ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-16.1.66/02-2014
|
ПОӘК
« Саяси психологиясы»
студенттерге арналған пәннің бағдарламасы
|
Басылым №1
18.09.2013 ж. орнына
Басылым №2
05.09.2014ж
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕНІ
«САЯСИ ПСИХОЛОГИЯСЫ»
5В050300 – «Психология» мамандығы студенттеріне арналған
СТУДЕНТКЕ арналған пәннің бағдарламасы
Семей 2015
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы “Психология” кафедрасының пед. ғылымының магистрі, аға оқытушы________ К.С.Адильжанова
« 05 » 09 2014 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында.
« 05 » 09 2014 ж. Хаттама №1
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.С.Сатиева
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті оқу-әдістемелік бюросының отырысында
« 09 » 09 2014 ж. Хаттама №1
Төрағасы ___________ С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
« 11 » 09 2014 ж. Хаттама №1
ОӘК ___________ Г.К.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНПЗІЛДІ
Мазмұны
1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1Оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы мен мазмұны
1.3 Пәнді оқудың мақсаты
1.4 Пәнді оқудағы негізгі міндеттері:
1.5 Оқу нәтижесі
1.6 Курс пререквизиттері
1.7 Курс постреквизиттері
2 Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны
3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
4 курс форматы
5 курс саясаты
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Психология кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, практикалық сабақтар).
Байланыс телефоны – тел.: 634822, № 1 оқу корпусы, кабинет № 1212.
Сабақ өткізу аудиториясы 1201аудитория.
Берілген пән бойынша кредит саны – 3.
Қазіргі Қазақстан қоғамы өзінің даму тарихындағы үлкен өзгерістер кезеңін бастан кешуде. Түбегейлі сапалы өзгерістерге қоғамның барлық саласы ұшырауда, соның ішінде саяси парадигмаларда өзгеруде. Күн өткен сайын қазіргі саяси психологияның проблемалары жұртшылықтың қызығушылығын арттырып өзіне назар аудартуда. Осы фактіні мойындау жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуына түрткі болуда. Жоғары кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты саяси психологияны жоғары оқу орындарында оқылатын өзге пәндермен қатар атауда.
Бүгінгі таңда саяси психология саясаттану мен психология қилысында дамыған пәнаралық білім саласына жатады. Оның объектісі ретінде мемлекеттік институттар мен адамның ерекше іс-әрекеті болып табылатын саясат қарастырылады. Саяси психологияның пәні саясатта болып жатқан сан алуан топтық процестер мен тұлға психологиясының когнитивтік, эмоциялық және мінез-құлықтық аспектілері.
Саяси психологияның зерттеу әдістері саяси ғылымдардағы және психологиядағы әдебиеттерді талдау, мерзімді баспасөз материалдарына контент-анализ жасау, қоғамдық ғылымдар мен психология саласындағы әр түрлі әдістер болып табылады. Саяси психология дербес ғылым саласы болып өз дәрежесіне ХХ ғ. екінші жартысынан кейін ие болды. Алайда ол өзінің түп тамырын ежелгі өркениеттердің жазба ескерткіштерінен, сондай-ақ адамзаттың ұлы ойшылдары және Г.Лебон, З.Фрейд, Г. Лассуэл сияқты ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
ХХғ. 60-жылдарынан бастап саяси психология өзінің дамуындағы жаңа кезеңге тап болды. Ол саясат психологиясы саласындағы жаңа іргелі зерттеулермен тығыз байланысты. Осы уақыттан бастап саяси психология дербес ғылыми пән дәрежесіне ие болды және өз объектісін, зерттеу пәні, міндеттері мен әдіснамасын анықтайды.
Ал Ресей мен Қазақстанда саяси психологияның дамуы мемлекетте болып жатқан күрделі саяси процестер мен әлемдік жаһандану және ықпалдастық процестерімен себептелінеді.
Бұл типтік бағдарламаның құндылығы мазмұнының сапасы, қоғамның саяси өміріндегі психологиялық идеялардың ролі мен мәнін зерттеуге заманауи тұрғыдан келу және нарықтық қатынастардың даму кезеңіндегі саяси реформалардың психологиялық аспектілерін ашуға ұмтылу болып табылады.
1.3 Пәнді оқудың мақсаты
студенттердің қазіргі замандағы саяси психоолгия жөніндегі білімдердің маңызы мен рөлін саналы ұғынуы, таңдаған мамандығы шеңберінде, кәсіби қалыптасуындағы түсінуі болып табылады..
1.4 Пәнді оқудағы негізгі міндеттері:
саяси психологияның өзге ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдары мен әдіснамалық ұстанымдарын анықтау;
саяси психологияның тарихи даму жолын талдау;
қазіргі саяси психологияның негізгі тұжырымдамаларын оқып-үйрету негізінде студенттердің білімдерін жүйелеу;
саяси феномені, саяси жүйенің психологиялық аспектісі мен проблемаларын теориялық және эмпирикалық зерттеу;
саяси сана, саяси мінез-құлқы, саяси мәдениеттің динамикасын зерттеуде психологиялы ғылымдар тұрғысынан келуге үйрету;
студенттердің саяси психология мәселелері жайлы білімдерін өзінің кәсіби іс-әрекеті мен қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік практикасында табысты қолдануға ынтыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |