ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/3
Дата18.02.2018
өлшемі0,62 Mb.
#37832
1   2   3

Дәріс № 4

Тақырыбы:Ахроматикалық композициялар.

Ахроматикалық композицияның бейнелеу мүмкіндіктері. Жарықтың өзара әрекеттестігі. Түрлі реңдер ауданының пропорциялық қатысы. Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Толық жарықтық диапазон. Ашық сұр жарықты диапазон. Қою сұр жарықты диапазон. Ахроматикалық бейнелеудегі таңдалған диапазонның көркемдік мүмкіндіктерінің ролі мен мәні.

Көру түйсінуі дүниетану процесінде маңызды орын алады. Адам көру арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстардың көпшілігін түйсінумен бірге оларды дұрысырақ танитын болады. Көру түйсінуі көзге жарықтың әсер етуінен пайда болады. Жарық толқындарының ұзындығын, амплитудасын және формасын айыру қажет. Толқынның ұзындығы (390-нан 800 миллион крон) оның бір секундтағы тербеліс санына байланысты. Тербелістің саны қаншалықты көп болса соншалықты толқынның ұзындығы соншама қысқа болады, керісінше, тербелістің саны азайған сайын толқын да ұзара түседі.

Дүниеде жеті түрлі негізгі түс бар: қызыл, қошқыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Ақ пен қара түске толқынның ешбір ұзындығы сәйкес келмейді, себебі бұл түстер спектрлі түстердің барлығының қосындысынан, не болмаса қосымша түсті пайда болдыратын жұп түстердің қосындысынан пайда болады. Түстің өзінің айқындылығы жарық толқындары тербелісінің амплитудасына, яғни, толқындардың жігерлігімен байланысты (мысалы, қызыл түстің – қызыл, қан қызыл болуы).

Барлық түстер екі топқа бөлінеді. Олар ахроматикалық және хроматикалық түстер. Ахроматикалық түстер: ақ, қара және сұр түстер. Хроматикалық түстер: қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түстер және олардың аралығында кездесетін түстер. Ахроматикалық түстер бірінен-бірі тек жарықтығы арқылы ғана ажыратылса, хроматикалық түстердің үш түрлі қасиеттері болады. Олар түстің жарықтылығы, реңкі және оның қоюлығы. Заттың жарықтылығы оған түскен сәуленің шағылысуымен байланысты. Егер затқа түскен сәуленің шағылысуы қаншалықты көп болса, зат соншалықты жарық болады. Сондықтан түскен сәулені толығырақ шағылыстыратын ақ түс ең жарық түс болып табылады да, басқа түстерден гөрі сәулені өзіне көбірек қабылдап "сіңіретін", яғни, шағылыстырмайтын қара түс болғандықтан, оның жарықтығы мейлінше аз болады.

Түрлі сапалы түстердің бірінен-бірін ажыратудың түстің түрі (тоны) дейді. Мысалы, қызыл, жасыл, қара, көк және т.б. Түстің түрі сәуле толқынның ұзындығымен байланысты. Түстің қоюлығы ахроматикалық түстен спектрлі түске жақындаған сайын қоюлана береді де, керісінше спектрлі түстен ахроматикалық түске жақындаған сайын сұйықтала береді. Қызыл түс – ең қою түс болып есептелінеді.

Табиғи жағдайда біздің көзімізге көрінетін түстер сәуле толқынының бір ғана ұзындығы емес, түрлі-түрлі ұзындығының қосындысы болып табылады, яғни, түрлі түстердің араласып отыруының нәтижесі болады. Ломоносовтың, Гельмгольцтің т.б. ғалымдардың зерттеулерінде түстердің араласуында арнаулы заңдардың бар екені табылған. Оларды түстің араласу заңы дейді.

Түстер араласуының негізгі заңдары бар:

1)     Әрбір хроматикалық түсті өзіне лайықты басқа бір арнаулы түске қосса – ахроматикалық түс пайда болады. Мұндай жұп түстерді қосымша түстер дейді. Олар мыналар: қызыл мен көгілдір (жасыл), қошқыл қара мен көгілдір (сұйық көк), сары мен көк, сарғылт, көк пен күлгін және жасыо мен күрең қызыл;

2)     Қосымша екі түсті қосса, онда осы екі түстің аралығында жататын түстерді табуға болады;

3)     Біріне-бірі ұқсас екі жұп түсті қосса, ол түстердің физикалық құрылысы түрліше болғанымен, олардың қосындысынан пайда болған түстер біріне-бірі ұқсас болады. Түстің бір тобынан пайда болатын сұр түстің басқа топтардың қосындысынан пайда болған сұр түстерден айырмашылығы болмайды.

Көру түйсінуі біздің көзімізге әсер етуші тітіркендіргіштің түрімен, әсер ету мерзімімен, оның кеңістіктегі жағдайымен және бір мезгілде әсер етуші басқа заттардың да сипаттарымен байланысты. Көру түйісуінің заттардың әсер етуші мезгілімен байланысты болуын адаптация құбылысынан анық байқауға болады. Күшті жарықтың көзге түсүі, әсіресе алғашқы бес минуттың ішінде, көру түйсігін бәсеңдетеді. Бірақ көз бара-бара көндіккен соң, оның көргіштігі ұлғая береді, өйткені қараңғыда адамның жарықты сезгіштігі күшті болады.

Көзге көрінетін зат жойылғанмен, оны сезу тез жоғалмайды, оны түйсіну біраз уақытқа дейін созылады. Мұны ілеспе, ергіш бейнелер дейді. Егер ілеспе, ергіш бейнелер жарықтылығы және түрі жағынан алдында болған түйсінуге сәйкес болып келсе, оны жағымды ілеспе, яғни, артын ала пайда болатын бейнелер дейді. Мысалы, қараңғы үйде жанып тұрған жарыққа біраз уақыт қадалып тұрса, жарық өшкен соң да біраз уақытқа дейін жанып тұрған жарық пен оның жарық сәулесі түсіп тұрған зат көз алдында көрініп тұрғандай болатын бейнелер жатады. Жарықтылығы және түрі жағынан алдында болған түйсінуге қарама-қарсы болып келсе, оны жағымсыз не теріс ілеспе бейне деп атайды. Егер 15-20 секундтей ақ фонға қойылған қызыл квадратқа қадалып қарап тұрып, одан кейін назарды ақ тегістікке айдарсаң, күңгірт фонда көгілдір-жасыл квадратты көруге болады. Маңындағы түстердің әсерінен бір түстің өзіне сәкес емес өзгеше түйсіну де пайда болуы мүмкін. Басқа түстердің қоршауындағы түстің мұндай түйсінілуін жарық контрасты дейді. Бұл жарық фонда жарық түстердің жарығырақ болып көрінуімен байланысты.

Хроматикалық контраст заңы бойынша хроматикалық фонда тұрған түс сол фонның түсіне қосымша болып келетін түс жағына қарай өзгереді. Көк фонда түс сарғайып көрінеді де, қызыл фонда жасылданып көрінеді. Әрине, бұл контраст заңын білмейінше, басқа түсті заттар арасында тұрған заттың түсін дұрыс ажырату қиын болады. Көру түйсінулері басқа сезім мүшелеріне бір мезгілде әсер ететін тітіркендіргіштермен де байланысты Заттардың түсі қандай өзгеріп көрінгенмен олардың объективтілік түсі әрқашан да бірқалыпта дұрыс қабылданады. Бұл жағдай идеалисттердің дүниеде объективтілік заттар мен объективтік түстер де жоқ, оларды адам объективтік түрде қабылдамайды, олар адамның субъективтік түйсінуімен байланыты деген түсінігіне қарсы дәлел болып табылады.

Басқа түйсінулер сияқты көру түйсінуінде де қателер болады. Сонымен бірге көздің ауруы, я оның кейбір физиологиялық жетімсіздіктері қалыпты көру процесін де бұзады. Мысалы, кейбір адамдар заттардың түстерін ажырата алмайды. Көбінесе олар қызыл түс пен жасыл түске соқыр болады. Тұрмыста мұндай адамдарды дальтонисттер дейді. Бұлар қызыл, жасыл түстерді жарықтың дәрежесі әр түрлі – сары түс есебінде түйсінеді. Барлық түстерді де ажырата алмайтын адамдар да болады. Көрудің жетімсіздіктеріне жақыннан көрушілік, алыстан көрушілік жатады.

Жақыннан көрушілік (близорукость)— көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл кемістік бөлмеле жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады. Алыстан көрмеушілік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін. Мұндайда көз тез талады; ұзақ уақыт сабаққа дайындалғаннан кейін көзінің түбі сыздап ауырады; көзі бұлдырайды.

Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыниан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.

Адамның дүниедегі заттарды және олардың түстерін ажырата алуы сәуле торының (тор қабық) айрықша құрылысымен байланысты. Сәуле торы – көз алмасының арт жағынан кіретін жүйкелердің тарамдары болып табылады. Жарық – сәуле торын құрайтын көру жүйкесінің ұштарына түсіп оларда химиялық процестер туғызады да, содан барып көру жүйкесін қоздырады. Сәуле торының жарық пен түсті сезетін көру жүйкесінің ұшындағы аппараттарды таяқша мен шақша сияқты болады. Кейбір зерттеулерге қарағанда сәуле торында 130 миллиондай таяқшалар, 7 миллиондай шақшалар бар екен. Бірақ олар сәуле торында біріңғай орналаспаған. Шақшалар сәуле торының ортасында орналасады да шеттеген сайын оның саны азая береді. Ал таяқшалар сәуле торының шеттерінде болады да, ортасына жақындаған сайын тіптен азаяды. Сәуле торының шақшалар шоғырланған ортасын сары дақ деп атайды. Оның орталық шұқыр дейтін нүктесі болады. Заттың сәулесі осы шұқырға түскенде ғана зат дәл және анық көрінеді. Ал заттың сәулесі көз алмасына кірер жеріне түссе, адам еш нәрсені көрмейді. Себебі ол жерде не таяқша, не шақша клеткалары болмайды. Сондықтан ол соқыр нүкте деп аталынады. Егер сол көзді жұмып, оң көбен 30 сантиметрдей аралықтан дөңгелекке қарасақ, крест көрінбей қалады. Бұл олардың суреті соқыр нүктеге түскендігін көрсетеді. Егер суретті сәл ғана жақындатсақ, олар қайтадан көріне бастайды.

Алыстағы және жақындағы заттарды көздің торына дұрыс сәулеледіру үшін көздің хрусталигі я томпайып, я жалпайып отыру қажет. Зат жақындаған сайын хрусталик томпая береді, зат алыстаған сайын жалпая түседі. Көздің мұндай әрекетін аккомодация (лат. аккомодатно – "көз үйрету") дейді. Екі көз бір көздей болып бірлесіп әрекет етеді, заттың суретін көздің сары дағына түсіну үшін олар көрінетін заттарға қарай бұрылады, мұны конвергенция дейді. Бір көзбен көруді – монокулярлық көру, екі көзбен көру бинокулярлық көру дейді. Бинокулярлық көрудің монокулярлық көруден артықшылығы: екі көзбен қарағанда кеңістіктегі заттың көлемдік формасын, орналасуын дұрыс ажыратуға мүмкіндік туады.

Көру түйсінүінің мәнін түсіндіретін осы кезге дейін мәлім бірнеше теориялар бар. Шульц-Крис теориясы бойынша, шақшалар – күндізгі көрудің, таяқшалар – ымырт кезінде көрудің аппараты. Егер таяқшалардың әрекет етуіне сәл ғана сәуле жеткілікті болса, шақшалардың әрекет етуі үшін өте жарық сәуле керек. Сондықтан сәуле торының шақшалары күндіз әрекет етеді де, ымырт түскен соң таяқшалар әрекет етеді. Таяқшалар ахроматикалық түстерді ажыратуға ыңғайланған болса, шақшалар неше түрлі хроматикалық түстерді ажыратуға ыңғайланған.Сондықтан ымырт түскенде біз түстерді ажырата алмаймыз. Бұл теория бойынша, түстерді ажырата алмайтын адамдардың көзінде шақшалар әрекет етпейді. Олар тек таяқшалар арқылы көреді. Егер сәуле торының шақшалары әрекет етпесе, ондай адамдар ымырт түскенде тауық сияқты еш нәрсені көрмейді, не өте нашар көреді. Мұны «тауық соқырлығы» дейді. Түрлі зерттеулерге қарағанда, күндіз ғана көрінетін тауық, кептер сияқты құстардың көзінде таяқшалар болмайды да, түнде ғана көретін байғыз, үкі,жарқанат сияқтылардың көзінде шақшалар болмайды. Осы кезде таяқшалар арқылы көру принципі жеткілікті зерттелді деуге болады.Таяқшаларда қызыл-күрең (пурпур) заттар бар, сәуленің әсерінен оларда болатын

Химиялық процесстер көру жүйкесін қоздырады, содан барып көру пайда болады.

Түстерді ажырату жөнінде Гельмгольц және Геринг теориясы дейтін осы кезге дейін елеулі орын алып келе жатқан негізгі екі теория бар. Гельмгольц теориясы бойынша, біздің көру түйсінуіміз сәуле торындағы әрқайсысы өз алдына жеке түсті сәулелендіретін үш түрлі заттардың фотохимиялық реакцияларынан болады. Гельмгольцтын ұйғаруынша, көздің сәуле торындағы шақша тәрізді жасылды-қызылды күлгінді түйсінетін үш түрлі зат бар. Егер бірінші зат өз алдына дара толық болса, біз қызыл түсті түйсінеміз, екінші заттың басқаларынан тәуелсіз қозуы жасыл түсті түйсіндіреді. Бірақ бұлардың әрқайсысын жеке-дара қоздыра бермейді. Бір дегеннен олардың біреуін, кем дегенде екеуін қоздырады. Сондықтан көзге түскен түрлі толқынды сәуленің бұл үш затты түрліше қоздыруды түрлі түстерді түйсінуге себеп болады.




Дәріс № 5

Тақырыбы: Ахроматикалық композицияның бейнелеу мүмкіндіктері.

Ахроматикалық композицияның бейнелеу мүмкіндіктері. Жарықтың өзара әрекеттестігі. Түрлі реңдер ауданының пропорциялық қатысы. Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Толық жарықтық диапазон. Ашық сұр жарықты диапазон. Қою сұр жарықты диапазон.

Композиция ұғымы өнердің барлық түрлеріне қатысты қолданылатын бейнелеу мүмкіндігі ретінде танылады. Бұл бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн түрлерінің барлығымен байланысы бар ұғым.

Композиция ұғымы бейнелеу өнерінің тарихы, сурет, кескіндеме, сәндік қолөнер, дизайн бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан да композиция бейцнелеу өнерін оқыту шеңберіндегі пәндер мен байланыста болғандықтан, бұл пәндерді оқытьу барысында композиция оқу материалы ретінде қолданысқа түседі. Бірақ композиция ұғымын оқытуға қазірге дейін жеткілікті дәрежеде мән берілмей,ол оқу проблемасы ретінде қарастырылмай келеді.

Композиция және жоғары оқу орындарында арнаулы оқу пәні ретінде танылғанымен оны оқытудың жеке мәселелері әлі де жеткілікті деңгейде зерттеліп болған жоқ.

Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым. Композицияны бейнелеу өнеріне, кескіндеме, графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы айтайын деген ойды жеткізу үшін, жаңа ойды білдіретін көріністі айшықтап алып көрсете білу, көріністегі айтатын ойды аша түсу үшін, қосымша бейнелер беріледі, уақыт пен кеңістік көріністері жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы беріледі.Осылардың барлығы тұтастай әсер еткенде барып суретші ойы жарыққа шығады. Егер шығармадағы көріністер мен осы аталған мүмкіндіктердің бірі кем болса картина ойы ашылабермейді. Композицияны оқу материалдары ретінде қолдану үшін өнертанымдық әдібиеттерді талдау негізінде композицияны бейнелеу мүмкіндіктеріне қарай мынандай топтарға жіктеуге болатындығы анықталды: кескіндеме композициясы, графика композициясы, мүсін композициясы, қолөнер бұйымдарының композициясы деп қарастыруға болады. Композицияны жанрларға байланысты мынандай түрде жіктеуге бөлуге болады: олар, натюрморт композициясы, пейзаж композициясы, портрет композициясы, тұрмыстық жанр композициясы, баталдық жанр композициясы, тарихи жанр композициясы т.б. түрлеріне бөлініп қарастырылады.Композиция ұғымын оқу материалы ретінде қолдану үшін композиция заңдылықтарын мынандай төрт топқа бөлінеді: 1. тұтастық заңы; 2. Үлгі (типизация) заңдылықтары; 3. Қарама-қарсылық (контраст) заңдылғы; 4. Композицияның барлық заңдылықтары мен мүмкіндіктерінің идеялық ойға бағыну заңдылығы.Композицияның бүтіндік заңының сақталуының нәтижесәінде өнер шығармаларындағы көріністер тұтастай қабылданады. Бүтіндік заңының мәні композицияның тұтастығын көрсетеді. Композициядағы идеялық ой бірнеше өмір көріністерінен құралады. Осы бірнеше көріністер бейнелік, логикалық байланыстар арқылы берілген жағдайда идеялық ой тұтастай қабылданады. Бұл көріністер бір-бірімен байланыспаса идеялық ой тұтастықпен көрушіге жете бермейді.

Үлгі заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгілерінің композициядағы іс-әрекет, қозғалыс көріністері, қозғалыссыз тұрақтылық көріністерінің көрсетілуін сипаттайды.

Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, объект пішінің айырмашылын, бейнеленетін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.

Композицияның барлық заңдылықтары мен бейнелеу мүмкіндіктерінің негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы – суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын,ондағы көркемдік шеберлікті байланыстырады.Композицияның маңызын ашатын мүмкігндіктер төртке бөлінеді: олар, ырғақ, композицияның сюжетті ортасы, симметрия және ассиметрия, басты тұлғаның екінші орынға орналасуы.

Ырғақ–композициядағы бейненің кезектесіп орналасуы, олардың белгілі ретпен қайталануы, сонымен қатар ондағы бейнеленген адамдар мен жануарлар көрінісіндегі қимыл қозғалысындағы қайталанулардың және олардың динамикалық ерекшеліктері.

Сюжеттік орталық заңдылығы – өзіне ерекше назар аударатын, композициялық идялық мазмұнды ашатын картинаның басты бөлігі. Сюжеттік аралықта идеялық ойды білдіретін кейіпкер көрінісі немесе зат, табиғат көрінісі берілуі мүмкін. Композициялық ойды ашатыннегізгі көріністермен қатар картинада қосалқы элементтер де болады. Олар идялық ойды толықтыру қызметін атқарады.

Симметрия заңдылығы. Симметрия атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағының, пішінінің, түсі мен реңінің тепе-теңдігін, ондағы элементтердің өзара үйлесімділігін сұңғақтығын қамтамасыз етеді. Симетрия ою-өрнекті бейнелеуде жиі қолданылады. Картиналарда симметриялық бөліну айқын байқалмаса да көріністердің өлшемдері, саны, бояу түстерінің теңдей бөлінуіне жағдай жасайды. Өлшем үлкендігін түс өлшемдерінің қанықтығы т.б. мүмкіндіктері арқылы тепе-теңдікке жақындатылады. Композициядағы бейнелеудің ассиметриялық орналасуы кескіндемені салмағы, пішіні, өңі жағынан тең екі бөлікке бөліп қойғандай әсер қалдырмайды, ондағы бейнелер тынымсыз, бір-бірімен араласып, тепе-теңдік жағынан ауытқып жатады, бірақ шығармадағы жалпы тепе-теңдік композициялық ырғақтылықтың үйлесімді берілуі нәтижесінде сақталады.

Басты тұлғаны екінші орынға орналастыру заңдылғы. Композицияны түйсінудегі психологиялық көңіл күйдің туындауына себеп болатын айқын орталық бола алғанда ғана ондағы басты тұлғаны екінші орынға ауыстыруға болады. Картинадағы бейнеленген кеңістік шартты түрде үш-төрт көріністерге бөлінеді. Алдыңғы көрініс – көрушіге жақын тұрған заттардың немесе адамдардың бейнелері. Ортаңғы көрініс – бұл жақын тұрған көріністерден әрі, картинаның негізгі ойын білдіретін көрінстер. Бұл көріністерді кейде композициялық орталық деп те атайды. Бұл көріністің арғы жағындағы көріністер – ұзақтағы көріністерге жатады. Картинадағы басты тұлға ортаңғы көріністе орналасады. Картинадағы қосалқы ойды білдіретін композициялық элементтер көбінесе соңғы көріністерге беріледі.

Композицияны оқыту екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде оқушыларға композицияның «бүтіндік заңы», «үлгі заңдылығы», «қарама-ақрсылық заңдылығы», «композициялық идеясы», «композиция мүмкіндіктері», «ырғақ (ритм)», «композициялық сюжет», «симметрия және ассиметрия», «басты тұлға», «композициядағы алдыңғы көрініс», «композициядағы ұзақтағы көріністер», «композиция элементтері», «композиция құрылымы», «түстердің композициясы», т.б. түсініктер беріледі. Олар көрнекті түрде картиналарды талдау барысында түсіндіріледі.

Композиция туралы түсініктер беру бейнелеу өнері пәнінің тақырыптық сурет салу сабағында алдымен жеке сабақ ретінде өткізіліп, соңынан бұл түсініктер беру, нұсқаға қарап сурет алу, бейнелеу өнеру туралы әңгіме сабақтарда жалғастырылып, отырады. Себебі композиция заңдылықтарымен оны бейнелеу ержелері, олар туралы білімдер жүйесі оқушының нұсқадан қарап сурет салу, сәндік сурет салу, өнер туындысы туралы талдау жасау үдерісінде қажет болып отыратын іс-әрекеттер.

Композицияны оқытудың екінші кезеңі – оқушыларды колмпозиция құрастыруға үйрету. Композиция құрастыруға үйретудің басы оқушыларға қарапайым геометриялық әр түрлі формаларды кеңістікте орналасукөріністерін шартты түрде бейнелеуден басталып, бағытталған жаттығулар жасаумен қарапайым тақырыпқа композиция жасау іс-әрекеттерін үйретуге аяқталады.

Оқушыларды композиция құрастыруға үйрету жаттығулары мынандай бағдарламамен жүзеге асырылады:

1. Төрт бұрыштарды, үш бұрыштарды, түзудің, шеңбердің бойына бірдей қашықтықта, бірдей өлшемдермен орналастыру жаттығулары;

2. Композициялық орталыққа үлкен шеңбер немесе төрт бұрыш бейнелеп, оның жиегіне, (айналасына) үш бұрыштар немесе төрт бұрыштарды бейнелеу жаттығуларын жасату;

3. Симметрия тақырыбына геометриялық денелерді картина жазықтығының бетіне (қағаз бетіне) оң жағы мен сол жағын тепе-тең етіп орналастыру жаттығуларын жасауға үйрету;

4. Геометриялықденелерді жазықтық бетіне қатал симметрия заңымен емес, ассиметрия зыңдылығын сақтап орналастыру жаттығуларын жасау:

5. Геометриялық формаларды жазықтық бетіне кеңістіктегі көрушіне жақынын (көлемін үлкен етіп) көрушіден алысын (кіші етіп) бейнелеу жаттығуларын орындау;

6. Түстердің ырғағы (ритмі) бойынша алынған композициялар жасау, натюрморт, пейзаж тақырыптарына композиция жасау жаттығулары.

Ұсынылып отырған бағдарлама бойынша алғашқы кезде өмір шындығынан алынған көріністер бойынша бірден сапалы композиция жасау қиындық туғызады. Сондықтан композицияның заңдылықтарын үйретуге арналған жаттығулар геометриялық формаларды құрастыру арқылы жасалғандығының ұтымды болатындықтарын тәжірибелік эксперимент жұмыстары көрсетті.

Қорытындылай айтқанда, композицияны оқытуды бірнеше жаттығулар жасау мен суретшілер шығармалар таныстыру нәтжесінде игерілетін оқу үрдісі емес, ол жүйелі, кешенді, бірізділікпен, ғылыми тұрғыдан негізделген оқыту технологиясы нәтижесінде игерілетін композиция заңдылықтары туралы білімдер мен композициялық бейнелеу икемділіктерінен дағдыларынан құралатын мұғалімнің дайындығын қажет ететін іс-әрекеттер жүйесі ретінде тану қажет.

Дәріс № 6

Тақырыбы: Жарықтың өзара әрекеттестігі.

Түрлі жарықты диапазонда туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру. Хроматикалық реңді түрлі жарықтық диапазондакомпозиция орындау. Қағазға 6 композиция орналасады. Жұмыс барысында қағазда түс шеңберінің жүйесі ескеріледі, яғни қағаз ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі қағаз шеттеріне (қою) қара сұр жарықтың диапазонның форэскиздері орналасады. Орындалған форэскиздер негізінде композициялық эскиздерді орындауға болады.

1. Түрлі жарықтық диапазондарда 2 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

2. Осындай түстердің, 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

3. Әр түрлі жарықтың диапазонда 1 түрдегі 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

4. Әр түрлі жарықтық диапазонда 2 түрдегі 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

Мотиві: Анық сызылмаған геометриялық формалар.
Материалдары: А4 ватман қағазы, гуашь, түлі формадағы, түрлі өлшемдегі қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, колер, палитраны араластыруға арналған ыдыстар.
Әдістемелік ұсыныстар.

Туыстас-контрасты жұптардың төрт тобы бар:

- жылы қызыл және көк жасыл;

- суық қызыл көк және көк жасыл;

- жылы қызыл сары және суық қызыл көк;

- суық көк жасыл және жылы сары жасыл.

Жұптардың бір жағынан жалпы негізгі түстердің санына байланысты туыстық белгілері байқалады.

Туыстас контрасты түстердің арасындағы гармониялық үйлесімі геометриялық сызба түрінде жүзеге асады.

1. Түс шеңберінің аяғында тәк және көлденең хордтардың орналасуы

2. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде тең жақты үшбұрыштың орналасуы.

3. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде үшбұрыштың орналасуы.

4. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде тік бұрышты үшбұрыштың орналасуы.

5. Әр жақтарды екі туыстас контрасты түстерді сипатталған түс шеңберінде шаршы тәріздес қалыптасуы, олардың (түстердің) үйлесімділігі.

Әдебиет:


1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 64-95.

2. Бриловская Л.В. Арт-дизайн: красивые вещи (серия «Стильные штучки», - Ростов н)Д:Феникс, 2004.-256 с., стр. 36-56.

3. Купер М., Мэтьюз А. Язык цвета.-М.: Эксмо, 2002.-144 с.

4. Лилли Саймон и Сью. Сила цвета и цветотерапия: Используйте преобразующие силы света и цвета для здоровья и благополучия /перевод с англ.-СПб.: «ДИЛЯ», 2006, 96 С.

5. Самые важные правила сочетания цветов (сост. С.Бояринова. –М.: Астрель) Полиграфиздат, 2010.-159 с.
Дәріс № 7

Тақырыбы: Түрлі реңдер ауданының пропорциялық қатысы.

Түрлі жарықты диапазондарда контрасты түстердің 4 тобын салу. Хроматикалық реңді түрлі жарықты диапазондарды көрсететін композицияларды орындау. 5х5 см жақты тік бұрышты форматта 6 композиция орналасады. Қағазбен жұмыс барысында түстер шеңберінің жүйесі есепке алынады, яғни – қағаз ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі орналасады, қағаз шеттерінде қара сұр жарықты диапазон орналасады. Орындалған форэскиз негізінде композициялық эскизді орындауға болады.

Ақ және күңгірт түстерді қолдана отырып, түрлі қанық түстердің гармониялық үйлесімін құру.
Материалдар: А4 ватман қағазы, гуашь, түрлі формадағы, түрлі өлшемдегі қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, колер, палитраны араластыру үшін қажетті ыдыстар.

Әдістемелік ұсыныстар.

Контрасты түстер түс шеңберінің қарама-қарсы бөліктерінде орналасқан. Контрасты түстердің гармониялық үйлесімін құруда кез-келген, содан кейін түс шеңбері бойынша оған сәйкес контрасты түсті (міндетті түрде түс шеңбері арқылы) анықтау керек.

Бір реңді гармонияны келесі бір реңді гармониямен үйлестіру қажет (мысалы, түрлі қызыл түсті түрлі жасылмен үйлестіру).

Әдебиет:

1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 58-63.


4. Түрлі жарықты диапазонда туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру. Хроматикалық реңді түрлі жарықтық диапазондакомпозиция орындау. Қағазға 6 композиция орналасады. Жұмыс барысында қағазда түс шеңберінің жүйесі ескеріледі, яғни қағаз ортасына ашық сұр диапазонның форэскизі қағаз шеттеріне (қою) қара сұр жарықтың диапазонның форэскиздері орналасады. Орындалған форэскиздер негізінде композициялық эскиздерді орындауға болады.

1. Түрлі жарықтық диапазондарда 2 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

2. Осындай түстердің, 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

3. Әр түрлі жарықтың диапазонда 1 түрдегі 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

4. Әр түрлі жарықтық диапазонда 2 түрдегі 3 туыстас контрасты түстердің 4 тобын құру.

Мотиві: Анық сызылмаған геометриялық формалар.


Материалдары: А4 ватман қағазы, гуашь, түлі формадағы, түрлі өлшемдегі қылқаламдар, суға арналған ыдыстар, колер, палитраны араластыруға арналған ыдыстар.
Әдістемелік ұсыныстар.

Туыстас-контрасты жұптардың төрт тобы бар:

- жылы қызыл және көк жасыл;

- суық қызыл көк және көк жасыл;

- жылы қызыл сары және суық қызыл көк;

- суық көк жасыл және жылы сары жасыл.

Жұптардың бір жағынан жалпы негізгі түстердің санына байланысты туыстық белгілері байқалады.

Туыстас контрасты түстердің арасындағы гармониялық үйлесімі геометриялық сызба түрінде жүзеге асады.

1. Түс шеңберінің аяғында тәк және көлденең хордтардың орналасуы

2. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде тең жақты үшбұрыштың орналасуы.

3. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде үшбұрыштың орналасуы.

4. Сипатталған түс шеңберінің төбесінде тік бұрышты үшбұрыштың орналасуы.

5. Әр жақтарды екі туыстас контрасты түстерді сипатталған түс шеңберінде шаршы тәріздес қалыптасуы, олардың (түстердің) үйлесімділігі.

Әдебиет:


1. Ибрайшина Г.К. Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА, 2010, стр.28, 64-95.

2. Бриловская Л.В. Арт-дизайн: красивые вещи (серия «Стильные штучки», - Ростов н)Д:Феникс, 2004.-256 с., стр. 36-56.

3. Купер М., Мэтьюз А. Язык цвета.-М.: Эксмо, 2002.-144 с.

4. Лилли Саймон и Сью. Сила цвета и цветотерапия: Используйте преобразующие силы света и цвета для здоровья и благополучия /перевод с англ.-СПб.: «ДИЛЯ», 2006, 96 С.

5. Самые важные правила сочетания цветов (сост. С.Бояринова. –М.: Астрель) Полиграфиздат, 2010.-159 с.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет