ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Тақырып. Жарнама психологиясы



бет3/4
Дата25.02.2018
өлшемі0,6 Mb.
#38265
1   2   3   4

Тақырып. Жарнама психологиясы.

Дәріс жоспары:



  1. Жарнама туралы түсінік.

  2. Жарнама түрлері.

  3. Жарнаманы жоспарлау.

  4. Тікелей жарнама композициялары.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Жарнама әлеуметтік өмірде тәжірибелік маңызы зор психологиялық мәселе болып саналады. Жарнамаға қатысты мәселенің психологиялық аспектілері өмір тіршілігінің талап-тілектерімен тығыз ұштасты. Елімізде жарнама психологиясы қалың бұқараның қажеттілігін қанағаттандыратын қолдаңбалы маңызы бар айрықша пән ретінде. Өмір талабынан туындап отырған мұңдай қажеттілік әлеуметтік құбылыс болып саналатын – Жарнама мәселесіне жаңаша өң беріп, оның психологиялық тұрғыдан өркен жаюына тиісті үлес қосары сөзсіз.

Жарнама – бұл ең алдымен қарым-қатынас формасы. Неге американдықтар шылым шегуді қойып жатыр? Өйткені бірнеше жылдар бойы шылым шегуге қарсы бағытталған көңілді, тынымсыз, қорқытатын жарнама жүріп келеді. Не үшін Канадықтар спортпен айналыса бастады? Себебі жиі ауырудан жалықты, олар денсаулық пен спорт сақтауға жарнамалық компанияны бастады. Неге бай, дәулетті американдық көмек берумен айналысу керектігін біледі. Себебі дисней мультфильмдеріндегі бай үйрек мейірімді шыраймен жарнамалайды. Жапон жарнамалық агнеттіктері әр күн, әр минутта жапон сыпайылығы мен тиянақтылығын сақтайды.

Жарнама – көпфункционалды. Жарнамамен мемлекет, жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдар айналысады. Жарнама сақтандыру полисі емес – ол күшті жетістікке де, құлдырауға да әкеледі.

Ішкі фирмалық жарнаманың негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлерді өз мекемесіне сенімділікке иландыру, олардың тағдырын оның тағдырымен тығыз байланысқа әкелу.

Жарнамалық іс-әрекеттің басты сферасы - өнімді кеңейту мақсатындағы жарнама. Нарықтық жағдай әрдайым тербелісте болады, сондықтан оны нақты болжау мүмкін емес. Барлық жарнамалық іс-әрекет нарықты терең зерттеуден жүреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жарнаманы қалай түсінесіз?



  1. Жарнама түрлеріне тоқталыңыз.

  2. Жарнаманы жоспарлауға сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Ш.Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997.

2.Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

3.Шепель Р.Управленческая психология. М., 1993.

4.Шмидт Р. Искусство общения. М., 1992.

5.Якока Л. Карьера менеджера. М.,1990.

Тақырып. Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер.

Дәріс жоспары:



    1. Басқару және лидерлік әлеуметтік феномен ретінде.

    2. Лидерліктің негізгі теориялары.

    3. Лидердің рөлдері мен стильдері.

    4. Басқару стилі. Басқарушының кәсіби іскерлігі.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз етілуі басқарудың басты функциясы болып табылатын атқарушылардың жоғары мотивіне байланысты. Дегенмен бүл тек үйымның тұрақты және тиімді қызметі үшін жеткіліксіз. Басқару іс-әрекетінің мүндай реттеуішінде мотивтендіру емес, мәжбүрлеу сипаты бар қажеттілік туындайды. Мұнсыз басқару іс-әрекеті мүмкін емес.

«Жоғарыдан» басқару әсерінің барлығының негізі - атқарушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара іс-әрекеттегі билік. «Билік» ұғымы «жетекшілік» және «көшбасшылық» ұғымдарымен, олардың типтерімен және олардың арасындағы қатынастармен байланысқан. Ұйымдар мен топтардың барлығын негізгі екі ресми және бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым - институционалды белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар қауымдастығы. Бейресми үйым адамдардың кездейсоқ белсенділігі нәтижесінде түзіледі, олар өзара реттеулік қарым-қатынасқа енеді. Барлық топтар мен үйымдарды екі топқа бөлуге болады: ресми және бейресми. Көшбасшылық пен ресми жетекшіліктің топ іс-әрекетіндегі айырмашылығы келесі жағдайлармен анықталады. Мәжбүрлеу билігі жетекшінің атқарушылар мақсатына жетуіне және қажеттіліктеріне кедергі жасау, оларды жазалау мумкіндігіне негізделген, атқарушылар мұны түсінеді, сондықтан бағынуға мәжбүр (өзінің қарамағындағыларды мәжбүрлейді). Биліктің бүл формасын «негативті» немесе «үрей билігі» деп атайды. Сынға қарамастан, оны билік формаларының кез келген тізімінде бірінші орынға қояды, ол қазірше жетекші әсерлерінің айнымайтын және жалғыз тірегі болып отыр. Оның негізгі кемшіліктері - бақылаудың ебедейсіз жүйесі, атқарушылардың кібіртіктеуі мен бөгелуі. Бүл еңбек өнімділігінің төмендеуі мен кадрлар тұрақсыздығына соқтырады. Мәжбүрлеудің дегенмен үлкен күші бар, өйткені жеке қауіпсіздік сезімін апелляциялайды.

Лидерлік – бір адам екінші бір адамға немесе топқа әсер етуге көмектесетін процесс. Басқарушының жоғарғы статусы бұйрық беруге құқық береді. Басқарушының барлығы белгілі бір дәрежеде билік типтерін қолданады. Ең көп тараған классификация бойынша басқару стилінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Авторитарлы, демократиялық, либералды. Өндірістік ұжымдарда – либералды, ал ғылыми ұжымдарда авторитарлы стильдерді пайдалану нәтиже бермейді. Менеджерлер үшін – теоретиктер мен практиктерге қатысты анықталған мәселе, тез өзгермей бүгінгі әлемде ең жақсы «басқару стилі» - шынайылыққа бағытталған.



Негізгі ұғымдар: басқару, лидер, әлеуметтік, феномен, функция, билік, жетекшілік, көшбасшылық, авторитарлы, демократиялық, либералды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Басқарушы тұлғасына анықтама беріңіз.

  2. Басқару стильдеріне тоқталыңыз.

  3. Басқарушының кәсіби іскерлігі сипаттама беру.

Әдебиеттер:

1.Занковский А. Организационная психология.-М.,2000

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

5.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ
Тақырып. Психологиялық менеджмент туралы түсінік.

Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін толықтыру, психологиялық менеджмент пәнімен таныстыру және оларды практикада қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.

Психологиялық менеджментке кіріспе. Қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олардың өзара ықпалы. Басқару мектептері. Басқару деңгейлері.



Әдістемелік нұсқау: психологиялық менеджмент психологиясы және оның басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсету. Психологиялық менеджемент психологиясының негізгі ұғымдарына және менеджментке методологиялық түсініктемелер беру. Басқару мектептері. Басқару деңгейлеріне тоқталу.

Бақылау сұрақтары:

1.Психологиялық менеджмент ғылымы нені қарастырады?

2.Қоғамдық жүйені басқару дегеніміз не?

3.Басқару мектептерінің айырмашылығы қандай?

4.Басқару деңгейлерінің қандай түрлері бар.

Әдебиеттер:


      1. Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

      2. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

      3. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

      4. Психология менеджмента: /Карпов, А.В. – 1999


Тақырып. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру.

Психологиялық менеджмент ғылым ретінде. Психологиялық менеджмент пәні, әдістері және қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынастар және оның іс-әрекетінің бағыты. Қазақстанда психологиялық менеджмент теориясы мен практикасының дамуы. Қазіргі психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында менеджмент психологиясы пәні, міндеті және зерттеу әдістеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп жаңа нәтижелерге жетудегі ролін ашып көрсету. Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерінің үш тобына - /топ менеджмент/, /топ мидле менеджемент/, /ловер менеджмент/- тоқталу. Қазақстанда және қазіргі менеджмент теориясының пайда болуы мен дамуына тоқталу.

Бақылау сұрақтары:



    1. Психологиялық менеджмент әдісі және қызметінің ерекшеліктері қандай?

    2. Өнеркәсіпті басқару түрлерінің айырмашылығы қандай?

    3. Қазіргі менеджмент теориясының пайда болуы мен дамуына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

3.Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

4.Психология менеджмента: /Карпов, А.В. – 1999



Тақырып. Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Психология ғылымындағы теориялық зерттеулердің классикалық әдістері. Психикалық құбылыстар менеджментінің технологиясы. Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі. Өндірістік – технологиялық қызметтер.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында классикалық әдістеріне анықтама беріңіз. Психикалық құбылыстар менеджмент технологиясына тоқталу қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Психология ғылымындағы классикалық әдістерге түсініктеме беріңіз.

2. Өндірістік-технологиялық басқару дегеніміз не?

3.Басқару теориясының қазіргі күйіне сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Білім беру жүйесінде басқарудың инновациялық үлгісін енгізудің ғылыми- теориялық негіздері /Байсарина, Қ. – 2012

3.Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

4.Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

5.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

Тақырып. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

Мақсаты: дәрісте алған білімдерін тереңдету.

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері. Басқарудың экономикалық әдістері. Кадрларды іріктеу әдістері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында әдістерге анықтама бере отырып, оның іс-әрекетте қолданылуын ашып көрсету керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістеріне сипаттама беріңіз.

  2. Мәнсап ұғымына түсініктеме.

2. Кадрларды іріктеу әдістеріне және кадрды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Білім беру жүйесінде басқарудың инновациялық үлгісін енгізудің ғылыми- теориялық негіздері /Байсарина, Қ. – 2012

3.Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

4.Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

5.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

Тақырып. Психологиялық менеджмент барысы.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Кадрлық менеджмент қызметі. Жұмыстан босату. Біліктілікті арттыру.

Кадрды дайындау мәселелері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында кадрлық менеджмент қызметіне және кадрларды дайындау мәселлеріне ерекшеліктеріне тоқталу.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұжым түрлеріне сипаттама беріңіз.

2.Басқару принциптеріне тоқталыңыз.

3.Басқару және әлеуметтік басқаруды қалай түсінесіз?

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999


Тақырып. Қарым-қатынас барысын басқару.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде. Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдау мәселелері. Басқарушының жұмысшымен қарым-қатынасы ақпарат алмасу жолы ретінде. Қарым-қатынастағы негізгі бөгеттер.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында қарым-қатынаста өзара қабылдау, ақпараттар алмасу және кездесетін кедергілерге тоқталу керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдауға сипаттама беріңіз.

2.Стресс оның түрлеріне және оның алдын алу жолдарына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

5.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001


Тақырып. Жүріс-тұрысты басқару.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты. Жұмысшы іс-әрекетін бақылау. Кәсіби жауапкершілік және әлеуметтік жауапкершілік.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жұмысшы іс-әрекетін бақылау, бейімделі мәселелірне тоқталу.

Бақылау сұрақтары:

1.Жұмысшының еңбекке бейімделу процесіне сипаттама беріңіз.

2.Еңбек мотивацияларына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

2.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

3.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

4.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001
Тақырып. Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс. Қарым-қатынас кезіндегі сенімділік және оны қалыптастыру жолдары. Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде. Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдары.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында іскерлік қарым-қатынас, басқару шиеленістеріне тоқталу керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс қандай болу керек?

2.Қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары.

3.Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдарына түсінік беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

2.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

3.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

4.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001


Тақырып. Психологиялық менеджменттегі ақпараттық технология.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Басқарудың ақпарат жүйесімен қамтамасыз етілуі. Ақпарат түрлері. Ақпарат жүйелерінің бағыттары.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында ақпарат түрлеріне және ақпарат жүйелерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Бақылау сұрақтары:

1.Психологиялық менеджменттегі ақпарат ағымдарының моделдеріне тоқталыңыз?

2.Психологтың ұйымдағы қызметіне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Занковский А. Организационная психология.-М.,2000

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999
Тақырып. Жарнама психологиясы.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Жарнама түрлері. Тікелей жарнама тасылмалдаушылары. Тікелей жарнама композициялары. ЖП тарихы. ЖП қызметі. ЖП композициялары және объектілері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жарнама түрлеріне және оған психологиялық сипаттама беру керек. ЖП композициялары және акцияларына тоқталу.

Бақылау сұрақтары:

1. Жарнаманы қалай түсінесіз?


  1. Жарнама түрлеріне тоқталыңыз.

  2. Жарнаманы жоспарлауға сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.-116 б.

2.Шмидт Р. Искусство общения. М., 1992.

3.Якока Л. Карьера менеджера. М.,1990.

Тақырып. Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Басқару және лидерлік әлеуметтік феномен ретінде. Лидерліктің негізгі теориялары. Басқару стилі. Басқарушының кәсіби іскерлігі.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыпу барысында лидерлік теорияларды салыстырмалы талдап көрсету.

Бақылау сұрақтары:



  1. Басқарушы тұлғасына анықтама беріңіз.

  2. Басқару стильдеріне тоқталыңыз.

  3. Басқарушының кәсіби іскерлігі сипаттама беру.

Әдебиеттер:

1.Занковский А. Организационная психология.-М.,2000

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

5.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001



4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА) --- (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған)


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
БӨЖ. №1

Тақырып. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: психологиялық менеджмент ғылымы туралы түсінігін кеңейтіп, білімдерін бекіту. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істей білуге, негізгі ойларын көрсете білуге, конспектілеу іскерліктерін дамыту.

Талқылау сұрақтары:



      1. Психологиялық менеджмент ғылым ретінде.

      2. Басқару мектептері.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, басқару мектептеріне көп зейін бөлу.

Әдебиеттер.

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

3.Психология менеджмента: /Карпов, А.В. – 1999



БӨЖ. №2

Тақырып. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

Мақсаты: психологиялық менеджменттің практикалық әдістері туралы білімдерін бекіту. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.

Талқылау сұрақтары:



      1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері.

      2. Басқарудың әкімшілік әдістері.

Әдістемелік нұсқау:

Тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1.Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997. 19 бет, 390 беттер.

2. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Басқару психологиясы.-А., 2009. 169 беттер.
БӨЖ. №3

Тақырып. Қарым-қатынас барысын басқару.

Мақсаты: басқару барысында қарым-қатынас туралы білімдерін бекіту және іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Талқылау сұрақтары:



      1. Менеджменттегі басқару стильдері.

2. Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдар.

Әдістемелік нұсқау:

Тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001; 9-49 беттер.

2. Федосихина А.А., Кашник О.И., Звягиндцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. М., 1998;

3. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000
БӨЖ. №4

Тақырып. Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер.

Мақсаты: басқаруда ұйымдастыру және іскерлік қарым-қатынстағы шиеленістер туралы білімдерін бекіту.

Талқылау сұрақтары:



  1. Ұйымдастыружәне шешім қабылдау.

  2. Шиеленістер және олардың алдын алу.

Әдістемелік нұсқау: тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1.Басқару психологиясы. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н.А., 2009. 39-43 б.

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001
БӨЖ. №5

Тақырып. Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер.

Мақсаты: лидерлік теорияларын салыстырмалы талдау.

Талқылау сұрақтары:



  1. Тұлға туралы психологиялық теориялар.

  2. Отандық және шетелдік психологтар зерттеулеріндегі лидер мәселелері.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1. Виханский О.С., Наумов А.И . .Менеджмент. М.1998. 131-133 бет.

2.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

3.Басқару психологиясы. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н.А., 2009. 146-161 б.


БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

Модуль 1. Психологиялық менеджмент теориялық-әдіснамалық негіздері.

  1. Психологиялық менеджмент ұғымына анықтама беріңіз.

  2. Басқару мектептері мен басқару деңгейлері қандай?

  3. Басқару тәсілдері қандай?

  4. Менеджменттің ғылым ретінде анықтама беру.

  5. Менеджмент деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

  6. Қазақстанда менеджменттің теориясы мен практикасының дамуына тоқталыңыз.


Модуль 2. Психологиялық менеджменттің әдістері және принциптері.

1.Психология ғылымындағы классикалық әдістерге түсініктеме беріңіз.

2. Өндірістік-технологиялық басқару дегеніміз не?

3.Басқару теориясының қазіргі күйіне сипаттама беріңіз

4.Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістеріне сипаттама беріңіз.

5.Мәнсап ұғымына түсініктеме.

6.Кадрларды іріктеу әдістеріне және кадрды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.

7.Ұжым түрлеріне сипаттама беріңіз.

8.Басқару принциптеріне тоқталыңыз.

9.Басқару және әлеуметтік басқаруды қалай түсінесіз?


Модуль 3. Іскерлік қарым-қатынас және конфликтология.

1.Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдауға сипаттама беріңіз.

2.Стресс оның түрлеріне және оның алдын алу жолдарына тоқталыңыз.

3.Жұмысшының еңбекке бейімделу процесіне сипаттама беріңіз.

4.Еңбек мотивацияларына тоқталыңыз.

5.Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс қандай болу керек?

6.Қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары.

7.Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдарына түсінік беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет