ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасы



бет9/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#4419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасы

Дәріс жоспары:



  1. Отбасы татулығы бағдарламасы

  2. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

  3. «Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары

Дәрістің қысқаша мазмүны

Бағдарламада ата-ана және балаларға жүргізілген сабақтар деңгейі, жалпы отбасы жұмыстарына теориялық және практикалық материалдар шетел авторларының (Ресей, Ағылшын, Француз) сондай-ақ әдістемені құрастырушы-авторлардың отбасы дағдарыс күйзелісінен тәжірибе жұмыстары, жас ерекшелік және отбасы психологиясы мәселелерімен ізденушілер М.В Коляева, Ф.Ә Бизақованың эксперменталды жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің түрлі жас ерекшелігіндегі балалармен жүргізілген жұмыстары, тәжірибелері және зерттеулері толық енгізілген.

ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері (2007 жылы «Қазақ Психологтар Қауымдастығы» деп, атауы қайта өзгертілді) 2003 жылдан бастап «Баланың жеке басын дамыту» мектебі ұйымдастырылды, негізгі жобаның мақсаты- 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық қызмет көрсету, тәрбиеде қалыптасатын жеке ерекшеліктері және қабілетінің дамуына мәнді жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету. Ал 2007жылдан бастап ЕИТПП мамандарымен «Баланың жеке басын дамыту» мектебінің жұмыс тәжірибесі жинақталып және жүйеленіп, отбасы қатынасының аймақтық дамуының нәтижесі, баламен жүргізілген психологиялық және психотерапевтік жұмыстары зерттелінді.

ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері 2005 жылдан бастап, бірлестікте ОҚО әкімшілігі және білім беру департаменті және БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры қолдауымен «ОҚО балаларын күтудің балама түрлерін дамыту және оның қызметін бағалау» жобасын жүзеге асырды. Сондай-ақ 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында отбасын қолдау орталығы қызметінің мазмұны бойынша жобаның жүзеге асырылу нәтижесіне тұжырымдама құрастырылды. Осы бағдарламада қызмет баламен жұмыс аясында патрионатты отбасы, асырап алушы ата-ана, әлеуетті ата-аналарды оқыту қосарлы деңгейде жүзеге асырылды.

Ал 2007 жылдан бастап тәжірибелік психология және психотерапиялық Еуразиялық институтының мамандары осы тәжірибені кеңейте ата-ана және отбасы жұмыстарында қолданысқа енгізді. Соның нәтижесінде «Ата-аналар мектебі» құрылды, негізгі мақсаты-отбасы мүшелерінің нәтижелі өзара әрекет етуін қамтамасыз ету, ата-аналар және ерлі-зайыптылар қабілетін дамыту болып табылады. Ата-ана және ерлі-зайыптылар арасында нәтижелі әрекетті арттыруға байланысты оқыту тренингтері жүргізілуде. Жеке сабақтар тұлғааралық қатынаста ата-ана мен бала және ерлі-зайыптыларда нәтижелілікті қалыптастыру, отбасы ішілік өзара қатынасты көтеруге байланысты жүргізілуде.

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Енгізілген материалдар арнайы отбасымен жұмыс жасайтын мамандар үшін баға жетпес көмек болуы мүмкін: отбасы жүйесіне түсінік, отбасында әлеуметтік-психологиялық зерттеуді әдістемелік негізде жүргізу, отбасы татулығын сақтау әдістері, отбасымен жұмыс жасайтын кәсіби мамандар біліктілігіне ақпарат, ата-ана және бала, жалпы отбасымен жұмыс жасау ерекшеліктері қарастырылған .

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

- Баланы және отбасын үйлесімді қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы баланың өмір сүру деңгейін жақсарту;

- Отбасы татулығы бойынша қызметтерді дамытуға негіз болу.

- Жеке отбасы және оның әрбір мүшелеріне кәсіби тұрғыда жекеленген және дифференциялды ықпалды қамтамасыз ету;



«Отбасы татулығы бағдарламасының» негізгі бағыттары

«Отбасы татулығы бағдарламасы» балалар және ата-анамен, жалпы отбасымен тұтас жұмыс жасауға арналған.

Ата-аналары қамтамасыз ететін тәрбиелеу жағдайлары және әр балаға жекелік және дифференцияланған ықпал ұстанымы бағдарламаның негізі болып табылады.

Ұсынылған бағдарлама отбасының және оның жеке мүшелерінің психологиялық диагностикасы; отбасылық кеңес беру; жас ерекшелік және отбасылық психотерапия; отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне коррекция; отбасындағы өзара қатынасқа психологиялық коррекция; ата-ананың тұлғалық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру; балада жалпы және арнайы қабілетті дамыту және қалыптастыру; отбасы мүшелерінің психологиялық сауаттылық; психологиялық ағарту; отбасын психологиялық қолдау; әлеуметтік-психологиялық көмек; мониторинг жұмыстарынан тұрады.

Жалпы сағат саны- 240, олардың ішінде ата-анамен жүргізілетін психологиялық жұмыс үшін- 100 сағат және балалармен жұмысқа – 120 сағат. Жалғасын табатын бірлескен жұмыстар үшін 20 сағат.

Бағдарлама екі бағыттан тұрады:



  1. Тұрақты қызмет ететін жоба «Бала жеке басын дамыту мектебі»

  1. Тұрақты қызмет ететін жоба «Ата-аналар мектебі»

Отбасы татулығы қызметі

«баланың жеке басын дамыту мектебі» «Ата-аналар мектебі»
«Отбасы татулығы бағдарламасы» бағыттары 5 бөлімнен тұрады.


  1. Психологиялық диагностика.

Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.

Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.



  1. Психологиялық коррекция.

Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.

Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.



3. Психологиялық ағарту. Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтар оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт арлығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.

Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты дамыту, жас және баланың жекелік-психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуыда жауапкершілікті сезіну маңызды.



4. Психологиялық кеңес беру- психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді.

5. Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:

- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б тәуелсіздігіне) ықпал ету;

- баланың ең алдымен жас ерекшеліктерін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;

- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында «қиындықты» түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;

- Баланың жеке бас дамуында зияндық сипат психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

Алдын-алу жұмыстарының түрлері:


  • Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгеруі психикалық бұзылыстың алдын-алуға негіз болады.

  • Стресс жағдайының пайда болуы тұрақты, қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді.

«Отбасы татулығы қызметінің» мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында толық көрсетілген.

    1. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі

Соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылықтарына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-аналардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасы қалыптасуының алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.

Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:



  1. Баланы психологиялық қолдау;

  2. Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары.

  3. Отбасы татулығы н сақтау жұмыстары.

Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» отбасына қолдау көрсету қызметі, Шымкент қаласындағы психологиялық орталықтарының негізі болып табылады.

Негізгі ұғымдар: мақсат, міндет, бағыт, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, психологиялық ағарту, психологиялық кеңес беру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


    1. Отбасы бағдарламасына сипаттама беріңіз.

    2. Отбасы бағдарламасының кезеңдеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1. М.В.Коляева Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. – Шымкент, 2007. – 184.

2. М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005

3. Н.И Олифович., Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента.

Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь, 2006. – 360.

4. А.А Осипова. справочник психолога по работе в кризисных ситуациях. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 315.

5. В.Г Ромек., В.А Конторович., Е Крукович. Психологическая помощь в кризисных ситуациях. – СПб.: Речь, 2005. – 256.

Тақырып. Шетелдік отбасыларының қазіргі отбасыларға психологиялық әсері.

Дәріс жоспары:

1. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі.

2. Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

3. Қазақ халқы баланы қалай тәрбиелейді?
Дәрістің қысқаша мазмұны

Бала тәрбиесі – отбасының жүйелі түрде жүргізілген жұмысының нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алынған тәлім -тәрбиенің қалыптасып, отбасыда жалғасын табуы бәрі де ата- анасының басшылығы арқылы жүзеге асады. Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.



Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.

Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру болып табылады.

Әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Сонымен, әлем балаларының елдеріне саяхат жасап көрелік.

Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.

Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақты түсіндірсе, онда ертенінде балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.

Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.

Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ешқашан да бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған. 
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі елағаларына байланысты. 

Бір ғана баланы жастан деген сөздің астарынан қазақ халқының бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, адамның бақыты — балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жан-ұяда тәрбие балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер дейді дана халықымыз. Ер баланы 6 жасқа дейін хандай көтер, сыйла, 6 жастан 16 жасқа дейін құлша жұмса, 16 жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөз бар. 

Негізгі ұғымдар: отбасы, тәрбие, рөл, ұлттық тәрбие.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:


  1. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі

  2. Швецияның балалары

  3. Үндістан балалары

  4. Германияның балалары

  5. Шетелдер мен қазақ халқының бала тәрбиелеу айырмашылықтары

Әдебиеттер:

  1. Архиреева Т. В. Влияние родительского воспитания на самоотношения младшего школьника / Т. В Архиреева // Вопросы психологий; - 2006 – 3 – с. 67 – 78.

  2. Тохтағұлова Г. Қазақ отбасындағы балаларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыр //Қазақстан орта мектебі.-2008.№7-8.-18-22б

  3. Ковалев С.В. Психология современной семьи/С.В.Ковалев.-М:Просвещение, 1988-208с

  4. Федонина И. А. Влияние семейной ситуации на развитие личности ребенка . Журн.прикл. психологий. – 2002. - № 2. – с 55- 64



3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ

1-тәжірибелік. Отбасы психологиясына кіріспе.
Мақсаты: Отбасы психологиясы пәнін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.

Жанұя психологиясы туралы түсінік. Отбасындағы психологиялық климат. Отбасы мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұя мүшелерінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Пән аралық байланысын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы психологиясы туралы өзіңіздің ойыңыз.

2. Отбасы психологияның негізігі міндеттерін атаңыз.

3.Бұл пәннен білімдер педагог-психологқа қандай көмек береді?

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
2-тәжірибелік. Отбасының методологиялық негіздері.

Мақсаты: Отбасының құрылу мен ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Отбасының методологиялық негіздері. Отбасы шағын мемлекет. Отбасының құрылу себептері мен ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктерін ашып көрсету.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Отбасы психологияның әдіснамалық негіздеріне тоқталыңыз.

  2. Отбасының құрылу себептері мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001
3-тәжірибелік. Отбасы – тәрбиенің негізгі бастауы.

Мақсаты: Отбасы тәрбие құралы ретінде ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Отбасы тәрбиелеу құралы ретінде. Қазақ отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру қазақ отбасының тәрбиелік ерекшеліктерін ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:


  1. Отбасы тәрбиесінің мәнін аашып көрсетіңіз..

  2. Қазақ отбасының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

2..Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001

3.Ақпарова Ж. Жанұялық метадологиялық негіздері Ұлт тағылымы 2004- №4 53-57 б


4-тәжірибелік. Отбасының құрамы және түрлері.

Мақсаты: жанұя түрлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Отбасы құрамы, түрлері. Дәстүрлі отбасы. Толық емес отбасы. Басқарылу стиліне байланысты отбасы түрлері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында отбасы түрлеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, басқару стильдерін ашып көрсету керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қоғамда отбасының алатан орны қандай?

  2. Отбасы түрлеріне сипаттама беріңіз.

  3. Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарым-қатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

5-тәжірибелік. Отбасылық қарым – қатынас.

Мақсаты: Отбасылық қарым-қатынасты түрлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Отбасындағы ата –ана мен бала қарым - қатынасы. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында отбасы қарым-қатынас түрлеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, тәрбиелеу стильдерін ашып көрсету керек.
6-тәжірибелік. Отбасылық қарым-қатынастардың типтері.

Мақсаты: Отбасылық қарым-қатынастың типтерін қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.

Отбасылық қарым-қатынастардың типтері. Қарым-қатынас ерекшеліктері. Отбасындағы ересектермен балалар қатынасы.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында отбасылық қарым-қатынас типтерінеанықтама бере отырып, ересектер мен бала қатынасын ашып көрсету. Қарым-қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның қоғам дамуындағы ролін ашып көрсету керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Жанұяның алатан орны қандай?

2.Жанұялық қарым-қатынас типтеріне сипаттама беріңіз.


Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
7-тәжірибелік. Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.

Мақсаты: Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктерін студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Отбасының негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. Отбасының негізгі қызметтері. Отбасы тұрмысының ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктерін ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:



  1. Отбасының тәрбиелік қызметі туралы не айтар едің?

  2. Отбасының бұл қызмет түрлерінен басқа тағы қандай қызметтерді жатқызар едің

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

8-тәжірибелік. Отбасындағы дағдарыстар.

Мақсаты: Отбасылық дағдарыстардың түрлерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Отбасындағы дағдарыстардың түрлері. Отбасындағы дағдарыстардың себептері. Отбасындағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдары.

Әдістемелік нұсқау: жанұядағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдарын ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасылық дағдарыс ұғымына сипаттама беру.

2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар болу себептеріне тоқталыңыз.

3. Отбасындағы дағдарыстың негізгі себебі көрсетіңіз

4. Отбасындағы дағдарыстың алдын қалай алуға болады

5. Отбасы қалыпты дағдарыстардан басқа қандай жағдайларға кез болуы мүмкін
Әдебиеттер:

1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989

3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988

4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет