Нейролингвистикалық бағдарлама (НЛБ)жадыда ақпарат қабылданып, сақталатын сенсорлық каналдың (визуалды, аудиальды, кинестетикалық) модальдігін қарым-қатынастың негізгі компонентімен арттырады. НЛБ-да өткенді мәселелердің емес, ресурстар көзі ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды, ол психотүзетулік жұмысты прогрессивті жүргізуге мүмкіндік береді.
2. ЖОО-ның оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетіндегі кәсіби біліктілігі педагогикалық ситуациялардың анализі негізінде педагогикалық міндеттерді қалыптастыру мен оларды шешудің оптималды әдістерін табу ептілігінен көрінеді. Студенттермен жұмыс барысында педагогпен шешілетін жағдайлардың барлық түрлерін алдын ала сипаттап беру мүмкін емес. Жаңа жағдай туған сайын, өзіндік ерекше және тез өзгеретін шешімдер қабылдауға тура келеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды сипаттамаларының бірі оның шығармашылық сипаты болып табылады.
Педагогикалық қабілеттер құруда және сәйкес педагогикалық іс-әрекетте келесі компоненттерді бөліп көрсетеді: құрылымды (конструктивный), ұйымдастырушылық, коммуникативтік және гностикалық.
Құрылымдық қабілеттер тактикалық мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді: курсты құрылымдау, жеке бөлімдер үшін нақты мазмұнды таңдау, сабақтарды өткізу формаларын таңдау және т.с.с. жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесін құру мәселелерін шешу күн сайын әр педагог практикке жүктеледі. Педагогикалық шеберліктің бірнеше компаненттерін бөліп көрсетуге болады (Д.Аллен, К.Раин). мына микрокесте элементтері педагогикалық іс-әрекетті меңгеру деңгейінің көрсеткіштері ретінде қызмет көрсете алады:
Оқушыны ынталандыруды түрлендіру (негізінен, оқу материалын монологиялы, бір сарынды мәнерде баяндаудан бас тартудан, оқытушының аудиторияда өзін еркін ұстаудан және т.с.с. көрінуі мүмкін).
Қызығушылықты әсерлі бастама арқылы ояту.
Сабақ нәтижелерін немесе оның жеке бөліктерін педагогикалық сауатты қорытындылау.
Үзілістерді (паузаларды) немесе коммуникацияның вербалды емес құралдарын қолдану (көзқарас, мимика, жест).
Жағымды және жағымсыз қосымшалар жүйесін шебер қолдану.
Жетекші сұрақтар мен тексеруші сипаттағы сұрақтардың қойылуы.
Оқушыны оқу материалын қорытындылауға итермелейтін сұрақтардың қойылуы.
Шығармашылық белсенділікті ынталандыру мақсатында дивергентті типтегі (бағыттан тайған) тапсырмаларды қолдану.
Студенттердің ақыл-ой жұмысына кірісу дәрежесін, зейінін шоғырландыруын оның әрекет-қылығының сыртқы белгілерінен анықтау.
Мысалдар мен иллюстрацияларды қолдану.
Қайталау амалын қолдану. Ұйымдастырушылық қабілеттер негізінен тек студенттерді оқыту процесін ұйымдастыру үшін ғана емес, сондай-ақ оқытушының жоғарғы мектепте өзін-өзі ұйымдастыру іс-әрекеті үшін де қызмет етеді. Ұзақ уақыт оларға бағынушылық роль берілген еді: Жоғарғы мектепте мамандарды дайындау жағдайлары дәстүрге сай өзгертілмеді, ал студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда таңдау уақытпен тексерілген және меңгерілген формалар мен әдістерге жасалды. Айтпақшы, гностикалық және құрылымдыққа қарағанда ұйымдастырушылық қабілеттер жастың ұлғаюымен төмендейтіндігі анықталды.
Оқытушының студенттер мен басқа оқытушылармен байланыс орнатудың жеңіл болуы, сондай-ақ бұл қарым-қатынастың педагогикалық мәселелерді шешу тұрғысынан нәтижелілігі қарым-қатынастағы коммуникативтік қабілеттер мен жауаптылықтың даму деңгейіне байланысты болады. Қарым-қатынас тек білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бірлескен іс-әрекетке ынталандыру, қызығушылықтарды ояту, эмоционалды жұқтыру қызметін де орындайды.
Қарым-қатынастың студенттерді тәрбиелеудегі бірлескен іс-әрекетпен қатар шешуші ролі осында. Жоғарғы мектептің оқытушылары енді ғылыми ақпаратты тасымалдаушы және беруші ғана емес, сол сияқты студенттердің танымдық әрекеттерінің, олардың өздік жұмыстарының, ғылыми шығармашылығының ұйымдастырушылары да болуы керек.
Жоғарғы мектеп студенттерінің қалыптасып даму процесін басқару үшін олардың әрқайсысының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін дұрыс анықтау, олардың шығармашылығы мен өмір жағдайларын мұқият талдау, жақсы қасиеттерін өңдеу мүмкіндіктері мен перспективалар қажет. Психологиялық білімдерді қолданбастан студенттердің табысты кәсіби іс-әрекетіне қажетті жан-жақты дайындығын шыңдау, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін, түлектердің мамандануы мен жоғарғы мектептің оқу бағытын ескере отырып, теориялық және практикалық дайындықтардың бірлігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл негізінен қазіргі өмір жағдайларында,қоғамдағы кризис жағдайларында аса маңызды болып келеді.
Гностикалық компонент – бұл оқытушының оның кәсіби іс-әрекетінің негізін құрайтын білімдер мен ептіліктер жүйесі, сондай-ақ оның нәтижесіне ықпал ететін танымдық іс-әрекеттің белгілі бір белгілері. Ақырғыларына гипотезаларды тексеру мен құру, қарсылықтарға сезімтал болу, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалау жатады. Білімдер жүйесі дүниетанымдық, қоғамдық-мәдени деңгейлер менарнайы білімдер деңгейінен тұрады.
Негізінен танымдық іс-әрекеттің негізін, яғни жаңа білімдерді меңгеру іс-әрекетін құрайтын білімдер мен ептіліктер педагогикалық қабілеттердің гностикалық компонентінің маңызды құраушысы болып табылады.
Гностикалық қабілеттер оқытушы іс-әрекетінің негізін құраса, педагогикалық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетудегі анықтаушылары болып, жобалаушы немесе құрылымдық қабілеттер болып табылады. Бұл қабілеттерді жүзеге асырудың психологиялық механизмі оқу-тәрбие процесін ойша жобалау болып келеді.
3. Жоғары оқу орны мен мектептің бүгінгі сабақтастығы бұрынғыдан да артып отыр. Бұрын мектепті тек педагогикалық практика өткізу базасы, кәсіби бағдарлану бойынша жұмыс жүргізу деген бағытта қабылдасақ, енді жаңа әлемдік стандарттарға сай оқу жүйесіне мектептердің тездетіп өткізуге байланысты мәселелерді нақты шешу кезеңі келді. Соның бір көрінісі ЖОО-ғы оқу кредиттік оқу жүйесі секілді мектеп жүйесі де осы салаға ерте араласып, ғылыми-практикалық қолданбалы зерттеулерге атсалысуы керек, осы бағытта бағдарламалар жасалуы қажет. Екінші бір негізгі мәселе, білім саласына (мектепке дейінгі, мектеп, ЖОО) практикалық психологияны ендірумен байланысты. Практикалық психология білім берудің әлеуметтік практикасы ретінде туындауда, әсіресе, білім жүйесін басқару саласында, мұғалімнің психологиялық мәдениетінің негізін қалауда көп жұмыстар атқарылуда.
Мектепке көмек ретінде интернет-конференциялар ұйымдастыру, Қазақстанда білім саласының практикалық психологтар федерациясын құру мәселесі де өте маңызды. Сондықтан төмендегідей ғылыми практикалық секциялар құру қажет болады: кәмелетке жетпегендердің психологиялық әлеуметтік проблемалары, психодиагностика, білім саласындағы когнитивті психология, жоғары оқу орындарындағы практикалық психологиямен мектепті байланыстыру, тәуелді болу психологиясы, мектептегі практикалық психология қызметі, дарындылық пен шығармашылық психологиясы, тұлғаны дамыту психологиясы, зерттеуші-оқыту психологиясы, психологиялық және педагогикалық тестілу, психологиялық мәдениет және білімдегі қауіпсіздік, мүмкіндіктері шектелген балалардың психологиялық адаптациясы.
№3 Оқыту үдерісінің психологиялық құрылымы