Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда, ғылыми кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді,ғылыми кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
ҚР-ның 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңына тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сай тереңдетіп,салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейдің басты ерекшелігі ақылой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып,оларды жоғарғы оқу орнына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында.
Достарыңызбен бөлісу: |