2. ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІЛЕРІ Кіріспе Статискалық физиканы термодинамика мен салыстырғанда айтылғанымыз материяның жылулық қозғалысының модельдік немесе атомдык теориясы деп саналады. Статистиқалық теорияның негізіне заттың динамикалық моделін пайдаланып, сол моделдің микроскопиялық күйлерінің априорлық ыктималдығын болжайды. Әрі қарай белгілленген теория динамикалық микрожүйенің статискалық теориясы боп белгіленеді, яғни оның карастыратыны динамикалық шамалар мен микрокүйлер емес, тек қана олардың ыктималдығы және орташа мәндері.
Статистакалық физика екі үлкен бөлімдерден құралады: жүйелердің тепе-теңдік күйінің теориясы және тепе-теңдік емес процестердің теориясы. Бірінші жағдайда, термодинамикалық жүйелердің тепетеңдік күйін карастырғанда, статистиқалық физиканың пайдаланатын ықтималдыктар және арташа шамалар уақытқа тәуелсіз болады, ал екінші жағдайда ықтималдық және орташа шамалардың мәндері уақытқа тәуелді болады. Тағыда статистиқалық физиканың басқа екі бөлімін қарастыруға болады. Ол – классикалық және кванттық статистикалық физика.
Классикалық статистикалық физикада термодинамикалық жүйені кұрастыратын атомдар мен молекулалар тек қана механиқалық касиеттерге ие болдыда, яғни тек қана механикалық заңдарына бағынады деп саналады. Бұл жағдайда заттың классикалық мөделі құрастырладыда, соның статистикалық каситеттерін зерттейтін теория классикалық статистика деп аталады. Егерде термодинамикалық жүйені кұрастыратын бөлшектер кванттық касиеттерге ие болса, онда сол жүйенің статистикалық касиет-тернін қарастыратын теория кванттық статистика деп саналады. Термодинамикалық жүйлерде тепетеңдік емес процесстерін зерттеу үшін кинетикалық теорияны пайдаланады. Оларды классикалық немесе кванттық кинетика деп атайды.
Сондықтан, айтылғаннан қортындыны алсақ, статистиқалық физика төрт бөлімнен құралады:
классикалық статистика
классикалық кинетика
кванттық статистика
4. кванттық кинетика
Жалпылай, cтатискалық физиканың негізі американ физигі ДЖ. Гиббстің әдістемесіне орналасқан.