ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары



бет8/8
Дата13.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#9287
1   2   3   4   5   6   7   8

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары:
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексерусұрақтары:

1. Наполеон соғыстары қарсаңындағы халықаралық қатынастар.

2. ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастардың дамуы.

3. БҰҰ: құрылуы, құрылымы, қызметі.

4. 2 дүниежүзілік соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар.

5. Франк-Прусс соғысы. Франкфурт бітімі.

6. ІІ дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастар эволюциясы.

7. 1950-1970 жылдардағы Таяу Шығыс мәселесі.

8. І дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастар эволюциясы.

9. 1955-1970 жылдардағы социалистік лагерь. Кеңес-Қытай қайшылығы.

10. НАТО.

11. Кеңес үкіметінің ыдырауы және халықаралық қатынастарға тигізген әсері.

12. Қасиетті Одақтан Герман империясының бірігуіне дейін.

13. 1991-2000 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар дамуының бағыттары.

14. Қазіргі замандағы Оңтүстік-шығыс Европа мемлекеттерінің сыртқы саясаты.

15. Отыз жылдық соғыс және Вестфаль бітімі.

16.Версаль-Вашингтон жүйесі.

17. Екі Герман мемлекеті бірігуінің халықаралық қатынастарға әсері.

18. Югославия мемлекеті ыдырауының халықаралық қатынастарға әсері.

19. ТМД-ның халықаралық қатынастардағы рөлі.

20. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар тарихының арнайы пән ретіндегі ерекшеліктері.

2. ХҮІІ ғ. ІІ жартысы – ХҮІІІ ғ. 60 жылдарындағы халықаралық қатынастар.

3. ІІ дүниежүзілік соғыс қорытындысы, нәтижесі, салдары.

4. Кариб дағдарысы.

5. Қырғи қабақ соғысы кезеңіндегі халықаралық қатынастар дағдарысы (1948-1970 жж.).

6. ХХ ғ. 70-90 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар дамуындағы анықтаушы процестер және тенденциялар.

7. Вена конгресі және Вена жүйесі.

8. Латын Америкасы елдерінің қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлі.

9. Атомқаруының пайда болуы және қарусыздандыру төңірегіндегі халықаралық қатынастар.

10. Варшава шартты ұйымы: құрылуы, қызметі, ыдырауы.

11. ХХ ғ. 60-70 жылдарындағы халықаралық қатынастар (Хельсинки кеңесі).

12. 1878 ж. Берлин конгресі.

13. Кеңес-Американ шиеленісі.

14. Халықаралық қатынастардағы Евразия кеңістігі.

15. Шанхай келісімі.

16. Евроодақ.

17. Бисмарктың сыртқы саясаты.

18. Қоспартиялылық жүйенің сыртқы саясаттағы рөлі.

19. 1950-1953 жылдардағы Корея соғысы және оған АҚШ, КСРО және КХР мемлекеттерінің позициясы.

20. АҚШ-тың құрылуы және оған Европа елдерінің көзқарасы.

21. Орыс-Түрік, Қырым, Балқан соғыстарындағы дипломатиялық келісімдер.



22. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғ. басындағы Ұлы Одақтардың құрылуы мен қызметі.
Емтиханға дайындық сұрақтары.


  1. Солтүстік соғыстың себебі неде? Ништатд шартының негізгі шешімдері. Солтүстік соғыста Ресейдің жеңуінің тарихи маңызы.

  2. Солтүстік Американы отарлаудың Орталық және Оңтүстік Американы Отарлаудан қандай ерекшеліктері болды? «Тәуелсіздік декларациясының» басты мазмұны?

  3. Наполеон соғыстарының тарихи прогресшіл жақтары болды ма? Олардың жаулаушылық белгілері қашан және қалай білінді?

  4. Испанияға басып кіру, континенттік блокада, Еуропадағы және басқа да іс-әрекеттерінен бастап Наполеон соғыстарының сипаты қалай және неге өзгерді? Вена конгресі және «Қасиетті одақ».

  5. Германияны «қарумен және қанмен» біріктіру дегеннің мағынасы қалай? ХІХ ғ. 50-жылдары Италия мен Германияда ол елдердің бірігуін тездеткен қандай өзгерістер болды?

  6. ХІХ ғ. І-жартысындағы АҚШ-тың саяси дамуы және сатып алу, соғыспен тартып алу арқылы қандай аумақтарды өзіне қосып алды?

  7. 1861-1865 жж. АҚШ-тағы азамат соғысының сбептері және Европа елдерінің көзқарасы? АҚШ-тағы азамат соғысының нәтижелері, оның тарихи маңызы.

  8. Басты мемлекеттер арасындағы дүниені түпкілікті қайта бөлу жөніндегі күрес неліктен күшейе түсті? Империализм дегеніміз не?

  9. Германияның басып алушылық саясаты мен милитаризмнің артуы неден көрініс табуы?

  10. Жаңа және қазіргі замандағы Францияның сыртқы саясатының негізгі бағыттары?

  11. 1861-1865 ж. Азамат соғысынан кейінгі жылдардағы АҚШ-тың экономикалық дамуының ерекшеліктері неде болды? «Үлкен шоқпар» және «доллар дипломатиясы» саясатының мәні неде?

  12. Ресейдің экономикалық дамуда Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда артта қалушылығының себептері неде болды?

  13. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы Австро-Венгрияның саяси жағдайының ерекшеліктері? Неге оны «құрақ империя» деп атады?

  14. Шығыс елдерінің батыс елдерінен артта қалуы нелерден көрініс тапты? Батыс елдерін отаршылдық тәуелділік Шығыс халықтарының экономикалық, әлеуметтік жағдайына, саясаты мен мәдениетіне қандай әсер етті?

  15. Неліктен ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында батыс елдерінің отаршылдық саясаты жандана түсті?

  16. Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік және экономикалық жағдайы?

  17. ХХ ғ. басында анықталған негізгі халықаралық қарама-қайшылықтарды атаңдар. Бөлінген дүниені қайта бөлу үшін күрестің шиеленіскеніне қандай жағдайлар дәлел болды?

  18. Француз-орыс одағы қандай негізде және неліктен құрылды?

  19. Неліктен Балқан түбегіндегі елдерді Еуропаның «дәрі салған көмбесі» деп атады.

  20. Үштік Одақ пен Антантаға жататын елдерді атаңыз?

  21. І дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипатын және басты қатынасушылардың мақсатын ашып көрсетіңіз?

  22. Президент В.Вильсонның «он төрт пункті» дегеніміз не?

  23. Париж бітім конференциясына қатысушы мемлекеттерді ата? «Ұлттар лигасы» дегеніміз не?

  24. Версаль шарты қандай территориялық өзгерістерді қарастырды? Вашингтон конференциясында қол қойылған келісімдердің мазмұнын ашып көрсет?

  25. Версаль-Вашингтон жүйесінің осалдығы неде? Соғыстан кейінгі келісімдерде халықаралық қатынастардағы келешек қақтығыстардың қандай негізі қаланған?

  26. Австро-Венгрия, Ресей, Герман және Осман империяларының ыдыраулары мен Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада жаңа мемлекеттерінің құрылуының себептері неде?

  27. ХХ ғ. 20-шы жж. Еуропа мен Америка елдеріндегі тұрақтылық кезеңіне сипаттама беріңдер. Соғыстан кейінгі Еуропа үшін Дауэс жоспарының маңызы қандай болды.

  28. 1929-1933 жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс халықаралық жағдайға қандай әсер етті?

  29. Коммунистік партиялар сол кездегі қоғамдық дамудың қандай балама жолдарын көрді? Қай таңдау («капитализм немесе социализм» әлде «тоталитаризм / фашизм немесе демократия») ХХ ғ. 30 жж. лайық еді?

  30. Ф.Рузвельттің саяси бағытында қандай жаңалықтар болды? Неліктен АҚШ Еуропалық және Қиыр Шығыстық саясатқа белсенді араласпады?

  31. 1930 ж. экономикалық дағдарыстың Германияда көрініс табуы мен оның салдарының ерекшеліктері қандай болды?

  32. Қандай себептерге байланысты екі дүнижүзілік соғыс арасында отаршыл елдер негізінен отаршылдық жүйесін сақтап қала алды.

  33. Неліктен Ұлттар Лигасы Германия, Италия және Жапонияның ІІ дүниежүзілік соғыс алдындағы басқыншылық актілеріне әлсіздік көрсетті? «Тыныштандыру» саясаты және «Мюнхен келісімі» дегендеріміз не?

  34. Германияның, Англияның, Францияның, КСРО-ның соғыс барысындағы мақсаттары мен саясаттары қандай болды?

  35. Ұлы мемлекеттердің Қырым және Потсдам конференцияларында соғыстан кейінгі реттестірудің қандай болашақ жоспарлары қаланды? ІІ дүниежүзілік соғыстың ең маңызды қорытындылары мен сабақтары.


12. Оқу үрдісінің бағдарламалық және мультимедиялық жабдықталуы.

www.window.edu.ru.

www.portal-slovo.ru.

www.switchelca.front.ru.

www.old.portal-slovo.ru.

www.bankknig.com.

www.ozon.ru.

www.shop.top-kniga.ru.

www.school.itop7.com

www.lesson-history.narod.ru

www.infobank.kz


13. Арнайы аудиториялар мен кабинеттердің саны.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет