ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Тақырып. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері



бет2/4
Дата25.02.2018
өлшемі0,6 Mb.
#38265
1   2   3   4

Тақырып. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Дәріс жоспары:



  1. Психологиялық менеджментті ғылыми тұрғыдан қарастыру. .

  2. Психологиялық- басқарушылық мәселелер деңгейі және оның даму кезеңдері.

  3. Қазіргі менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.

  4. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының дамуы тарихы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Менеджмент ( ағылшынша) – алға қойған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент – түрлі ұйымдарда адамдардың басқаруымен орындалатын іс- әрекет, қызмет. Менеджмент осы қызметті жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің бір аймағы. Менеджмент - басқару арқылы жұмысты жүзеге асыратын «менеджерлер» жиынынан,яғни нақты адамдар категориясы.. Менеджмент – кәсіби басқара алатын басқарма субъектісі. Менеджмент – өзіне ғылымды, тәжірибені және басқару өнерін қоса алып жүретін басқарма ойлар. Менеджмент – адамның талпынысын қанағаттандыруға көмектесетін, басқаруды жүзеге асыратын психологиялық үрдіс.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор Қ.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993ж). Қ.Б.Бердалиев «Менеджмент негіздері» (1994ж), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Р.С.Каренов зерттеді. «Өндірістік менеджмент» 1996ж, «Инновациялық менеджмент» 1997ж, «Кадрлық менеджмент» 2001ж. айтуға болады. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Негізгі ұғымдар: менеджмент, менеджерлер, ұйым, басқару моделі, экономика, перспектива, кадр саясаты.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Менеджменттің ғылым ретінде анықтама беру.

  2. Менеджмент деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

  3. Қазақстанда менеджменттің теориясы мен практикасының дамуына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011



    1. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

    2. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

    3. Психология менеджмента: /Карпов, А.В. – 1999

    4. Білім берудегі менеджмент /Лебедева, Н.А. – 1998


Модуль 2. Психологиялық менеджменттің әдістері және принциптері.

Тақырып. Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер.

Дәріс жоспары:


    1. Психология ғылымындағы теориялық зерттеулердің классикалық әдістері.

    2. Психикалық құбылыстар менеджментінің технологиясы.

    3. Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі.

    4. Өндірістік – технологиялық қызметтер.


Дәрістің қысқаша мазмұны

Басқару әдістері: ұймдастырушылық әдіс, құқықтық реттеу әдісі, экономикалық әдіс, психологиялық әдістер, әкімшілік әдістер. Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеудің негізгі тәсілдері. Отандық психологияда әлеуметтік-психологиялық климаттың табиғатын түсінуде төрт негізгі әдіс қарастырылады. Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі. Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен практикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 бағыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымдамалардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару теориясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік туғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.

Жетекшінің өндірістік-технологиялық қызметінің негізі - жедел басқару. Бұл - өндірісті ұйымдастыруға байланысты басқару циклдарының тізбектілігі. Бұл циклдар аукымы жетекшілік деңгейіне байланысты. Жетекшілік деңгейі төмендеген кезде өндірістік-технологиялық кызмет жалпы ұйымдастырушылықтан тікелей өндірістікке айналады.

Жедел басқарудың бірқатар аспектілері бар, бұл оның күрделілігін білдіреді. Олар - жедел басқарудың жалпы қызметтерін: нормалау, үйлестіру, реттеу, диспетчерлеу, материалдық-техникалык және шикізаттық қамтамасыз етуді біріктіреді.



Негізгі ұғымдар: классикалық әдіс, әлеуметтік-психологиялық климат, технологиялық әдіс, өндірістік-технологиялық қызмет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Психология ғылымындағы классикалық әдістерге түсініктеме беріңіз.

2. Өндірістік-технологиялық басқару дегеніміз не?

3.Басқару теориясының қазіргі күйіне сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:



  1. Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

  2. Білім беру жүйесінде басқарудың инновациялық үлгісін енгізудің ғылыми- теориялық негіздері /Байсарина, Қ. – 2012

  3. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

  4. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

  5. Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008


Тақырып. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

Дәріс жоспары:



  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері.

  2. Басқарудың экономикалық әдістері.

  3. Кадрлық менеджмент қызметі. Кадрларды іріктеу әдістері.

  4. Жұмыстан босату.

  5. Біліктілікті арттыру. Кадрды дайындау мәселелері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрларды даярлау және олардың қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты даярлау мемлееттің ұзақ мерзімді экономикалық саясаттың құрамдас бөлшегі болуы тиіс.

Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б. Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе оны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару қызметінде іскерлікпен қатынасатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады. Басқару кадрларының алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша-жоғары, орташа және төменгі буындар; кәсіптік құрамы бойынша-инженерлер, қызмет түрі бойынша ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша әкімшілік, экономикалық, білімі бойынша жоғары және арнайы орта білімді, адамдар, практиктер, орындайтын жұмысының күрдеоіоігі және жауапкершілігі бойынша. Кадрларды іріктеу - негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. Кадрларды іріктеу процесі белгілі бір элементтерден тұрады.: бос қызметтердің сипаттамасы; бір кандидаттар туралы мәліметтер жинау; кандидаттарды іріктеу жүйесін ойластыру; неғұрлым қолайлы үміткерлерді таңдау; кандидаттарды соңғы рет бағалау және талдау, қызметке орналасқан кандидатты атау.

Негізгі ұғымдар: менеджер, экономикалық әдіс, кадр, кандидатура, ресурс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістеріне сипаттама беріңіз.

  2. Мәнсап ұғымына түсініктеме.

2. Кадрларды іріктеу әдістеріне және кадрды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Білім беру жүйесінде басқарудың инновациялық үлгісін енгізудің ғылыми- теориялық негіздері /Байсарина, Қ. – 2012

3.Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

4.Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

5.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

Тақырып. Психологиялық менеджмент барысы.

Дәріс жоспары:



  1. Психологиялық менеджменттегі ұйымдастырушылық жұмыс.

  2. Ұжым туралы түсінік.

  3. Басқарудың объектісі мен субъектісі.

  4. Әлеуметтік басқару. Басқару және бағыну.

  5. Басқару жүйесі.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Басқару – іс-әрекет мақсатын, бағдарлама реализациясын, іс-әрекет тәртібінің белгілі бір құрылымын сақтап отыруы. Психологиялық іс-әрекет құрылымына мотив, мақсат, бағдарламалар, шешім қабылдау, мамандыққа қажетті негізгі сапа жатады деп қарастырды.

Басқару іс-әрекетіне арнайы психологиялық функционалды құрамына А.И.Китов анализ жүргізді. Ол басқаруды 3 кезеңге бөлді: диагностикалық, шығармашылық, ұжымдық.

А.К.Марков басқарудың құрамын 5 кезеңге бөлді. Мақсатты, дескриптивті, прескриптивті, реализациялық, ретроспективті. Әрбір бөлінген кезең басқару актісінің ерекше бөлімі бір анықталған кезектілікпен жүретін іс-әрекет. Ұжым бір мақсатпен біріктірілген (әрекетпен ұйымдастырылған) тәртіптілік, жауапкершілік және басқару органдарымен қамтылған жұмысшылардың еркін тобы. Басқару және бағыну. Негізгі басқару мәдениеттері. Сипаты және ерекшеліктері. Әлемдік бизнес тарихы, оның негізгі бөлімдері. Түрлі басқару культураларының салыстырмалы талдауы. Америка басқару мәдениеті. Жапон басқару мәдениеті. Еуропа басқару мәдениеті. Кеңес басқару мәдениеті.



Негізгі ұғымдар: менеджмент, басқару, ұжым, мотив, мақсат, шешім қабылдау.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Ұжым түрлеріне сипаттама беріңіз.

  2. Басқару принциптеріне тоқталыңыз.

  3. Басқару және әлеуметтік басқаруды қалай түсінесіз?

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

Модуль 3. Іскерлік қарым-қатынас және конфликтология.

Тақырып. Қарым-қатынас барысын басқару.

Дәріс жоспары:



  1. Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде.

  2. Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдау мәселелері.

  3. Басқарушының жұмысшымен қарым-қатынасы ақпарат алмасу жолы ретінде.

  4. Қарым-қатынастағы негізгі бөгеттер.

  5. Стресс және өмірлік дағдарыстардың алдын-алу.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация - басшылық етудің байланыстырушы процесі болып табылады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет. Коммуникациялық процесс – бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация – бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Негізгі ұғымдар: коммуникация, өзара түсінісу, процесс, ақпарат, басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдауға сипаттама беріңіз.

2.Стресс оның түрлеріне және оның алдын алу жолдарына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

5.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001


Тақырып. Жүріс-тұрысты басқару.

Дәріс жоспары:



    1. Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде.

    2. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты.

    3. Жұмысшы іс-әрекетін бақылау.

    4. Кәсіби жауапкершілік және әлеуметтік жауапкершілік.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Басқару, басқарушылық еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше іс-әрекеттің айрықша түріне айналуы еңбек кооперациясымен байланысты. Қарапайым формадағы еңбек кооперациясы көптеген жұмысшылардың күш-жігерін жай біріктіру ретінде тіпті алғашқы қауымдық құрылыста да болған. Адамдардың еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру туралы анықтама берсек, оны белгілі принциптер, ережелер мен шарттар жиынтығына сүйеніп берілген технология, құрал-жабдықтар, еңбек заттар жағдайында әр жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптимальды қатынасын құру. Жұмыс берушілер қатарына кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, шаруашылықтар, кооперативтер, фермерлер және еңбекшілерге оларды шарт (контракт, келісім) бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа да кез келген заңды ұйымдар және нақты адамдар жатады. Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі). Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады.

Басқару құрылымы дегеніміз басқармадағы звенолар мен жекелеген жұмыскерлер жиынтығы және оларджың бағыныштылығы, тікелей және көлдеу байланыстары. Басқару звенолары арасында әр түрлі сипаттағы байланыстар пайда болады. Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып бөлінеді. Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты. Жұмысшылардың еңбек іс-әрекетіне деген ішкі қызығушылықтарын тудыру, оларда жағымды мотивацияларды тудыру. Жұмысшы іс-әрекетін бақылау, нысанаға алу, жалпы ұжымдағы тәртіпті қадағалау.

Негізгі ұғымдар: басқару, еңбек кооперациясы, принциптер, ережелер, шарттар, басқару объектісі, басқару субъектісі, жүйе.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:



    1. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесіне сипаттама беріңіз.

    2. Еңбек мотивацияларына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Занковский А. Организационная психология.-М.,2000

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

5.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001




Тақырып. Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер.

Дәріс жоспары:



  1. Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс.

  2. Қарым-қатынас кезіндегі сенімділік және оны қалыптастыру жолдары.

  3. Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде.

  4. Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдары.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі – олпрдың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады.

Сыйысушылықтың төрт деңгейі бар: психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік. Сыйысушылыққа қарсы – қақтығыс. Қақтығыс негізінде әдетте – субъективті не объективті әр түрлі тенденциялардың (мотив, қатынас, әрекеті мен жеке бастың мінез-құлқы, содай-ақ топтың да) қақтығысы түсініледі.

Кикілжің – жағымсыз эмоциялық қобалжулармен байланысты адамдар тобы немесе индивид қарам-қатынасында, өзара әрекеттесуде индивид ойындағы тенденциялардың бір бірімен үйлеспей, қарама-қарсы бағытта болуы. Ортақ міндетті шешу жағдайындағы эмпатия. Адамның уайымдауы үнемі байқалып тұрады. Эмпатияның ең жоғарғы формасы толық жекеаралық идентификацияда көрінеді. Мұнда тек ойша (қабылданатын, түсінетін), сезімдік емес, сонымен қатар қимылдық идентификация да байқалады. Қимылдық эмпатия адамның ынталы, психологиялық негізін сипаттайды.



Негізгі ұғымдар: іскерлік қарым-қатынас, әлеуметтік орта, қақтығыс, мотив, қатынас, әрекет, мінез-құлық, эмоциялық қобалжулар, эмпатия, идентификация.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс қандай болу керек?

2.Қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары.

3.Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдарына түсінік беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Занковский А. Организационная психология.-М.,2000

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999

5.Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001
Модуль 4. Психологиялық менеджменттің қазіргі заңдылықтары.

Психологиялық менеджменттегі ақпараттық технология.

Дәріс жоспары.



  1. Ақпарат ағымдарының моделдері.

  2. Психологтың ұйымдағы қызметі , орны.

  3. Қызмет бабын табыстау.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Басқару іс-әрекеті сапалық параметрлердің әр түрлі деңгейімен сипатталады, үлкен немесе кіші тиімділікпен орындалады. Бірінші кезекте бұл жетекшінің кәсіби және тұғалық сапаларына тәуелді болады. Басқару іс-әрекетінің басты факторлары ретінде өзіне тән басқару қабілеттері болады. Қазіргі кезде басқару іс-әрекетінің күрделіліген байланысты бұл проблема жеткілікті зерттелмеген және басқару қабілеттері құрамы мен құрылым туралы мәселе тиісті шамада шешілмеген. Оны жасауға деген тек бір ғана тәсілдер бар.

Басқару қабілеттерін құрамын анықтау. Басқару қабілеттерін зерттеу қиындықтары «қабілеттер» ұғымының шекті жалпы мәртебесін және олардың тұлғамен, әрі іс-әрекетпен тығыз байланысын жетілдіреді. Басқарудың табыстылығы жетекшінің басқару іс-әрекетінің үш негізгі «өлшемдерін» қаншалықты қамтамасыз ете отырып, келістіре алатынына байланысты болады:


  1. іс-әрекеттік, ұйымдық-әкімшілік өлшемнің өзі дамыған жалпы басқару іскерліктерді, қабілеттер мен шеберліктерді талап етеді;

  2. кадрлық, «тұлғалық», тұлғааралық тиімді өзара іс-әрекетті, адамдарды басқаруды қамтамасыз ететін басқа қабілеттерді талап етеді; мұндай қабілеттер рөлінде негізгі тұлғалық сапалар болады, бұл басқару іс-әрекетінде әрекеттердің басқа түрлерінен ерекшеленеді;

  3. өндірістік-технологиялық «өлшем» арнайы қабілеттерді, жетекшінің кәсіби сапаларының өзін талап етеді.

жетекшінің бүкіл іс-әрекетінде орталық буын болып табылады деген ереже басқару теориясында аксиома болып шықты.

Қызметкерлерді ақпараттандыру:



  • Бағынышты нақты не істеу керектігін және соңында күтілетін нәтиже жайлы білуі қажет.

  • Бағынышты қызметкерлермен қатынасы қандай екенін білуі қажет

  • Басқарушы өзі жақсы ақпараттанған болуы қажет

  • Толық ақпараттану коммуникациялар мен коммуникация жолдары жақсы жұмыс істеуіне байланысты.

Бұл кызмет басқарудың басқа кызметтерінен азырақ стандарттануымен және алгоритмденуімен ерекшеленгендіктен, онда өзіндік субъективті психологиялық факторлардың рөлі зор. Бұл процесті жеңілдететін шешім кабылдаудың көптеген ережелері, процедуралары мен әдістері бар, бірақ әрбір жетекші мұндағы субъективтік және тіпті интуитивтік факторлардың рөлі қаншалықты зор екенін өз тәжірибесі бойынша біледі. Шешім қабылдау қызметі, осыған байланысты баскару теориясында да, психологияда да зерттеу тақырыбы болып табылады, осының нақ өзі басқарудың тек ғылым ғана емес, өнер екенін сезінуге мәжбүрлейді. Бұл қызметтің мазмұнын талдау сондықтан да бір-бірінен ерекшелікте болатын және өзара тығыз байланыскан екі - ұйымдастырушылық және психологиялық аспектіден тұрады.

Басқару теориясы ұзақ уақыт бойы жалпы мінез-кұлық тиімділігі және жеке алғанда шешім кабылдау негізіне негізделеді. Оның мәні жетекшінің өз мінез-кұлқын жағдайдың барлық факторларын барынша ескере отырып, тұрғызатынынан және шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл басқарудың қатаң сұлбаларының дамуын, «фирманың классикалық теориясының» қалыптасуын шарттандырды. Бірақ адамға тән психофизиологиялық шектеулер қатаң тиімді мінез-құлық пен шешім қабылдауды мүмкін болмай-тындай етеді, ал мұндағы барлық объективтік факторларды ескеру мүмкін емес. Басты тезисі психологиялык (субъективтік) ерекшеліктер - бұл мінез-кұлықтың объективті шектеуші факторлары болып табылатын «шектеулі тиімділік» тұжырымдамасы жасалынды. «Шешім қабылдау мектебі» туындайды, фирманың классикалық теориясы мінез-құлық теориясымен алмасады.

Басқару мен шешім қабылдау теорияларында қазіргі уақытта екі негізгі - нормативтік және дискриптивтік тәсілдер бар.

Нормативтік тәсіл субъективтік және психологиялық факторлардан дерексіздене отырып, шешім қабылдаудың ережелерін, идеалдық тәсілдері мен «рецептерін» жасауға бағытталған. Дискриптивтік тәсіл, керісінше, бұл факторларды негізгілер ретінде ескеруді талап етеді. Бірінші тәсілдің міндеті - шешім қалай кабылданатынын, екіншісінің міндеті - бұл калай нақты жүзеге асатынын зерттеу. Баскарудың қазіргі теориясы осы екі тәсілді сәйкестендіреді.

Шеиіім қабылдау қызметін ұйымдык талдау келесідей негізгі бағыттардан тұрады:


  1. баскару іс-әрекетінің жалпы кұрылымындағы шешім қабылдау процестерінің орны мен рөлін анықтау және олардың басқарудың басқа қызметтермен өзара әсерлесуі;

  2. ұйымның осы қызметінің жүзеге асуына әлдеқайда күшті әсер ететін ішкі және сыртқы орталарының негізгі өлшемдерін талдау;

  3. басқару шешімдерін қабылдауды жасау процесінің нормативтік қүрылымын сипаттау және оның кезеңдерін анықтау;

  4. басқару шешімдерінің негізгі түрлері мен кластарының сипаттамалары;

5) басқару шешімдеріне қойылатын нормативтік талаптар.

Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің жалпы күрылымындағы рөлі жетекшінің ең маңызды басымдығы ретінде қарастырылады. Бұл қызметті бәсеңдету - басқарудың жалпы ироцесіндегі оның орнын үш жағдаймен анықтау.



  1. Шешім қабылдау қызметі - стратегиялық жоспарлау процесінің маңызды кезеңі, ол стратегиялық балама мен стратегияны жүзеге асыру кезеңдері арасында түрақтанады. Осы кезде жасалатын шешімдер бүкіл ұйымның қызмет етуі үшін үлкен мәнге ие.

  1. Ол басқарудың баска қызметтерін жүзеге асырудың өзіндік механизмі түрінде болады, өйткені олардың қажетті компоненті болып табылады. Мысалы, үйым мақсаты олардың баламалары ішінен таңдап алу нәтижесінде айқындалады. ¥йымдастыру қызметі де оның құрылымын таңдауға байланысты болады. Жоспарлау қызметі дамудың қандай да бір стратегиялық вариантымен ұштасқан. Бақылау қызметін жүзеге асыру да бақылаудын формаларын, әдістерін және кезеңдерін таңдауды білдіреді.

  1. Жетекші іс-әрекетінің кез келген кезеңінде сонда шешілетін міндеттер мен мәселелерге қол жету дәрежесін бағалау қажет. Қойылған мақсатқа жету немесе жетпеуге байланысты, жетекші осы кезең аяқталды ма, келесіге өтуге мүмкін бе, сол туралы шешім қабылдайды. Сонымен шешім қабылдау қызметі басқару іс-әрекетінің бір кезеңдері мен сатыларынан екіншісіне өту рөлін атқарады, сондықтан оны байланыстырушы ретінде анықтайды.

Басқару шешімдерінің ұйымдастырушылық факторлары

¥йымның ішкі және сыртқы орталарының негізгі өлшемдері басқару шешімдерінің факторлары үғымымен анықталады. Бүл факторлардың жиынтығы күрделілігімен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол ұйымдық жүйелердің социотехникалық типімен және олардың сыртқы ортадағылармен өзара іс-әрекет формаларының көптігімен шартталған. Басқару теориясында ортаның осы қызметтің жүзеге асуына ең ықпал ететін үш интегралды өлшемі бар екені туралы үғым қалыптасты. Бұл -шешім қабылдау ортасының айқынсыздығы, күрделілігі және серпінділігі (динамикалылығы).

Басты өлшем - айқынсыздық - бұл басқаруда баламаны таңдау үшін релевантты ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл - туындайтын мәселелерге мазмұны бойынша негізделген шешім шығару үшін қажетті ақпарат. Айқынсыздық туындауының көптеген себептері бар. Олардың негізгілері: ақпарат тапшылығы және оның артық болуы.

Шешім қабылдау ортасының күрделілігі - ескерілуі, өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі ескерілуге тиіс факторларының көп түрлілігі.

Шешім қабылдау ортасының серпінділігі деп ішкі және сыртқы -ұйымдық факторлардың өзгеру дәрежесін айтады, сондықтан кез келген басқару шешмі диагностикалық та, прогностикалық та болуга тиіс.

Осы интегралдық үш өлшем синхронды әсер стеді, бұл шешім қабылдау қызметінің жүзеге асуын күрделендіреді. Бірақ осымен бірге бүл өлшемдер әрбір нақты жағдайда әртүрлі дәрсжеде айқындала отырып, осы қызметтің жүзеге асу шарттарының сабақтастықгағы толық көрінісін береді.

Осы жалпы өлшемдермен қатар тағы да бір маңызды, ерекше өлшем: ортаның дау-жанжалдың дәрежесі бар. Басқару шешімдері сондықтан да бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие, солардың маңыздысы -компромистік.

Басқаруда шешім қабылдау процесінің нормативтік құрылымы

Басқару теориясында шешімдер жасаудың нормативтік процесін сипаттаудың бірқатар тәсілдері бар.



Процессуалдық инвариант - шсшім кабылдау кезеңдерінің жалпы тізбектілігі. Ол келесі кезеңдерден түрады.

Мәселелік жағдайды анықтау содан шешім қабылдау қызметін жүзеге асыру арқылы шығуды білдіреді. Бүл - жағдайды айқыидау (диагностика), оның аймақтарын іс-әрекеттің басқа жақтарымен озара байланысын анықтау, оның мазмұнының, басты қарама-қайшылықтарының сипаттамасы және сондағы болжау шешімдерінің мақсаттарын қою.

Мәселелік жагдай мазмұнын талдау. Мұнда үш аспект бар:

  1. Жағдайдың айкынсыздығын және бақылау үшін жеткіліктілігін азайту мақсатында ақпараттык талдау;

Мәселе туындататын «шектеуші факторларды» анықтау; 3. Нұсқалардың біреуін таңдау негізіне жатқызылатын шешім көрсеткіштерін тұжырымдау.

Баламалы тұжырымдау - мәселелік жағдайдан жаңа мүмкін шығуларды іздеу мен генерациялау.

Тұжырымдалған көрсеткіштер жүйесі бойынша және іс-әрекеттің негізгі мақсаттарына сәйкес баламалы бағалау «баламалы салмақтау» кезеңі деп аталады.



Баламалы таңдау - басқару шешімінің нормативтік процесс кұрылымындағы негізгі кезең, өйткені онда басты қадам жасалады, шешім қабылдау жүзеге асырылады. Оның тиімді шешімдер қабылдау теориясында тұжырымдалған басты нормативтік принциптерді баламалы үлкен интегралдық «тиімділікпен» таңдау болып табылады.

Қабылданған шешімді жүзеге асыру. Бұл іс-әрекеттің ерекшелік сипаты - қабылданатын және жүзеге асырылатын шешімдердің дәл келмеуі.

Басқару шешімдерініц типологиясы және оларга қойылатын нормативтік талаптар.

Баскару шешімдерінде жалпы касиет бар - бұл полиморфизм (басқару шешімдерін қабылдау процесін жүзеге асырудың әртүрлі кластарының, түрлерінің, типтері мен формаларының көптігі). Шешім қабылдау қызметі таңдау процесінің полиморфизмінің арқасында ғана мүмкін болып шығады.

«Ұйымдастырушылық шешім» ұғымы басқарушылық шешімдердің бүкіл жүйесін сипаттау үшін шешуші мәнге ие. Оның жинақтаушы сипаты бар және езімен жетекшінің қызметтік мәртебесіне байланысты нормативтік-сілтемелік шешімдердің бүкіл кешенін анықтайды. Жетекші қабылдауға мәжбүр болатын нормативтік емес шешімдердің орасан көп-тігі өте зор, бірак жанама түрде болса да оның іс-әрекетінің тиімділігіне және бүкіл ұйымның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасына ықпал етеді.

Г.Саймон ұйымдастырушылық шешімдерді екі негізгі санатқа бағдарламаланған және бағдарламаланбаған деп бөлуді ұсынды. Бұл екі «таза» тип қазіргі кезде континуумның полюстері ретінде қарастырылады, ал басқару тәжірибесінде көбінесе құрама шешімдер кездеседі.

Психологиялық шешімге негізделетін жіктеме шешімдердің үш типінен тұрады: интуитивтік, пікірлерге негізделген және инновациялық.

Инновациялық белгілері бойынша шешім қабылдау түрлерінің жіктемесі: майда тірлікті, селсктивтік, бейімделушілік, инновациялық.

Мазмұндық белгісі бойыыша тыйым салу, рұқсат ету және сындарлы шешімдер болады.

Баскару шсшімдсрі формаларының ең қорытушы типологиясы- оларды екі санатқа бөлу, яғни жекелей және алқалық.

Басқару шешімдері стратегияның алқалық шешімдерінде қолданылуына байданысты да жіктеледі: мажоритарлы (қарапайым көпшілік стратегиясы); консенсус және «байламды таңдау» стратегиялары.

Қорытындысында бұл жіктемелердің барлығы бірін-бірі өзара толықтырады. Басқару шешімдерінің қарастырылған барлық типтеріне «жақсы шешім белгілері» деп есептелетін бірқатар нормативтік талаптар қойылады. Олардың әлдеқайда әмбебаптарын тізіп шығамыз.



Шешімнің тиімділігі. Егер қабылданған балама барынша мүмкін болатындардың ең негізгісі болса, онда басқару іс-әрекетінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін.

Шешім қабылдау процесі басқару теориясындағы орталық пункт болып табылады, шешім қабылдау әдістері - оның ең жетілген, ресмиленген тарауы. Қазіргі кезде ол математикалық аппаратта, жүйелік талдауда, операциялар теориясы мен басқа да нормативтік пәндерде орнығатын арнайы бағытта рәсімделеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Психологиялық менеджменттегі ақпарат ағымдарының моделдеріне тоқталыңыз?

2.Психологтың ұйымдағы қызметіне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Занковский А. Организационная психология.-М.,2000

2.Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008

3.Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет