Дәріс мазмұны:
ХҮІІ ғ. халықаралық және саяси жағдай.
Орыс мемлекетінің, Осман империясының және Англия мен Францияның халықаралық рөлі.
Отыз жылдық соғыс және Вестфаль бітімі.
Дәріс мақсаты: ХҮІІ ғ.халықаралық қатынастарды түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
Егер 16 ғ. халықаралық қатынастарда Европада Испания 1-орында болған болса, 17 ғ. нағыз үстемдік Францияның қолында болды. Франция ұлы азаматттық қайғыдан 16 ғ. 2-жарт. өзінің күшті әрі орнықты абсолюттік монархиясымен шыға алды. Францияның көпсанды және еңбекшіл шаруалары мен бай буржуазиясы қазынаға салық ретінде байлық жинап берді. Бұл қазына француз королі және оның сарайына жанып тұрған сыртқы саясатын жүргізуге жағдай жасап, Францияны Европада 1-орынға шығарды.
30 жылдық соғыс бүкілевропалық көлемді қамтыған алғашқы соғыс болды. Оған мемлекеттер тікелей де, жанама да қатысты. Бұл соғыс сыртқы саясаттағы айқындылықты анықтаған соғыс болды. Онда Европаның саяси дамуындағы 2 бағыт қақтығыс тапты:
1) Австриялық және Испандық габсбургтердің саясаты, яғни олар үшін «мемлекет» және «халық көңілі» түсінігі еш сәйкес келмеді, олар біртұтас бүкілевропалық хритиантиандық монархияны құруға тырысқан орта ғасырлық дәстүрді ұстанды.
2) Саяси даму бағытын Англия, Франция, Голландия, Швеция ұстанды. Олар ұлттық негізде күшті мемлекет құруды көздеді.
30 жылдық соғыс тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырамыз:
1. Чехтік (1618-1624 ).
2. Даттық (1625-1629).
3. Шведтік (1630-1635).
4. Франко-шведтік (1635-1648).
1648 ж. 24 қазанда Вестфаль бітіміне Мюнстр мен Оснабрюк қалаларында қатар қол қойылды. 1659 ж. 7 қарашада Испания және Франция арасында Пиреней бейбіт келісіміне қол қойылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
30 жылдық соғыстың басты себептері?
30 жылдық соғыстың мақсаты?
Соғыс қорытындысы?
Вестфаль бітімінің халықаралық маңызы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№3 дәріс
Тақырып: ХҮІІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар
Дәріс мазмұны:
Европадағы күш арасалмағының өзгеруі. Англия және Франция бақталастығы негізінің қалануы.
«Одақ» түсінігінің қалыптасуы.
І Петр тұсындағы Ресейдің сыртқы саясаты.
Осман империясының халықаралық жағдайы.
Орыс-түрік және орыс-иран соғыстары. Оған Европа мемлекеттерінің көзқарасы.
Дәріс мақсаты: ХҮІІІ ғ. халықаралық қатынастарды талдап, түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
18 ғ. басындағы ірі-ірі соғыстардан (испан билігіне қарсы соғыс және Солтүстік соғыс) соң Европаның күштерінің жаңадан сарқылуына жағдай жасады. Халықаралық саясатта «күштер балансы принципі» орын алды. Мемлекеттердің жаңа жүйесінің қалыптасуында мына 5 ел жетекшілік танытты: Франция, Англия, Ресей, Австрия, Пруссия.
Дәуірдің аталған шиеленісті сұрақтарымен қатар, европалық елдерде соғыс арқылы шешілген кесімді мәселелер де орын алды. Олардың бастылары: Оңтүстік Нидерландыдағы франко-австриялық бақталастық, Австрия және Осман империясының Балқан үшін күресі, Батыс жартышарларындағы отарлық билік үшін англо-испандық соғыс.
Күштер принципі балансының өзі «мемлекет құдіреті» түсінігінен туындады: территория өлшемі, халық саны, әскер, табиғи ресурс, елдің экономикалық даму дәрежесі, халықаралық саудадағы жетістігі, отарлар саны одан түскен байлық мөлшері, әскер және флоттың саны мен жағдайы, құрлық пен теңіз соғысында жеке мақсатттарын жүзеге асыра білу әрі сақтау мүмкінділігі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
ХҮІІІ ғ. халықаралық қатынастардың ерекшеліктері?
Ғасырдың басты оқиғалары?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№4 дәріс
Тақырып: Американ республикасының дипломатиясы (ХҮІІІ ғ. ІІ-жартысы – ХІХ ғ. І-жартысы).
Дәріс мазмұны:
Ағылшын қоныстанушыларының солтүстікамерика территориясында пайда болуы. Отарлардың үш типі.
Солтүстікамерика отарларының тәуелсіздік үшін күресі және олардың халықаралық қатынастарға әсері.
АҚШ-тың тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалуы.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
1775 ж. Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауында орналасқан ағылшын колониясы тәуелсіздік үшін соғыс бастады. 8 жылға созылған бұл соғыс 1783 ж. Версаль келісімімен аяқталады. 1776 ж. 2 июльде Континентаралық Конгресс өз отырысында тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдап, Құрама Штаттардың тәуелсіздігін жариялады. Декларацияны Вирджинийлік жас заңгер, демократия бағытын нық ұстанған, тамаша литератор Томас Джефферсон құрастырды. Ол Декларацияның негізіне өзінікімен қоса, джон Адамстың, Бенджамин Франклиннің, Джордж Вашингтонның идеяларын қосты. Бұл әлемдегі демократялық еркіндікті көрсеткен тұнғыш құжат болды: халықтың заң алдында теңдігі, халық егемендігі және оның билікті өзгертуге құқылығы, әрбір азаматтың «өмір сүруге, еркіндікке, бақытқа ұмтылуына» табиғи құқылығы.
1778 ж. 6 ақпанда Б. Франклин Франциямен 2 маңызды мәселе жөнінде құжатқа қол қойды: сауда және одақ құру туралы. Бұл – американ дипломатиясының ірі жеңісі. Келісімнің баптарына сәйкес, Құрама Штаттар егемен және теңқұқылы елдер ретінде мойындалды. Франция олардың тәуелсіздігі жөнінде кепіл болуды өз міндетіне алды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Тәуелсіздік үшін күрес қашан болды?
Дипломаттиялық миссиялар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№5 дәріс
Тақырып: ХҮІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басындағы Европа дипломатиясы
Дәріс мазмұны:
Француз революциясы жылдарындағы халықаралық қатынастар.
Англо-австро-орыс одағы (1795ж.).
Орыс-швед соғысы. Наполеон соғыстары.
Наполеондық Франциямен соғыстағы Ресейдің рөлі.
Шомон трактаты.
Вена конгрессі. «Қасиетті Одақтың» құрылуы.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.
Негізгі түсініктер:
18 ғасырдың басты оқиғасы болып Европаның халықаралық және саяси дамуына әсер еткен француз революциясы (1789-1794 ж.ж.) саналады. Оны интеллегенцияның алдыңғы бөлігі мен қарапайым халық қолдаған болатын, яғни революция буржуазияның жеңісімен аяқталып, олардың сыртқы саясаттағы билікке араласуына жағдай жасады. Олар ескі феодалдық-монархиялық күшті жоймай, халық теңдігі, еркіндігі, ағайындылығы сақталуын талап еткен ұран (лозуннг) тастады.
1793 ж. 24 июльде Ұлттық Конвент Францияның Конституциясының қабылдады. Бұл Конституция якобиншілдердің дипломатиясының қағидаларын анықтады. Бүкіл халықтың бостандық үшін күресі, тираниямен күресі жарияланып, жат жерлерді жаулап алу мәселесі талқыланды. Конституцияда: «Француз халқы – нағыз дос, еркін халықтың одақтасы» делінеді.
1794-1795 ж.ж. көптеген соғысқа қатысушы елдермен бейбіт келісімдер жасалды. 1794 ж. соңында Пруссиямен бейбіт келісім басталып, 1795 ж. 5 апрельде франко-прустік келісіммен аяқталды, ол бойынша екі жақ та өз тарапынан бейбіт келісім танытты.
Сондай-ақ 1795 ж. майда Голландиямен бейбіт келісім, 22 июльде Испаниямен бейбіт келісім жасалды.
Францияның диктаторы болған Б.Наполеон тарихта қолбасшылық қызметімен қоса, сонымен қатар дипломат ретінде танылды.
1814 ж. қыркүйек – 1815 ж. маусым аралығында Венада европалық мемлекеттердің конгресі өтіп, онда Европадағы бейбіт жағдайды қалпына келтіру мәселелері қаралады. 1815 ж. 26 қыркүйекте Парижде Қасиетті Одаққа қол қойылды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Н.Бонапарт кім?
Француздар саясаты?
Ғасыр қорытындысы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№6 дәріс
Тақырып: «Шығыс мәселесі» негізінің қалануы және Европа дипломатиясының көзқарасы.
Дәріс мазмұны:
Осман империясының құлдырауы және «Шығыс мәселесі» негізінің қалануы.
1806-1812 жж. Орыс-түрік соғысы. Бухарест бейбіт келісімі.
1828-1829 жж. Орыс-түрік соғысы. Адрионополь келісімі.
Түрік-египет жанжалы.
1855 ж. Вена конференциясы. 1856 ж. Париж конгрессі және оның шешімдері.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.
Негізгі түсініктер:
Қасиетті Одақ кезінде оның 4 конгресі өткізілді:
Қыркүйекте – қараша. 1818 ж. Аахенде. Оған Ресей, Австрия, Пруссия, Англия, Францияның өкілдері қатысты. Ресейден император 1-Александр келді. Конгресс Францияның Қасиетті Одаққа тең құқықылы мүшесі ретінде кіруі жөнінде шешім қабылдады.
1820 ж. қазан-желтоқсанда Троппау қаласында болды. Оған Ресей, Австрия, Пруссия қатысты. Мұнда бір елдің қарулы күшінің қандай да болмасын екінші бір елдің ішкі саясатына оның келісімінсіз не шақыруынсыз қолдануға болмайтындығы жөнінде қаулы қабылдады.
1821 ж. қаңтар-наурызда Лайбахта болды. Бұл отырыс Троппаудағы Конгрестің жалғасы болды. Мұнда Ресей, Австрияның императорлары және Англияның және өзге де итальяндық монархтармен, сондай-ақ Рим Папасымен келіссөздер жүргізді.
1822 ж. Веронда болды. Англиядан Веллингтон, Ресейден 1-Александр, Австриядан 1-Франц, Пруссиядан 3-Фридрих Вильгельм келді.
1822 ж. Ресей, Австрия, Пруссия және Франция 1 желтоқсанда Испаниядағы революция жөнінде Верон Конгресінің Хаттамасына қол қойды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
«Шығыс мәселесі» дегеніміз қандай мәселе?
Халықаралық қатынастардағы Вена жүйесі?
Вена конгресі қашан өтті?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№7 дәріс
Тақырып: ХІХ ғ. І-жартысындағы Орта Шығыс және Үндістаның халықаралық қатынастардағы рөлі.
Дәріс мазмұны:
Шығыс елдерінің экономикалық және әскери әлсіздігінің себептері.
ХІХ ғ. І-жартысындағы Европа державаларының экспансиясы: олардың мақсаты мен әдістері.
1807 ж. Филькенштейндік франк-иран келісімі.
Орыс-иран соғысы. Гулистан (1813 ж.) және Туркманчай (1828 ж.) келісімдері.
1856-1857 жж. Ағылшын-иран соғысы.
Париж бейбіт келісімі.
Дәріс мақсаты: Орта Шығыс және Үндістанның көрсетілген уақыт арасындағы халықаралық маңызын түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
Орта Шығыс және Үндістан Халықтарының ара қатынасы 19-ғасырдың 1-жартысында елдердің экономикалық және әскери әлсіздігімн сипатталады. 19-ғасырдың 1-жартысында Европа державаларының экспансиялық мақсаты мен әдістері айқындалады. 1807 жылы ФИЛЬКЕНШТЕЙНДІК франк-иран келісімі жасалады. Осыдан соң орыс-иран соғысы туындап, 1813 жылы Гулистан және 1828 жылы Туркманчай келісімдері орнатылады. Алайда осы кезеңде, дәлірек айтқанда 1856-1857 ж.ж. ағылшын-иран соғысы басталады. Нәтижесінде халықаралық маңызы зор ПАРИЖ бейбіт келісіміне қол қойылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Орта Шығыс елдері?
Үндістан жағдайы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№8 дәріс
Тақырып: ХІХ ғ. І-жартысындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар.
Дәріс мазмұны:
Державалардың Қытайға қарсы ұстанған саясаты. «Опиум соғысы».
1842 ж. Нанкин келісімі.
Жапония және Кореяны тысқарылау: себептері және салдары.
АҚШ және Жапония арасындағы бірінші теңсіз келісім (1854 ж.).
Ағылшын-бирма соғысы.
Ресей мен Қытай арасындағы Айгунь (1858 ж.)және Пекин (1860 ж.) келісімдері.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
19 ғасырдың 1-жартысында Қиыр Шығыстағы оқиға, яғни халықаралық қатынастар тарихында Қытайдың «Опиум соғысымен» байланысты. Державалардың Қытайға қарсы саясаты өршей түсіп, нәтижесінде 1842 жылғы Нанкин келісімімен аяқталады. Одан соң Жапониямен мен Кореяны тысқарылау саясаты орын алып, себептері мен салдарлары түсіндіріледі. АҚШ пен Жапония арасындағы бірінші келісім 1854 жылы болады. Осыдан соң ағылшын-бирма көтерілісі орын алып, ал Ресей мен Қытай арасында 1858 жылы Айгунь келісімі жасалып, 1860 жылы Пекин келісімдерімен аяқталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Опиум соғысы не үшін болды?
Қытайдың сртқы саясаты?
Қиыр Шығыс елдері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№9 дәріс
Тақырып: ХІХ ғасырдың 70-90 жылдарындағы халықаралық қатынастар
Дәріс мазмұны:
Индустриалдық қоғамға ауысу.
Жетекші мемлекеттер арасындағы экономикалық теңсіздік.
Европаның саяси картасындағы өзгерістер.
Қарулану қиыншылықтары.
Саяси және экономикалық мүдделердегі қарама-қайшылықтар.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
Елдердің экономикалық тез өсуі германдық буржуазияның өз күшіне сенімін арттыра түсті. 50-жылдардың соңында оның өзі мемлекеттік бірлікті орнату туралы сұрақты талқылай бастады. 1859 ж. австро-франко-сардиндік соғыстағы тальян либералды буржуазиясының жеңісі неміс либералдары, яғни прустік Гогенцоллерндіктердің билігімен Германияны біріктіруді жақтаушыларды жігерлендіре түсті. 1859 ж. күзде солтүстік германдық мемлекеттердің арнайы буржуазия бөлігі жеке саяси ұйым басында ганноверлік адвокат Беннигсен және экономист Шульце-Делич тұрған неміс ұлттық одағын құрды. Ол бойынша «әрбір немістердің міндеті болып прустік билікті қолдау» саналды. Ал, оңтүстік германдық мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін сақтап қалғысы келді.
Пруссияның жаңа королі 1-Вильгельм таққа отырысымен халыққа да, буржуазияға да қатал да, қатыгез қадамдармен биледі. Нәтижесінде көп ұзамай үкімет пен Ландтагтағы буржуазиялық оппозиция (прустік төменгі палата) арасында қарама-қайшылық туындады. Бұл «конституциялық конфликт» деп аталды. Оның өзі үкіметтің ландтагқа прустік армияны құру және оны ақшалай қамсыздандыру деген ұсыныстан туындады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Ғасырға сипаттама?
Қаруландыру қиыншылықтары?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№10 дәріс
Тақырып: ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар.
Дәріс мазмұны:
Ұлы державалар арасындағы шығыс сұрағы.
Қытайды бөлісу жолындағы күрес.
Қытай-жапон соғысы (1894-1895 жж.).
Герман-Қытай келісімі (1898 ж.).
АҚШ-тың «Ашық есік» саясаты.
Ағылшын-орыс қайшылығы.
Дәріс мақсаты: Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастарды түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
19 ғ. 70-жылдарындағы шығыс дағдарысы тек балқандық халықтардың ғана емес, сонымен бірге европалық державалардың маңызды мәселесіне айналды. Ол Осман империясының құлдырап, ыдырауына негіз болды. Балқан жартылай түбегінің халықтары өз егемендігі мен еріктері үшін шешуші шайқас бастаған болатын.
Қарулы соғыс Герцеговина мен Боснияда 1875 ж. жазда басталды. Түрткі болған оқиғалар: осы провинциядағы шешілмеген аграрлық мәселелер, феодалдық қанаушылық, алым-салық т.б.
1874 ж. Боснияда тапшылық бет алды. Оның үстіне түрік үкіметі салықты 25%-ға өсіріп жіберді. Халық соңғы демі қалғанща осындай қыспаққа төзіп отыруға мәжбүр болды. 1898 ж. Испания мен Америка арсындағы солғыс Құрама Штаттар тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Ол аяқталған соң бірнеше жылдан кейін АҚШ Кариб теңізінің бірқатар аралдарын иемденді не өзінің әсер ету аймағында ұстады. Дүниедегі алып империядан қалғаны тек қана Куба және Пуэрто-Рико және Тынық мұхиттағы Испания форпосты болған Филлипин аралдыра болды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Шығыс Азия елдері?
«Ашық есік» саясаты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии. М., 1959 г. т-1, М., 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№11 дәріс
Тақырып: Дүние жүзілік отар бөлінісінің аяқталуы.
Дәріс мазмұны:
Индустриалдық дәуір дамуындағы отарлардың рөлі.
Империалистік державалардың Африка, Азия және Латын Америкасы елдеріндегі басқыншылықтары.
Дәріс мақсаты: Отарлау процесінің маңызын жеткізу.
Негізгі түсініңтер:
Дүние жүзілік отарлау үрдісінің бәсеңдеуі, негізінен, Европа контингенті бойынша 1776 жылғы АҚШ –тың тәуелсіздік алу тарихымен байланысты дейміз. Одан кейін дүние жүзі елдері біртіндеп өз тәулсіздіктеріне бірінен соң бірі ұмтылған еді. Ал, жалпы дүние жүзілік отар бөлінісінің аяқталуы индустриялық дәуір кезеңімен сарындас. Ол кезеңдегі отарлар жағдайы, олардың маңызы тарихтағы алатын орнын айқындап береді. Осы кезеңдегі империалистік державалардың Африка, Азия және Латын Америкасы елдеріндегі басқыншылықтары отар бөлінісінің аяқтауына жағдай жасады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
«Отарлау» - қандай процесс?
Отарлау процентінің маңызы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История дипломатии 1963 г. т-2.
История международных отнашений. І-Ү т. Москва. 1981г.
А.С. Протопопов, В.М.Козьменко, Н.С.Елманова. «История международных отношений и внешней политики России». М., 2003г.
М.М. Лебедева «Мировая политика». Аспект пресс. М., 2004.
В.И.Попов «Современная дипломатия». Международное отношение. М., 2004.
Питер Кальвокоресси «Мировая политика» 1945-2000. І-ІІ ч. Международное отношение. М., 2003.
№12 дәріс
Тақырып: Европадағы қайшылықты блоктардың құрылуы.
Дәріс мазмұны:
Үш император одағының құрылуы.
1879 ж. Австро-герман келісімі.
1887 ж. Франк-орыс соғысы. 1904 ж. Ағылшын-француз және 1907 ж. Ағылшын-орыс келісімдері.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
19 ғ. 70 ж. шығыс дағдарысы тек балкандық халықтардың емес, сонымен бірге европалық державалардың маңызды мәселесіне айналды. Ол Осман империясының құлдырап, ыдырауына негіз болды. Балқан жартылай түбегінің халықтары өз егемен және еріктері үшін шешуші шайқас бастаған болатын.
Қарулы соғыс Герцеговина мен Боснияда 1875 ж. жазда басталды. Түрткі болған оқиғалар: осы провинциялардағы шешілмеген аграрлық мәселелер, феодалдық қанаушылық, алым-салық және т.б.
1874 ж. Боснияда тапшылық бет алды. Оның үстіне түрік үкіметі салықты 25%-ға өсіріп жіберді.
Елде әуелі аграрлы, шаруалар көтерілісі іспеттес болған боснийлік-герцеговиндік көтерілістен кейін ұлттық сипатқа ие болды. Ол оқиға 1878 жылға дейін болды.
19 ғ. Европада қайшылықты блоктар орын алды. 1879 ж. Австро-герман келісімі орнады. 1887 ж. франк-орыс соғысынан кейін ағылшын-француз, 1907 ж. ағылшын-орыс келісімдері басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |