дүниежүзілік нарықтағы ;келелстіктің шиеленісуі жалпымемлекеттік экономикалық саясатты кажет етеді.

Шаруашылық механизм-бұл экономикалық заңдылықтардың негізінде қоғамдық ұдайы өндіру процесін ретеудің формасы және құралдардың жиынтығы. Шаруашылық механизмнің дағдарысы ұзақ мерзімді сипатта болады және ол экономиканы реттеу модельдерін жетілдіруді талап етеді. Қазіргі заманғы шаруашылық механизмнің негізгі нарықтық бәсекелесті реттеу құрайды. Оның тарихы тауар өндірісінен бастап оның ұйымдастырушылық функциясын тауарға өндірушілер мен тұтұнушылардың еркіндігін және сапасына қатысы іске асырылады. Олар нарықтық бағаның құрылуы бойынша шаруашылық механизм жұмысын ақырғы нәтижесін білдіреді. Бұл механизм белгілі бағытта қоғамдық өндірістің реттеуші функциясын орындай алады. Монополияның пайда болады. Бәсекелес нарықты механизмінің қалыпты қызмет жасау процесін бұзады. Алайда, бірыңғай шаруашылық механизмінің қалыптасуына әкелетін экономикалық күрделілігі келесі 2 звенодан тұрады:

1.1873 жылдан бастап, 1929 ж уақыт аралығында әрекет етеді.

2.1929-1933 ж. аралығы (Ұлы дағдарысы)

2. Экономиканы реттеу дегеніміз жалпы мемлекеттік түрғыдағы Экономикада (макроэкономика) біртұтас табыс псн шығынды салыстырудағы үкіметтің шаралары. Мемлекеттің экономикалық саясаты (МЭС) үш бағытты қамтиды

1. Ел байлығын (жер, қазба, қуат көздері, тасымалдау, жүмысшы күші т.б.) тиімді пайдалану.

2. шаруашылық (өндірістің түрақтылығы, тиімділігі, кәсіпкер, кәсіпорын, салалардың дамуы) пен әлеуметтік (халықтың өсуі, өмір деңгейінің жоғарылауы, саяси тұрақтылық т.б.) мәселелер.

3. сыртқы экономикалық саясат (халықаралық, мемлекетаралық ) қарым-қатынас, дүниежүзілік түрақты ақша-тауар қатынасының жүйесін пайдалану т.б.).

МЭС жүйелі іске асыру: қалыптасқан жағдайды талдау, мүмкіндікті бағдарлау (табиғи-экономикалық, күш-қуат, зиялылық), болашақтағы сыртқы экономикалық қатынас, халықаралық экономикалық саясаттың өзгеруін болжау. Қазақстанның экономиканы мемлекеттік реттеудегі ғылыми ағымы:

1. экономиканың жоспарлы және нарықтық тәсілдерін жүйелі пайдалану.

2. мемлекеттің араласуы (ауқымды мәселелерді шешу, т.б.).

3. жалпы экономикалық жағдайдың тиімділігін арттыру.

4. шетелдік салымдар (иностранная инвестиция), оны негізінен ғылымды дамытуға, жаңа өндіріс әдістерін енгізуге пайдалану.

5. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік аймағына енуі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары (принципы):


  1. Негізгі бөлігін оқшаулау (алғашқыларын анықгау).

  2. Халық шаруашылығын басқару жүйесіндегі теңдестік пе сәйкестендіру.

  3. Шешетін мәселелердің әдістері мен жолдарын тандау.

  4. Жалпы экономикалық шешімдердегі жан-жақтылық.

ЭМР шараларын жүзеге асыру жолдары:

  1. Бағдарлау, үзак мерзімді маңызды жоспарлау.

  2. Қаржы-қаражаттың реттелуі.

  3. Салықпен реттеу.

  4. Ақша-қарыз арқылы реттеу.

  5. Бағамен реттеу.

  6. Кеден, баж салығымен реттеу.

  7. Мөлшерлі тариф белгілеу.

  8. Әкімшілік, құқықтық рұқсат беру (лицензия) арқылы реттеу.

  9. Нарықтық реттеу.


3. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз әлеуметтік шаруашылық жағдайына, оның ұымды теңдік пен жоғары деңгейдегі экономикалық тұрақтылығын қолдау үшін мемлекет негізгі экономикалық-әкімшілік және ұйымдастыру-құқықт тұрғыда араласу түрлері.

Оның қажеттілігін тарихи деректер дәлелдейді. Өткен кезеңдердегі (1929-1933 жж., 1948-1949 жж, 1973-1975 жж., 1980-1982 жж.) терең күйзелістерден шығу мемлекеттердің экономикаға араласуымен қамтамасыз етілген.

Нарықтық экономиканың асқан білгірі, Нобель сыйлығының иегері Д. Леонтьев ұлттық экономиканың құбылу теңіздегі желкенмен теңестірген. Желкен жылжу үшін жел керек ол қажеттілік. Тұтқа - мемлекеттік реттеу, онсыз жел оны қүзға соғып күл-талқанын шығарады.

Тімді экономиканың шведтік түрін шығарушы, ірі мам Клас Эклунд ретке келтірілмейтін нарық жоқ, болған емес, он мемлкеттік реттеу қажет деген қорытынды жасаған. 1929-1939 жж. күйзелістерден шығудың жалғыз жолы қор тарту деген ағылшынның түлғалы экономисі Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.)- Кейнстің көзқарасы жоспарлы және нарықтық экономиканың үйлесуінің қажеттілігіне иландырады. Оны тиімділігі әр елдердің табиғи-тарихи, әлеуметтік-модениет, табиғат, экономика, ұлт, халық құрамы, орналасу жағдайына байланысты түсіну үшін әрқилы экономикалық сөздердің (атаулардың) іргетасын білу қажет.

Қоғам игілігі (общественное благо)- халықтың мұқтажын қамтамасыз ететін, заңды құқығын қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау, түбегейлі ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, нәтижесін пайдалану, біріңғай қуат, тасымалдау, байланыс жүйелерін құрып, пайдалану, жалпы мемлекеттік табиғатты корғау тиімділігі, төтенше жағдайлардан алдын-ала ескерту сияқтыларды мемлекеттік деңгейде шешіп басқару. Сыртқы әсер (внешние эффекты) - кәсіпорын мен тұтынушылардың өнім өндіріп, қызмет көрсетуінен тигізетін

ықпалы. Мысалы, өндірушінің мақсаты сұранысты қанағаттандырып, көп пайда табу. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ұқыпты пайдаланып, сақтау сияқтылар көлеңкеде қалуы мүмкін. Мұндайда сыртқы кері әсер туады. Өндірістен тыс шығын (трансакционные издержки) - карым-қатынасты шешу, оны орындауға байланысты шығындар. Оны мемлекет өзіне алуы мүмкін, немесе мекеме, косіпорынды көндіреді. Әлеуметтік шығындар (социальные затраты) - әлеуметтік жағдайға байланысты қиыншылықтардын туындауы, шиеленісуі мемлекеттің араласуын қажет етеді. Мысалы, жұмыссыздықтың өсуі, ақшаның құнсыздануы тұрмысы төмен қауымға қосымша қарастыруды (жалпы табысты бөлуді) мәжбүр етеді. Сол сияқты еңбек құқығын жүзеге асыру, халықаралық экономикалық қатынаста ұлт мүддесін қорғауда әлеуметтік шығындар жүмсаумен байланысты.

ЭМР қажеттілігі әртүрлі себептермен байланысты:

1. Мемлекеттік және нарықтық реттеулердін мақсатынын, бірлігі. Мысалы, мемлекет жалпы экономикалық деңгейді (макроэкономика) дамуын көздейді, оның ішінде түбегейлі ғылымның (фундаментальные науки). Оның жетістігін пайдаланып өнім өндірушілер пайда тауып, экономикасын нығайтады, онда нарықтық қатынастарды қолданады. Екеуінің ортақ нәтижесі ел экономикасын нығайту, халықтың әл-ауқатын жақсарту.

2. Сыртқы әсердің тасада қалмауын ойластыру. Ол үшін орталықтандырылған қаржы есебінен табиғатты қорғау арналған жұмыстар жүргізіледі, әкімшілік-қүқықтық шектеулер қойылады, табиғатты қорғауға ынталандырады.

3. Өндірістен тыс шығындарды азайту үшін сауда -алмастырумен шүғылданушылар үкіметтің араласуын пайдаланады.

4. Әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары жүргізу. Мүнда әртүрлі иландыру, мәжбүрлік сияқты әдістер қолданып табысты бөлу жүзеге асырылады. Мысалы қайырымдылық жасау (өз бетімен иланып көмектесу), салық салудьң үлесін көбейту (пайдасын қоғаммен бөлісуге мәжбү ету), тағы басқалары.

Нарықтық экономика өзінің реттелетін және өзінің дамитын күрделі. Нарық жағдайындағы тұтынушылар нені? қанша? қашан? қайда? шешім қабылдайды. Негізгі құралдары: баға-сұраныс-ұсыныс-бәсекелестік құралдары. Мемлекет нарықтық реттеуді жетекші орын алады. Мемлекет монополияға қарсы шараларды жасау шағын және орта бизнеске қолдау көрсету. Экономикалық тұрақтылықты макроэкономикалық тепе-теңдікті және экономиканы дамытуға көтермелеулігін қамтамасыз ету. Мемлекеттің нарықтық экономиканың ролі оның функциялары арқылы анықталады: Қазіргі мемлекеттің экономикалық функциялары:



1)Мемлекеттің басты мәселесі елдің экономикалық дамуының стратегиялық жасасу. Мемлекет осындай стратегиялық жасауынан бастамасы болып және оны нақты іске асыруы үшін жауапкершілік алады.

2)Экономиканы тұрақтандыру және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру. Бюджеттік, ақша несиелік, фискалдық саясат шаралары арқылы мемлекеттік дағдарысты өндіріс құралдарын болдырмауы инфляцияның төмендетуін көздейді.

3)Жұмыссыздық бұл тек күрделі мәселе ғана емес, сонымен қатар тұтынушының сұраным мен салық түсімдерін төмендетуге жәрдемақыға кететін шығындардың өсуі.

4)Бағаны реттеу. Бұл функцияның мәні зор, бағаның құрылуы және динамикасы экономика жағдайын өзгертеді.

5)Шаруашылық субъектінің құқықтық базасын қамтамасыз ету.

6)Нарық шеше алмайтын әлеуметтік-экономикалық мәселерді шешу (монополияға қарсы саясат жүргізу).
4.Экономиканы реттеудің міндеттері:

1)Экономиканы дамуында нарықтық механизмді тиімді қолдану мәселелерін зерттеу.

2)Экономикалық процестердеде мемлекеттің араласуын максималды және минималды шараларды анықтау.

3)Әртүрлі экономикалық жағдайларға МЭР-дің әдістері мен құралдарын анықтау.

4)Мемлекет арқылы экономикалық реттеу мәселелерін зерттеу.

5)Экономикалық дамудағы экономикалық саясаттың мәселелерін зерттеу.
Реттеу негізі

1. Реттеуді талдау 2.Ғылыми болжам жасау 3.Артықшылықтады қамтамасыз ету

Реттеу концепциясы

принциптер әдістер

СРС: 1)Экономикаға мемлекеттік ықпалдың өзгеруінің тенденциялары қандай?

2) Экономикада мемлекеттің роліне жаңа технологиялар қалай ықпал етеді?

2.Дәріс. ЭМР-ге көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы
ЭМР басты максаты экономикалық, әлеуметтік түрактылық, ел ішіндегі қүрамды нығайту, жетілдіру, оны өзгерістерге бейімдеу. Одан басқа да өзара байланыстағы нақтылы мақсаттар бар, олар бірігіп, "мақсаттардың еменін" ("дерево целей") күрайды. Оның тарауы:


  • экономикалық дамуды тегістеу;

  • акша айналымын түрақтандыру;

  • бәсекелестікті көтеру;

  • мемлекеттік жүйені нығайту, бейімделуі;

  • халықшаруашылығының қүрамын жетілдіру,

  • жүмыспен қамтамасыз етуді қолдау;

  • әлеуметтік әлем;

  • коршаған ортаны қорғау.

Максат өлшемді (жүмыссыздықты қысқарту), сапалы (білімді жоғарлату), әртүрлі мерзімді (жақын арадағы, қысқа, орта,үзақ мерзімді) болады.

Мақсатгардың топтары:

  1. Жағдайды сақтауға арналған (жүмыспен қамтуды қолдау, ақша айналымын түрақтандыру, қалыс қалғандарды тарту, т.б.).

  2. Өскелеңді ынталандыру (жоғарғы өндіріс әдісі, ғылыми үсыныс,елсізді қоныстандыру).

3. Жаңа әдіс, жүмыс түрін енгізу (жалға беру, жаңа қуат көздерін орнату, берілген қүнды қағаздармен сайлауға қатысуға рүқсат ету).

4. Жанама әсер етушілер (ғылыми-зерттеу орындарын ашу, орталықтар күру, кәсіпкерлерге көмек, шет елдегі үлттық көрмелер).

5. Оңды нәтиже беретін қалыптаскан күрылымға үйлесиейтін қысқа мерзімді шаралар.

Бір - біріне қатынасына байланысты мақсаттар ұласқан (гармоничные), мысалы экономиканың өсуін ынталандыру жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасайды, қайшы, мысалы, ақшаның қүнсыздануымен күрес жүмыссыздықтың өсуіне және керісінше эсер етеді, ығыстыратын, мысалы қорды жинақтап, орталықтандыру, біріккен үйымдар (картели) ашуды қолдау тәуелсіз бәсекелестікті ығыстырады, болып бөлінеді.

Мақсатты орындау қосымша әсер әкелуі мүмкін (оңды, кері). Мысалы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-ондірістік жацалықтар өндірген өнімнің бағасын арзандатып, өмір деңгейін жогарылатады. Сонымен қоса кері әсері бар, ол жүмыссыздық, қалаға көшу, ондағы жүмысшы күшін арзандату. Оңды тағы әсері сырттан сатып алуды азайтып, шет елге өнім шығару.

ЭМР даму кезеңдері.



Бірінші кезеңде нарықтық экономиканы енгізуге мемлеке жалпы жағдай туғызады. Атап айтсақ, тәртіп орнату, шекзран күзету, қорғау, кедендік төлемдер сияқтыларды заңдандырып тәртіп бүзушыларды жазалайды.

Екіншіден әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық күйзелістер шиеленіскенде мемлекет шаруашылық жағдайына араласады. Мысалы, әскери, саяси, экономикалық мақсатта қызмет көрсететін қүрылыстар салу, яғни өзен, теңіз қатынастарын салу, байланыс тораптары және басқалар. Мүндайда жеке менші қаржыларын ынталандырып өскери тапсырмалар береді.

Үшіншіде қаржы иелерінің дамуына жеңілдіктер беріліп, еңбек, салық, сауда, әлеуметтік жағдайларды қамтитын зандар жасалынып аяқталады. Шикізат пен қызмет атқаратын қүрылымдар (инфраструктура) мемелекет меншігіне сатып алынып, қосымша жаңадан салынады. Шаруашылықты реттеуде тәжірибе ретінде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Орталық каржы орны қарыз қайтарудағы үстеме өтемді (учетная ставка) өзгертіп саясатын жүргізеді. Ел ішінде үкімет қзрыз беретін ірі орынға айналып, халықарапық қарыз беруші болады. Сыртқа тауар, каржы шығаруды ынталандыру саясаты жүргізіледі.

Дамыған елдер үлттық табыстың мүдддесі үшін дүниежү3ін, аймақтық және экономикалық ықпалдылыққа бөледі.



Төртінші кезеңде бір-бірімен байланысынсыз күйзеліске қарсы құрылымдарға бағытталған шаралар жүргізіліп, жүмыспен қамту, бағаға ағаға әсер етуге талпынады. Мемлекет каржы жинақтап, орталықтандыруды қолдайды. Тікелей байланыс, кәсіпкерлер одағы, ғысқандар жиыны арқылы біріккендер үкімет іиііндегі саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекеттік тапсырмалдар мен құрылыстар арқылы байып, бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы күйге келтірген.

Бесінші кезең Еуропадағы төңкеріс, Ресейдегі төңкерістің жеңісі соғыстан кейінгі тоқырау, 1929-1931 жылдардағы ұлы күйзеліспен сипатталады. Бүл жағдай жогары деңгейдегі жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілінімен ойландырады. Дж. М. Кейнс ЭМС белсенді араласу бағытын жасайды. Нарықтық қатынастың тарауына шектеу қою туралы қадамдар жасалады.

Алтыншы кезеңдегі МЭС негізгі табыстық жаңарып, молайып, жинақталуын ынталандыруга бағытталған, сыртқа шығаруды қолдайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЭМР шаралары жасалады. Мемлекет негізгі қорларды кысқа мерзімде жарамсызға жатқызу арқылы қор салудағы өзін-өзі қаржыландыру саясатын жүргізеді. МЭС шаралары әркилы, жиі, бірақ бәтуасыз. ЭМР ілімдері мен тәжірибелерінде Кейнс, босаңшылық (либерализм) ағымдарына қарсы күрес жүргізіледі.

Әскери - өндірістік кешендер қүрылады. Шаруашылык басқарудағы мемелекеттік орындар , әскери басшылық, қару-жарак өндірушілер, екі жақты пайдаланылатын өнімдер, ғылыми-қүрастыру орталықтары біріктіріледі.

Социалистік қүрылым мемлекетаралық қатынастағы қосылымдар жасайды, мысалы, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ). Онда еңбекті бөлу орталықтандырылған нүсқау, жоспарлау негізінде жүргізіледі.



Батыс Еуропаның экономикалық ынтымақтастығыны алғашқы қадамдары жасалады.

Жетінші кезеңде соғыстан кейінгі үзақ мерзімде экономиканың көтерілуі дамыған елдердің экономикасында жаңа келелі мәселелер туғызады. ЭМР ойлаушылары мен іске асырушылары оның шешімін сала, аймақтық орта мерзімді бағдарлар жасаудан таппақшы болады. Дамыған елдердің кейбіреулерінде улершде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жеңілдікпен сату, халыққа тарату сияқты түрлері жүргізіледі. Сегізінші кезеңде ЭМР ілімдері мен тәжірибесінде ақша айналымын қадағалау (монетаризм) ағымы әйгілі болады.

Тоғызыншы кезеңде Батыс Еуропа , Солтүстік Америка, Шығыс Азияда халықаралық экономикалық қатынастардың нәтижелі дамуына байланысты ЭМР міндеттері Үлттық орындарга беріледі. Дүниежүзілік қатынастарда Дүниежүзілік каржы орны, ССБК (салым, сауда басты келісімі) (ГАТТ - генеральное соглашениение по тарифам и торговле), тағы басқа халықаралық ұйымдар шешуші маңыз атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет