2 Дәрістер №1 Білім беру - жоғары мектеп психологиясының негізгі объектісі ретінде Жоспар:
1.Нарықтық қоғамдағы білім беру мен тәрбиенің мақсаты.
2.Мамандарды кәсіби даярлау жүйесіндегі білімнің алатын орны мен рөлі.
3.Білім берудің психологиялық принциптері мен негізгі тенденциялары. 4.Индивидуалдылық, дербестілік, рационалдылық жэне белсенділіктің қалыптасуы.
1. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан реформада білім жүйесінің барлық деңгейі және бүгінгі күннің талаптары жан-жақты қарастырылған. “Білім туралы” Заң тиімді білім жүйесін қалыптастыру, кәсіби білімді жандандыру, білім кеңістігінде қоғамдық қатынастарды заңнамалар арқылы реттеуді жетілдіру, барлық білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оқыту үрдісін әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыру жағын көздейді. Жаңа нормаларға сәйкес Қазақстанда төрт деңгейлі оқытуды жеті деңгейлі білім жүйесі алмастырады. Бастауыш, негізгі орта және ортадан кейінгі білім деңгейлері енгізілді. Келесі жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қарастырылып отыр.
2. Елімізде білім жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай отырып, жаңаша дамыту жолдары да қарастырылған. Атап айтар болсақ, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі белсенді түрде енгізіледі, жоғары мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады; жоғары кірісті экономикалық қызметте жаңа білім мен технология трансформациясы үшін жағдайлар жасалады; білім беру мен ғылымның байланысы нығайып, әрі кеңейе түседі; шетелдік әріптестермен үздіксіз білім алуға байланысты тәжірибе алмасулар жалғасын табады.
Отандық білім қызметінің мақсаты жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және жас буын өкілдерін кәсіпке баулу бұл азаматтардың біліми әлеуетінің нығаюына әкеледі.
Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиеттерін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.
Жоғары білімді әрі қарай жетілдіру қазіргі қоғамдағы жоғары оқу орындарының рөлін жан-жақты ойластырумен тікелей байланысты. Бүгінде университеттер мамандар даярлаумен қатар, олардың көпшілігі экономиканың нақты секторларына қатыса алатын жаңа ғылыми идеялар орталығына айналып келеді. ЖОО-лар біршама академиялық еркіндіктерге ие, ғылыми-зерттеулер белсенді сипат алды, ғылымды қаржыландыру ұлғайтылды, академиялық ұтқырлық дами түсті. Қазақстан жоо-ларында білім алғысы келетін талапкерлер өз елімізде ғана емес, шетелдік студенттер арасында да артып отыр. Бұл білімді реформалауға жасалған қадамдардың нәтижесі деп білеміз.
Қазақстан ЖОО-лары жаңа, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономиканы құруға өзінің қомақты үлесін қосу үшін талпыныстар жасауда.
Университеттік стратегияның негізгі басымдықтары: интеллектуалдық әлеуетті толық әрі жан-жақты пайдалану, ғылыми базаны жетілдіру және кеңейту, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда ғылым мен техниканың тың жетістіктерін қолданысқа енгізу, университет ғалымдарының жаңа ғылыми-әдістемелік зерттеулерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Басты бағыт – оқу үдерісін басқарудың үйлесімді қағидаттарын орнықтыру, сол секілді экономиканың түрлі құралдарына, сондай-ақ білім беру мен әлеуметтік салалар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау үшін сапа менеджментіне басты назар аудару. Тұтастай алғанда, осы күні ЖОО жүйесінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасы жоғарылады, студенттер саны арта түсті, жоғары кәсіптік білімнің жаңа стандарттары дайындалды, кадрлар әзірлеуді біртіндеп әлемде жалпы қабылданған модельге (бакалавр, магистр PhD докторы) көшіру жүзеге асырылуда.
Еуразия ұлттық университетінің сапа саласындағы саясаты білім қызметін қамтамасыз етуге бағытталады. Ол бойынша әлемдік академиялық қауымдастыққа ықпалдасу; білім және ғылым саласында көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігі; оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби біліктілігі; тұтынушылардың білім сапасына қанағаттануы; бітірушілердің еңбек рыногында сұранысқа ие болуы; өзара пайдалы халықаралық әріптестік орнату, т.б. секілді кешенді міндеттер шешілуге тиіс.
Жоғары білікті мамандар даярлау мәселесін шешуге араласа отырып, университет жетекшілігі жоғары кәсіби білімді сақтаудың сапасын арттыруға, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, инновациялық технологияны енгізуге баса назар аударады. Алға қойылған міндеттерге сәйкес білім ордасының білім сапасы саласындағы саясаты жетілдіріліп, мақсаты нақтыланған болатын. Мұнда білім қызметін тұтынушылардың талап-тілектері және басқа да мүдделері ескеріліп отырады.
Еліміздің ЖОО бүгінде халықаралық деңгейдегі білім қызметін көрсетуге, көшбасшылық етуші академиялық институттар мен орталықтарды Қазақстанға тартудың алғышарттарын құруға үндеп, әрқайсысы өзінің ғылыми әлеуетін заман талаптарына сай қалыптастыруға тиіс.