Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені психология барлық мамандықтағы магистранттарға арналған



бет15/47
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57449
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнында тұлға психологиясы және студенттік ұжым туралы оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.
Дәріс жоспары
1.Тұлға - психологиялық категория ретінде. Тұлғаның дамуы. Тұлғаның психологиялық, әлеуметтік жэне биологиялық сипаттамалары.
2.Студенттік кезеңнің жастық-психологиялық ерекшеліктері. Студенттердің әлеуметтік бейімделуі. Студент тұлғасының типологиясы.
3.Топ және ұжым туралы түсінік. Жоғары оқу орнында студенттік ұжым қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Студенттік ұжымдағы тұлғааралық қатынас құрылымы.
1.
«Жеке тұлға» түсінігі жан-жақты зерттеліп келе жатқан мәселелердің бірі. Бір ғана адамды «жеке тұлға» дегеннің өзі дұрыс па, әлде «пенде», «кісі», «тұлға», «дара тұлға» деп атау қажет пе деген мәселелердің өзін саралауда ортақ тұжырым жоқ.
Қазақстанның педагог-зерттеушілері «личность» деген ұғымды әртүрлі мағынада қолданып жүр: «жеке бас» (Н.Қойшыбаева, т.б.), «жеке адам» (Н.Намазбаева, М.Н.Мұсабаева, Ж.БСәдірмекова, Г.К.Нұрғалыева, т.б.), «жеке тұлға» (С.Қ.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, Қ.Бөлеев, К.Бұзаубақова, т.б.), «кісі» (Н.Жанділдин, т.б.), «дара тұлға» (М.Жадрина, Ж.Дәулетбекова, т.б.).
Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектерді сараптау барысында, жеке тұлға туралы жетпістен аса анықтама бар екендігін байқауға болады.
Жеке тұлға туралы кейбір арнаулы бағыттар төңірегіндегі анықтамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың анықтамалары бойынша төмендегідей екі түрлі талдаудың бағыты айқындалды:

    1. Жеке тұлға – қоғамдық қарым-қатынас нәтижесі, әлеуметтік қатынастағы іс-әрекеттер жиынтығы;

    2. Жеке тұлға – адамның қайталанбас, жеке бас қасиеттерінің жиынтығы.

Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандығынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С.Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары – мәдени және төменгі – табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С.Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі – оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, М.З.Неймарк, т.б.). Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамыиды. Тұлға – бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып – нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы – механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С.Выготскийдің: «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ...», - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, баланың тұлғалық дамуы – оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Сонымен тұлға – бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынасқа қалыптасып отырады.
Кеңес психологиясында адам тұлға деп – қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға – қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен қатар Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипатталған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адам биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтогенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.
А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы – оньогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы – индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар тұлға – белсенділігімен сипатталады, яғни субъект өз шектуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер – қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.

Тұлғаның жеке даралық құрылымы оның кәсіби қарым–қатынас ерекшеліктерін анықтайды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет