Мазмұны 1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Магистранттардың өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ Агнозия- қабылдаудың бұзылуы. Көру агнозиясы, тактильді, және есту агнозиялары болып бөлінеді.
Аграфия –сөйлеудің ауытқушылығына байланысты туындайтын жазудың бұзылуы.
Агрессия- адамдардың қоғамда өмір сүру ережелеріне қарама-қайшы келетін деструктивті тәртіп.
Адаптация- баланың әлеуметтік ортаға белсенді бейімделудің үздіксіз үрдісі.
Алалия – балалардың қалыпты есту және интеллектісінің сақталу жағдайында сөздің дамымауы немесе болмауы.
Алексия- оқи алмау немесе бұл үрдісті мүлдем меңгере алмау.
Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.
Аутизм- баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасының бұзылуы және баланың өз күйзелістері әлеміне үңілуінде бейнеленетін психологиялық жатсынудың шекті формасы.
Әсер ету-ақпараттың бір адамнан екінші адамға мақсатты түрде ауысуы.
Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.
Белсенділіктің органикалық жүйесі- жануарлардың мінез-құлық белсенділігінің әдістері мен формасын белгілейтін түсінік.
Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.
Госпитализм- бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы.
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Детерменизм- психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.
Депривация – баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу.
Детерменизм- психикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын түсіндіру.
Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.
Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.
Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер.
Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.
Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі.
Интервьюрер- интервью немесе сауалнаманы жүргізуші адам.
Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.
Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.
Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.
Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.
Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/
Индикатор – объект жайлы информация таситын сигнал белгілер.
Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас– эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі.
Күй немесе шарт – тәуелсіз өзгергіштікті беру формасы.
Креативтілік- адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері.
Қабілеттіліктер – оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ерекшелік.
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.
Морфология- форма, құрылыс дегенді білдіреді.
Мән- пайымдаудың көмегімен жеткен мазмұн.
Метамотивациялық қажеттер- жоғарға құндылықтыр: әділеттілікке, әдемілікке, шындыққа қажеттілік.
Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.
Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.
Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.
Моль- берілген заттың қасиеттерінің санын белгілейтін мөлшер.
Молярлық бірлік- бүтіннің бірлігі.
Негативизм- қоршаған адамдадың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық.
Невроз- жүйке психикалық ауытқулардың кең тараған түрі.
Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет.
Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.
Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Педология- 19-20 ғ. пайда болған психология мен педагогиканың ағымы.
Психикалық даму диагностикасы-психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және индивидуалдв даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.
Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.
Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.
Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.
Респондент- сұраққа жауап беретін адам.
Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.
Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.
Стандарт- (ағылшын сөзі- үлгі, эталон) дегенді білдіреді. Басқа өзі тектес объектілерді салыстыру үшін қолданылады.
Сенсорлы-сезетін, сезімдік, түйсікке байланысты ұғымдар.
Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.
Теория- ғылыми принциптер жүйесі.
Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.
Таңдау-зерттеуге қатысушылардың құрамы.
Таңдап алу- белгілі бір мақсатқа байланысты іріктеу.
Тонус- өмірлік белсенділіктің дәрежесі.
Теория-ғылыми принциптер жүйесі.
Физиология- ағзаның, оның жасушалары, мүшелері мен функционалды жүйелердің қызметі жайлы ғылым.
Филогенез- жануарлар тәртібі мен психиканың тарихи дамуының қалыптасу үрдісі.
Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.
Іс-әрекеттің индивидуалды стилі- іс-әрекетті орындаудың психологиялық әдіс-тәсілдерінің ерекше, индивидуалды, тұрақты жүйесі.
Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.
Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.
Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы. Эгоцентрлі сөйлеу –формасы бойынша сыртқы және мағынасы бойынша ішкі, яғни өзіне бағытталған сөйлеу.
Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.