Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені психология барлық мамандықтағы магистранттарға арналған



бет13/47
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57449
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінің психологиялық құрылымы туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.
Дәріс жоспары
1.Педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық кұрылымы. Оқу - іс-әрекет ретінде. 2.Оқудың негізгі факторлары мен заңдары. Оқытудың тиімділігі мәселесінің эволюциялық тұрғылары.
3.Оқытудың кұрылымдык үдерісі - дидактикалық жүйе ретінде. Оқытудың құрылымдық үдерісі - психологиялық жүйе ретінде.
1. Оқу процесінде қолдануда басқару оқытудың берілген нәтижелеріне жету үшін оқытушының студенттер ұжымына және жекелей студентке жүйелі, мақсатты түрде ықпал етуін білдіреді.
Басқару – бұл процестің оның табиғатына кері ағымын тездету, не басып тастау емес, керісінше, процестің табиғатын барынша ескеру, процеске оның логикалық ағымымен әр ықпалды сәйкестендіру.
Оқу процесін басқаруды айрықша белгілері келесідей болады:

  • әрқашанда күрделі реттеумен өзгешеленетін саналы және жоспарлы ықпал ету;

  • басқаратын жүйе бөлігі (оқытушы) мен басқару обьектісі (студент) арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуы;

  • динамикалық немесе басқаратын жүйе бөлігінің бір сапалық қалыптан екіншісіне өтуге қабілеттілігі;

  • сенімділік, яғни, басқару жүйесінің берілген қызметтерді процесс ағымының белгілі бір жағдайларында орындау қабілеттілігі;

  • тұрақтылық – жүйенің түрлі сыртқы және ішкі қарсылықтарға қарамастан белгіленген траектория (қозғалған дененің жүріп өткен жолы) бойынша қозғалысын сақтау, қызмет етудің белгіленген тәртібін ұстану қабілеттілігі.

Басқару процесі басқарудың көптеген циклдерін бір уақытта бірізділікпен орындаудан туындайтын циклдық және үздіксіз ретінде көрінеді. Басқарушылық цикл мақсаттарды бекіту мен міндеттерді анықтаудан басталады да, оларды шешумен, қойылған мақсаттарға жетумен аяқталады. Қандай да бір мақсатқа жеткен соң жаңа мақсат қойылады да, басқарушылық цикл қайталанады. Мақсат - әрекет – нәтиже – жаңа мақсат – үздіксіз басқарушылық процестің кестелік бейнесі осындай. Ол ғылыми және оқу-тәрбиелік процестерге қолданбалы.
Оқу процесін нәтижелі басқару белгілі бір талаптарды орындауда мүмкін болады:

  1. оқыту мақсаттарын қалыптастыру;

  2. басқарылатын процестің бастапқы деңгейін (қалпын) орнату;

  3. оқыту процесінің негізгі өтпелі жағдайларын қарастыратын әрекеттер бағдарламасын құру;

  4. оқыту процесінің жағдайы туралы (кері байланыс) белгілі бір өлшемдер бойынша ақпарат алу;

  5. кері байланыс каналы бойынша алынған ақпаратты қайта өңдеу, оқу процесіне түзету жұмыстарын енгізу және құру.

Басқару процесіндегі оқытушының міндеті басқарылатын процесс жағдайын өзгерту мен оны алдын ала белгіленіп қойған деңгейге жеткізуден тұрады. Қатаң түрде айтқанда, оқу процесін басқару осы процестің әр қатысушысының орнын, оның функцияларын, құқығы мен міндеттерін анықтауды, оның өз міндеттерін барынша жақсы орындауына жағымды жағдайлар туғызуды қарастырады.
Оқу процесінде қолданылатын кері байланысты жүзеге асыру екі мәселенің шешімін табады:

  1. кері байланыс мазмұнын анықтау – оқу бағдарламаларын құруда база үшін қабылданатын оқытудың психологиялық теориялары мен оқыту мақсаттарының негізінде бақыланатын сипаттамалар жиынтығын анықтау.

  2. кері байланыс жиілігін анықтау.

Н.Ф.Талызина ерекше атап көрсеткендей, оқытудың басқару жүйесі ретінде өзіндік ерекшелігі негізінен ең алдымен оқу, меңгерудің басқарылатын процесі - әрқашанда нақты бір тұлғамен жүзеге асырылатындығынан тұрады. өзіндік факторлардың көптүрлілігі мен күрделілігі сондай, негізгі оқу бағдарламасын құруда олар әрқашан да есепке алына бермейді. Жаппай оқытуда ең жақсы жағдайда негізгі бағдарлама студенттердің белгілі бір тобы үшін типтік ерекшеліктердің тек кейбір жүйесіне бейімделуі мүмкін. Ал нақты студенттер тобын оқыту процесінде оларға қойылған мақсатқа тезірек жетуге мүмкіндік беретін қандай да бір қосымша ерекшеліктер анықталуы мүмкін.
Білімдерді меңгеруді басқару процесінде оқытушыға студенттердің фактілерді салыстырып қорытындылауды, қорытынды шығаруды, алынған мәліметтерді сыни тұрғыдан талдауды үйренді ме жоқ па анықтауы; олар оқулық материалын қалай меңгергенін, олардың меңгеруге уақыттары жете ме жоқ па және т.б. білуі керек. Нәтижелі оқыту процесін жүзеге асыру үшін оқыту процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің процесі ретінде қарастыратын теория қажет.

ЖОО оқыту мен тәрбиелеу жеке тұлғаның кәсіптік тәжірибемен, сапамен, өзіндік дамуымен және қалыптасумен қамтамасыз етуге міндетті. ЖОО оқыту мен тәрбиелеу студенттің жеке тұлға ретінде максималды дамуына, яғни толық жағымды өзгеріс процесіне, сапаның қалыптасуына, тәжірибесіне әсер ету.


Психология кәсіптік оқыту мен тәрбие жұмысында студенттердің жоғары білім алудың әр деңгейінде оқу- тәрбие процесінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді қарастырады.
Жеке тұлғаның кәсіптік дамуында екі негіз бар: іс-әрекеттің операциялық жағының қалыптасуы (кәсіптік білім, дағды, ойлау және іскерлік) және жеке бас сферасы (мотивтер мен қызығушылықтар, кәсіптік сапа және т.б.).
Оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға екі субъект қатысады:
Оқытушы алдына педогогикалық мақсат қойған, осы мақсатқа жету жолында әдіс – тәсілдерді, қорытындыны талдап, әрекетін нақтылап, оқытудың нәтижелі болуына жан –жақты қатысады.
Студент оқыту мен тәрбие процесіне өзіндік көзқараспен қарап активтілік немесе пассивтілік білдіреді. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмыстары олардың жалпы іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Студенттерді тәрбиелеу – бұл олардың психикасына әсер ету және жеке тұлғаның қасиеті мен сапасын, бағыттылығын, саналығын, жауапкершілік сезімін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, тәртіптілігін, өзіндік дамуын, өзіндік сынының және т.б. қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекет.
ЖОО оқу – адамның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі. Әлеуметтену – бұл қоғамның өмірлік шарттарына сай жеке тұлғаның қалыптасу процесі.
Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары:
Анкеталау, әлеуметтік сұрау арқылы олардың қызығушылығын және құндылық бағдарларын анықтау.
Көркемөнерпаздық ұжым және қызығушылық бойынша бірлестіктер жұмысымен қамтамасыз ету.
Еліміздің мәдени өмірі, киномотограф, көркем әдебиеттер жайлы мәлімет беру.
Студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ЖОО-ң білім беру процесінің бірлігі жағынан өзара байланысты. Әрбір ЖОО студенттерді тек қана біліммен қаруландырмайды, сонымен қатар кәсіптік дайындық пен жан –жақты дамуына үлкен үлес қосады. Одан арғы оқыту (магистратура, аспирантура т.б.) жеке тұлғаның дамуында ерекше орын алады.
Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық бірілігің мағынасы негізінде жеке тұлғаның бағыттылығын, мінез-құлқы, дүниетанымы, студенттің адамгершілік қасиеті, ақыл-ойының дамуы, эстетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Оқыту мен тәрбиелеу барысында студенттердің жас ерекшелігін әлеуметтік – психологиялық және индивидуалды қасиеттерін, оқуға деген көзқарастарын ескеру қажет. Студенттердің өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік білімін жетілдіруді активтендіру ЖОО болашақ маманды дайындап шығарудың бірден бір көзі. ЖОО оқыту мен тәрбиелеудің спецификасы:
ЖОО бітіргеннен, кейінгі қажетті іс-тәжірибелік білім беру;
Студенттердің жас ерекшелік, әлеуметтік –психологиялық және индивидуалды қасиеттерін ескеру;
Оқыту мен тәрбиелеудің кәсіптік бағыттылығы;
Оқытудың ғылыми, қоғамдық және өндірістік іс-әрекетпен байланыстыру.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студент белсенді болу қажет. Тәрбиеші оқу –тәрбие процесіне ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар келешектегі жұмысына қажетті іс-әрекетін, дағды мен ікерлігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру керек.
Студенттің шығармашылық белсенділігі репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Яғни, өз алдына бір мәселе қойып, оның шешілу жолын іздестіріп, оптималды жолын тандау.
Болашақ маманның игерген қасиетін осы қасиеттерін даму заңдылқтарын, оқу –тәрбиелеу міндетін нақты анықтаған жағдайда ғана оқытушы оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына жетіп даму бірлігін қамтамасыз етеді.

4 Танымдық іс-әрекет психологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет