ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «экономиканы мемлекеттік реттеу»


Дәріс. Экономикадағы мемлекеттік сектордың ролі



бет8/15
Дата27.08.2017
өлшемі2,51 Mb.
#29812
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

3.Дәріс. Экономикадағы мемлекеттік сектордың ролі
1. Мемлекет нарықтық субъектісі ретіндегі ерекшеліктері

2. Мемлекеттің экономикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттары

1.Мемлекет ерекше нарықтық субъектісі ретінде 3 белгісімен сипатталады:

- реттеуші-экономикада болатын өзгерістер әрқашан экономиканың реттеу құралдарының өзгерістерін тең болуын көздейді.

- мемлекет кірістерінің нарықтық емес шығу тегі. Мемлекет экономикалық емес іс-әрекет жүргізу арқылы табысты табу және бұны мемлекеттің пайдалануына бөледі. (мемлекеттік бюджет және салық).

- мемлекеттің императивтік статусы-барлық мемлекеттік емес субъектілерге қойылатын талаптар міндетті түрде жүзеге асырылуы қажет.

Экономиканы негізгі реттеудің негізгі белгілері:

1) Мемлекет әлеуметтік қажетті салаларды қаржыландыруы қажет, себебі бұл жеке бизнесті қызықтырмайды және пайда әкелмейді.

2) Мемлекеттік кәсіпкерлік жеке бизнес пен бәсекелеспей оның дамуына ықпал жасау керек.

3) Қаржы-несие және салық саясаты экономикалық өсумен әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етуі керек.

4) Мемлекет жалпы шаруашылық дағдарысты шешуду халықаралық экономикалық қатынастар процесінде салыстыру қажет.

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсатттары:

1) Нарық процесінде кездесетін әртүрлі жағымсыз жақтарды минилизациялау;

2) Құқықтық, қаржылық, әлеуметтік, алғышарттарды жасау;

3) Нарықтық қоғамда жағдайы нашар әлеуметтік топтарды қарау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мемлекет әртүрлі құралдармен пайдаланылады. Бұлар мемлекеттің экономикаға араласуының максималды және минималды шекаралары. Максималды шекарасысы ақша айналысын ұйымдастыру, қоғамдық тауарды ұсыну және сыртқы эффекті зардаптарын азайту. Минималды шекарасына жататын тыбысты қайта бөлу, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, монополия және инфляция, аймақтық саясатты жүргізу. Басты зерттеулері дамыту, дүниежүзілік экономикадағы ұлттық мүддесін қорғау.



Экономистердің назарын аудартуға тиісті ең маңызды проблемалардьң бірі - бұл Қазақстан Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық ерекшеліктерін қайта қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан шығару. Атап айтқанда, экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленіс-тердің болуы жаңа жағдайлардағы нарықгы басқару істерінің жолға қойылмауынан деп түсінуге болады.

Қазір уақыт экономистерге жаңа, ең жоғары талаптарды қояды. Нарықты дұрыс басқару үшін не кажет екенін аныктау қажет. Біздің пікірімізше, бұл үшін мәселелердің үш блогын шешу керек.

  • ел нарығыньң тұжырымдамасын жасау;

  • нарықты басқарудьң негізгі бағыттары мен экономикалық теориясын тандап алу;

  • нарықтың ұйымдьң-экономикалық тетігін, оның критерийін анықтау.

Болашақта прогрессивтік қоғам құру үшін не істеу керек?

Ең алдымен өзгерістердің теориялық түғырнамасын әзірлеу қажет. Егемендікке қол жеткізуге байланысты экономикалық жағдайдың өзгеруі, жаңа нарықтық жүйелердің қалыптасуын талап етеді, олар өздерінің кеңею жэне экономикалық күрылым-дарының қалыптасу есебінен көптеген қайшылыктарды шешу тэсілдерін табады. Мұның салдарынан «мемлекет-нарық» жүйесінде қатьшастардың эволюциясы болады, мемлекеттің нарық атқарымын мемлекеттік реттеу үлгілері өзгереді.

Нарық экономикалық реформалар жағдайында пайда болды жэне дамиды, сондықтан экономикада пайда болғанның барлығы да нарық диалекгакасының эсер етуімен пайда болады жэне дамиды. Алайда оның даму деңгейі, мазмүны мен теориялык-эдіснамалық қағидалары нақты сэтпен анықталады, мысалы, 1992-2002 жылдардағы сияқты нарықтың экономикалық өсуі мен карқынды дамуын атап өтуге болады.

Республикада нарық жүйесін қалыптастырған кезде өзіндік ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының дамуы үш кезеңге бөлінеді:



1. 1991—1993 жылдары. Нарық жүйесінің негізгі қүралдарын қалыптастыру. Ең күшті соққы халыққа нарықтық баға бірнеше есе өсіп, жалақы, зейнетақы, жэрдемақы бірнеше айға кешіктірілгенде тиді; акша реформасы өтті — қаржы қарыздары, есепке алу, баспа-бас айырбастар енгізілді, төленбеген төлемдер пайда болды, жеткізу-шілер тек өзінің меншікті өнімдерімен есеп айырысты. Мұның нәтижесінде республикада баспа-бас айырбастау ұлесі 45%-ға жетті.

2. 1994-1998 жылдары. Үкімет нарық механизмдерінің элементтеріне қатысты тіркелген бағам енгізді, меншіктің дамуынының жаңа нысандарын құрды. Нарық нысандарының қарқынды дамуы меншік иелерінің жаңа таптарыньщ құрылуына, жеке меншіктің нығаюына әкелді. Мұнда баға өсуінің қарқыны айтарлықтай төмендеді.

3. 1998-2006 жылдары. Нарық жеке меншіктің кеңею жағдайьшда дамыды.

Мемлекеттік және жеке меншіктің арақатынасы республика бойынша 1:5, ал ТМД елдері бойьшша тұтас алғаңда 1:3. Нарықтың қалыптасуыңда шешуші рөлді шетелдік инвестициялар атқарды. Нарықтың молықтырылған кезеңі болды, нарықта іс жүзінде наннан бастап автомобильге дейін бәрін сатып алуға болатындай мұмкіндік туды. Алайда нәтижесінде ауыл шаруашылығьшың құлдырауы болып өтті.



Қазақстанның азық-түлік нарығының даму ерекшеліктері:

  • «талыксытпалы ем» жүргізу;

  • өнімді қайта өңдеу үшін жеткілікті қуаттардың болмауы: нәтижесінде енімнің 50%-ы қайта өндеуге шетелге тасылады;

  • баланстандыруды кұрделендіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бір жақты мамандануы - нарық жағдайларында болатын мұндай жағдай нарық үдерісіндегі тежейтін факторлардың бірі;

  • аграрлық нарықтың дамуына мүмкіңдік жасайтын шетелдік инвестицияларды жүргізу. Елдің иңвестициялық нарық жағдайы оның экономикалық дамуының, бірлескен кәсіпорындардың тендігі мен өзара тиімділігінің ең маңызды индикаторы болып табылады. Республикада нарық элементтерін енгізу шетел капитальш пайдалану тиімділігін арттырды және шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанды бұрынғыдан да тартымды ете түсті;

  • нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің осы за-манғы технология әдістерін жақсы меңгерген жоғары білікті мамандардың болмауы; 1991 жылға дейін мамандарды даярлау тек бір мамандыктың шеңберінде жүргенін атап өтейік. Бүгінгі күні нарық нарықтық ойлау қабілеті бар әмбебап мамандарды талап етеді. Көптеген жас мамандар нарықка даяр болмай шықты, олардың нарықтық тэжірибесі жоқ, олар нарық үдерісінен шет қалған;

  • коммунициалдық модернизм элементтерінің болуы;

  • мүлдем жаңа нарықтық қатынастарды тудыратын ТМД елдерімен бірігу. Қазақстан Республикасы бірігу (интеграциялык) арқылы нарықты багындыруға тырысады. Бүл қазақстандық нарықта шетелдік компаниялардың (Түркия, АҚШ, Қытай, Жапония) өнімдерін қайта өңдеу үшін жағдай жасайды жэне бәсекелестік есебінен нарық қызметтерінің тек құнын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге азық-түліктік жағьшан қауіпсіздік тудырады.

Аймақтық ерекшеліктері:

  • шетелден әкелінген азық-түліктің молығуы;

  • арзан еңбек ресурстарының артылуы (қазіргі кезде өндіріс үдерісінде кызмет істемейтін еңбек етуге қабілеттілердің саны 655 мың адамды құрайды);

  • Ресей Федерациясы және Қытаймен шекаралас орналасуы әрі олардың байланыстар белсенділігі. Ғасырлық тарихы бар компаниялар жүмыс істейтіндіктен бүгінде әлемдік рыноктың аясы тарылды, ал Қазақстанға әлі де болса халықаралық деңгейде өзін-өзі танытуын жеңіп алу міндеті түр;

  • революциялық жолмен жүзеге асатын меншік пен шаруашылық жүргізудің алуан түрін қалыптастыру, яғни ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қайта құру, ал ол әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан ұйымдық құруды бұзбай-ақ эволюциялық жолмен өтті. Демек, нарық жаһандану үшін қажетті стратегиялық жағдайды құра отырып, өзі экономикалык дамудың объектив мақсаттарының бірі бола бастайды, біртұтас республикалық экономиканың калыптасуына және оның тиімділігін арттыруға еркіндік туғызады.

Осы замандағы ғылымда нарық мәселесі мен мемлекет рөлін түсінудің жалпы ғылыми түжырымдамасы қандай? - деген сұрақ туындайды. Заманға сай білімнің маңызды және ең қиын проблемаларының арасынан ең алдымен «экономика», «нарық» жэне «мемлекет» сиякты категориялар арақатынасы ж-ніндегі мәселе алдымызда түрады. Қазіргі уақытта алуан түрлі тәсілдемелердің көптігіне қарамастан, бұл мәселе жеткілікті зерделенбеген болып қала береді. Ал «нарық» үғымына қатысты эңгіме ететін болсақ, онда оны не «экономика» үғымымен тендестіреді, не жалпы алғанда ғылыми зерттеу тақырыбына енгізбейді. Әзірге қарастырылып отырған жүйелік қатынаста нарық пен мемлекеттің орны айқын анықталған жоқ. Белгілі бір шамада олардың арасында қандай да бір байланыс бар. Алайда мұнда нарықтың меншікті динамикасы болатынын және өзінің ерекше объектілерін болжайтынын ескерген жөн. Бүл теориялық-әдіснамалық кеңістікгі толтыру үшін не ұсынуға болады? Бұл проблемалар бойынша қиындықтар ең алдымен экономикадағы «нарық» ұғымын бір мәңді ұғындырмаудан және мемлекет эволюциясын зерттеген кезде олардың айқын қолданбауынан пайда болады.

Нарық зерттеу пәні ретінде аса және көп мәнді күрделі құбыдыс ретінде байқалады. Оны зерделеу күрделілігі сол, ол болашақта тұтастықта бола түрып, сонымен бірге қандай да бір орнықты түрақты шама бола алмайды жэне түрақты түрде өзгерістерге ұшырайды.

Қазақстанда нарық мәселесі бойынша зерттеулер салыстырмалы түрде жуырда басталды жэне оған деген қызығушылық ұдайы өсуде. Отандық экономикалық әдебиетте зерттелген проблема бойынша кейбір жарияланымдар пайда болды, алайда олардағы барлық берілген анықтамалар оны бір жақты мағынасында түсіндіреді. Бүл жүмыстарда «мемлекет», «нарық» үғым-дарының мэні және олардың өндіріс категорияларымен байланысы қарастырылған.



Бұл аспектіде, біздің пікірімізше, үш мәселені айырып көрсетуге болады:

  1. Біртұтас нарық неге қажет?

  1. Неге нарықтың дамуын басқару қызметін мемлекет атқаруға тиіс?

  2. Нарық республиканың экономикалық қатьшастар жүйесінде қандай орын алады?

Нарық экономикалық жүйе ретіңде кез келген формацияға оңай үйлеседі. Оның басты кемшілігі - бұл басқарудың біртұтас пәрменді жүйесінің болмауы, сондықтан мемлекеттің нарықпен экономикалық өзара байланысы орнатылмайды. Біртұтас республикалық нарықтың дамуын тежейтін факторы болып, сондай-ақ әрі ішкі, эрі халықаралық операциялар үдерісін жүргізуді реттейтін жоғары заңдар актілерінің болмауы есептеледі. Қазіргі кезде бұл проблемамен айналысатын біртұтас орган жоқ. Сонымен бірге есеп жүргізу жағдайында іріктеп алуға білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Мүндай жағдайда Қазақстан біртұтас нарық жүмыс істеп жатқан дамыған елдердің тэжірибесі мен эдістерін пайдалануға тиіс. Оның аймақтық жэне салалық белгілері бойынша алшақтығы республика экономикасын тым артта қалдырды. Тауар өндірушілермен тығыз байланыстың болмауьшан нарық басымды жағдайға ие болмады. Басқаша айтқанда, өндіргіш куштер барлық қатысушылардың үйлестірілуін, іс-қимылдарының келісілуін талап етеді.

Мемлекет пен нарық арасындағы қатынастар жиынтығы күрделі және жан-жақты жүйені білдіреді. Бір жағынан, бүкіл жасалған өнім мемлекеттің қарауына түспейді, оның бөлінуін нарық аныктайды және республика алдында тұрған саяси міндеттерге байланысты өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір дербестілігі мен өз жүмысының залалсыздығы үшін олардьщ жауапкерітлігіне қарамастан нарық үдерісі әрбір кәсіпорында материалдық және еңбек ресурстарымен, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттармен кепілдендіріледі.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, республиканың экономикалық дамуындағы нарық рөлін зерделеудің осы заманғы әдіснамалық негіздері объективтілік, өзара байланыс, жүйелілік сияқты танымның маңызды қағидаларына негізделуге тиіс, Осы мақсатпен біз «экономика-нарық-мемлекет» кұрылымының өзара іс-қимыл тетігінің жалпы сипаттамасын бердік, олардың жүйелік мэні ашылды жэне ерекшеліктері анықталды.

Біздің қоғамдық өмірде нарықтық орта құрылды, ол бізді экономиканың қызмет етуінің нарықтық тетіктеріне үлкен еркіндік бере отырып, нарықтың экономикадағы орнын қайта қарауға мәжбүр етті. Бұл үшін ұйымдық жэне экономикалық жағдайлар жасау қажет. Мемлекеттік тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта аз іс жасалған жоқ. Дағдарыстық құбылыстардан өтіп, экономикалық түрақтылық пен әлеуметтік дамуға қол жеткізілді. Қазіргі кезде нарықтық үдерісті басқарудың жаңа формаларын, үлгілерін, технологияларын, үйымдастыру әдістерін белсенді іздестіру жүргізілуде. Бүгінгі күні жоғары және тез өзгеретін талаптар тек техника мен технологияға ғана емес, сонымен бірге ең алдымен нарыққа да қойылады. Нарық пен экономика жүйесі арасында сәйкессіздік айтарлықтай күшейе түседі, өйткені нарықта барлық экономикалық мүдделер біліне бастайды, мұнда олардың өзара байланысы байқалады, нарық адамдарды біріктендіретіндіктен олардың қарама-қарсы тұруы бәсендейді.
2. Мемлекеттік реттеу нарықтық экономиканы басқарудың жанама түрі ретінде белгіленеді. Әр мемлекетте оның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жүйесінен белгілі бір дәрежеде мемлекеттік органдар түрінде экономикасы мемлекетпен реттеледі.

Экономикасы орталықтандырылған экономиканы реттеуге мемлекеттің қатысуы жиірек көрінеді. Олар басқарушынық жоспарлар, қатар заңдар, табиғи, еңбек, қаржылық, материалды ресурстарға қожалық ету.

Мемлекетті бюджетті бөлуге табылады. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде мемлекеттің экономпаиканы реттеуі жанама мінезде және кәсіпорындыр мен кәсіпкерлер қызметіне қатысуы азырақ болады.

Олар заңдылық реттеу, салықтық жүйе, міндетті төлемдер және аударымдар, мемлекеттік инвестициялар, субсидиялар, жеңілдіктер, мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар іске асыру арқылы мемлекет экологияға әсер етеді.

Мемлекеттік реттеудің басты мақсаты, мем-ң қоғамның мүддесін сақтау. Мемлекет экономикалық бостандық жағдайынды әлеуметтік топтау, саналар, монополиялар, кәсіпкерлер және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзылмауын қадағалайды. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу, келер ұрпаққа жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау, табиғаттың жойылуына жол бермеуге бағытталған.

Тікелей мемлекеттік реттеу мемлекет үшін маңызы зор. Қоғамдық қауіптілік, экономика және қоғам үшін маңызы зор объектілер, кәсіпорындар және ұйымдарға бағытталады. Олар әскери, қорғаныс, энергия, ұлттық мұражайлар, денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны ластау және қорғау т.б.

1) Салықтық реттеу бірінші бағыты мемлекеттік реттеу. Ол салық салу белгілерін, салықтық жеңілдіктер еңгізу, салықтан босату, сонымен қатар кезеңдік алымдар мен баждар белгілеуде көрініс алалды.

2) Қаржы-несиелік реттеу. Мемлекеттің ақша айналымы және ақша төлеміне, яғни ақша төлемін, әсер етуі. Олар: ақша эммисиясы, орталық баға арқылы ақша массасын төлеуіне әсер ету.

3) Бюджеттік реттеу мемлекеттік органдар мемлекеттің және шығындалуына басшылық жүргізе алады. Сонымен қатар мемлекет қосымша бюджетке төлемдер белгілеуге мүмкіндігі бар.

4) Бағалық реттеу. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік бағаның шекті дәрежесін белгілейді және осы нормадан жоғарламауын қадағалайды.

5) Әлеуметтік реттеу. Бұл мемлекеттің әлеуметтік тиімділік, тұрғындар өніп-өсуі, қорғау, адамдарға өмір сүру жағдайын жасау және т.б. Әуелі реттеу негізінде әлеуметтік сақтандыруды, бостандық, денсаулықты сақтандыру қолданылады.

6) Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу. Табиғи монополияны қоспағанда барлық монополистерді мемлекет шектеу жасайды н/е тыйым салады.

7) Сыртқы экономикалық мемлекеттік реттеу. Бұл мем-ң экспорт ж/е импорт ұғымына, сыртқы сауда проц-не мем-к шекарадан, тауар, валюта нарығында айырбастау, капиталды мем-ке кіруі ж/е шығуы б-ша құралдар мен шаралар қолданылады.

Нарық экономикада маңызды рөл атқарады, онда халықтың тіршілік әрекеті үшін, халық тұтынатын тауарларды дайындауда тікелей өнім өндіріледі. Бұл аспектіде соңғы 15 жылдағы мемлекеттің нарықпен өзара байланысы қалай қалыптасқаньш және дамығанын қадағалау қажет. «Біз мемлекет орнаттық, нарық экономикасын кұрдық және ол қайтарымын енді беруде», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Трансформациялык кұлдырау көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырды, біріншіден, нарықтың кезең-кезеңмен даму сатысына сокпай өтіп, дамыған елдердің деңгейі жақын бағдары ретінде қабылданды. Екіншіден, агроөнеркәсіп тауарларының бағалары, әлемдік рыноққа қарағанда жоғары, теңгенің долларға бағамы көтерілді, бұл импорттың экспортқа қарағанда артықшылығын көрсетті.

Сөйтіп, қазіргі кезендегі мемлекеттің ең маңызды міндеті — экономикалық дағдарыстан өту. Бұл республика экономикасыньщ трансформациялану бағыттарьш обьективті негіздеуді, экономика-ны жаһандандыру жағдайы бойынша онын көріну нысандарының ерекшеліктері мен заңдылыктарын негіздеуді талап етеді. Бүл мәселелерді шешпей мемлекеттің нарық пен экономикалық қатынасын дамытудағы олардың рөлін анықтау қиын.



Осы уақытқа дейін мемлекет жоспарлау мен басқарудың тиімді жүйесін құра алмауда. Халықтың тұрмыс деңгейі әлі де болса өте темен. Банкілердегі азаматтардьщ салымдары ЖІӨ-нің 10%-ын, ал сол уақытта АҚШ-та 30%-ын құрды. Ішкі нарықта шетел капиталының басым жағдайда болуы экономиканың дамуына теріс әсер етті. Бәсекелестіктің киындықтарын бастан кешіре отырып, қазақстандық кәсіпкерлер шетелдік тауарлардың қазақстандық рыноктарда шектеуді қажет етеді. Осыған орай 1999-2001 жылдары отандық өнеркәсіп тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып үлгере алмауынан еңбек өнімділігі бұрынғыша төмен болуына қарамастан импорт бойынша бірқатар шектеулер қабылдады.

Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасыньщ дамуьша мүдделі еместігін ескере отырып, ерекше шетелдік инвестицияларға бағдарланбағаны жөн. Сонымен бірге мұнайгаз нарығы жұмса-лымдарьшан жоғары табыс алатын инвесторлардың көпшілігі инвестиция ағьшын өсіруді жалғастыруца. Мұның нәтижесінде, жинақ ақша мөлшері инвестициялық белсенділіктің ауқымына елеулі әсер етпейді. Өкінішке орай, мұның бәрі, республиканың салымшылары үшін епті тәсіл жасау мүмкіндіктерінің жоқтығына әкеледі.

Экономика жағдайында мемлекеттің ауыл шаруашылығының рөлін жете бағаламау сезіледі. Оның салдары ретінде, ауыл шаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру тоқтатылды. Ауылдық жерден қалаға жұмыс күшінің жылыстауы жұмыс қолдарын пайдалануцағы сәйкессіздікке әкеледі. Алайда, ең бастысы, ауыл шаруашылығы бағалардың тепе-теңдігін бұзады.


3.1 Дәріс.Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қызметтері.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттіліктерін анықтайтын факторлар.

2. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері. ЭМР құралдары.

3. Экономикаға әсер ететін тура және жанама әдістер.

4. Мемлекеттің экономикалық мақсаттары
1. Макроэкономикалық теорияның құрамдыбөлігі ретінде болатын экономикалық саясат теориясы ЭМР қажеттілігін, нарықтық дамымауымен байланысты әртүрлі белгілерімен түсіндіріледі. Оған келесілер жатады:

- Бәсекелестіктің болмауы. Әртүрлі салалардағы аймақтық нарықда монополияның пайда болуынан көрінеді. Егер мемлекет өзінің бағасының реттеуіне әсер етпесе, қоғамның жағдайына залал келтіреді.

- Қоғамға қажетті нарықта ұсынылмайтын немесе аз мөлшерде ұсынылатын көптеген тауарлардың болуы. Осындай тауарлар негізінде, қызмет көрсет формада: білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және т.б. салалар.

- Сыртқы әсерлер. Мысалы, қоршаған ортаның ластануы, заңды және жеке тұлғаның, шаруашылық субъектінің қоғамға экологиялық зиянын тигізу.

- Толық емес нарықтар. Мысалы, сақтандыру қызм. көрсететін нарық. Оның ішінде медициналық және зейнетақы қызметтері.

- Мәліметтердің жетілмеуі. Көптеген жағдайларда мемлекеттің белсенді қатысуынсыз өндіре алмайтын қоғамдық таурларды білдіреді.

- Дағдарыс және дипрессия уақытында көбінесе анықталатын жұмыссыздық, инфляция, экономикалық теңсіздік.

- Табыстарды артық, не кем емес қылып бөлу.

- Нарықтық емес мемлекет қоғам тұтынуды міндеттейтін. Мысалы, білім беру, міндетті тауар саны.

ЭМР- мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне әсер ету процесі және белгілі бір концепцияға негізделген мемлекеттің экономикалық және әлеуеуметтік саясаты іске асатын әлеуметтік процестер. Сонымен осындай жағдай қойылатын мақсатқа жету үшін мемлекеттік реттеу. Белгілі бір құралдар жиынтығы қолданылады.



2. ЭР-ң өзара байланысты болатын мақсаттың кезеңдері бар. Негізгі орталық мақсаттары экономикалық дамуды оның әлеуметтік салаларын қоса алғанда және қоғамдық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жағымды жағдай қалыптастыру б.т. Қалған барлық мақсаттар осы 2 мақсаттан шығады. Бірақ , олардың уақыт өтуіне әртүрлі факторларға байланысты өзгереді және өзара тығыз қарым-қатынаста бола тұрып, өзара алмасады.

Батыста көптеген ғылыми және оқу басылымдырында мемлекеттікк ретттеудің 4 негізгі мақсатарға бөлінеді:

1) Жұмыссыздықты миницизилация

2) Бағалар тұрақтылығы

3) Ішкі өнімнің өсу қарқ-ң қамт-сыз ету

4) Сыртқы эк-қ тұрақтылығы

МР-ң осы негізгі мақсатынн әртүрлі 2-ші деңгейдегі мақсаттар шығады. Оларға

• табыс артуына ж/е бәсек-ң дамуына жағымды жағымды институтционалды жағдайларды жасау.

• Эк-қ өсуді ынталандыру,

• ЭТПроцесзациясы, экономикалық циклді реттеу.

• Әлем нар-да ұлттық өндірушілердің жоғары бәсеке қабілеттілігін қам-сыз ету

• Сыртқы эк-қ тұрақтылықты қам. ету.

Ұлттық шаруашылықтағы ЭМ негізгі бағыттарына және ұлттық нарықта тұрақтылықты қалыптастыруға жалпы және жеке элементтер бойынша өндірістік күштеу жүйесін реттеу, экономикалық меншік қатынасын реттеу жатады. Дамыған нарықтық экономика жағдайын мемлекет өзінің мақсаттарын іске асыру үшін экономикалық және экономикалық емес фактор болатын жалпы заттар жиынын қолданады. Оларға келесі құралдар жатады:

1) әкімшілік- құқықтық құралдар

2) мемлекеттік қаржылар

3) ақша- несиелік құралдар

4) сыртқы экономикалық құралдар

1. Әкімшілік құқықтық құралдар деп негізгі экономикалық тұақтылықты қалыптастыруға бағытталған құралдарды айтамыз. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығында енгізілген шаруашылық құқық бар.

2. Мемлекеттік қаржылар батыстың барлық елдерінде мемлкеттік реттеудің негізгі құралы ретінде мем-к қаржылар болады, яғни дамыған елдердің 1/3-1/2 ЖҰӨ қайта бөлетін мем-к бюджеттің ж/е әлеуметтік сақтандыудың орталықтандырылған қорларын қалыптастыру ж/е қолдануға бай-ты құралдар.

3. Ақша-несиелік құралдары:

- Орталық эммисиялық бағыты есеп ставкасының өзгеруін, яғни ортаылық банктің, жеке меншік банктердің коммерциялық вексельдерді сатып алу кезінде процентін өзгерту

- минималды резервтер нормасының өзгеруі қор. нарықтағы операцсялар, яғни орталық және коммерциялық банктер арасындағы болатын мемлекеттік бақылау аппораттарын сату, сатып алу. Ақша-несиелік құралдар көлемімен мемлекет Орталық банк негізінде ақшалай және несиелік көлеміне ықпал етеді.

4. Сыртқы экономикалық құралдар.

Батыс елдердің сыртқы эк-қ қатынастардың әртүрлі жағдайларына әсер етуді (саудаға, капитал миграциясына, жұмысшыкүшіне). Оған кеден және отандық импортерлерге салықтық жеңілдіктер, шетел инвесторларына нарықтық жеңілдіктер шетелге жұмысшы қүшін тартуға негіздеген квоталар, валюталық биржаларда айырбас курстарды тұрақтандыруға бағытталған. Орталық банктің ұлттық валютаны сатып алу сатуға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет