ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


) теңдеулерді құру және оларды шешу



бет26/51
Дата18.02.2017
өлшемі5,52 Mb.
#10309
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51

7) теңдеулерді құру және оларды шешу;

8) ізделініп отырған шаманы есептеу;

9) алынған жауапты талдау.


Сұйықтар мен газдардың қозғалысы тарауы бойынша қарастырылатын эксперименттік есептерді қарастырайық. Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің негізінде шығарылады.

1-есеп. Май шамның қысқа бөлігін алып, оны суда жүзетіндей етіп, астыңғы жағынан жүк байланады. Мұны тәжірибе жүзінде көрсетеді. Май шамды тұтатқанда, оның қандай деңгейге дейін жанып барып сөнетіндігін анықтау керек.

Жауабы: Май шам жанған сайын оның салмағы азаяды да, ол жоғары көтеріле береді. Нәтижесінде жалын майдың ең төменгі қабатында сөнеді. Май шам жанып таусылар шамасында.

2- есеп: Стаканның бөлігіне қайнаған су құйылады. Оған 2-3 түйір қант еріледі. Сұйықтың бетіне шай қасығын көлбеу орналастырып, оған аз-аздан шай құйылады. Бұдан кейін қант ерітілген қайнаған су бетіне қабат түзіледі. Сөйтіп қою шай мен қант ерітілген судың араласпайтындығы тәжірибе көмегімен демострацияланады. Мұның себебі неде?

Жауабы: Бұл құбылыстың себебі, тәтті су мен шайдың тығыздықтарының бірдей еместігінен.

3- есеп: Айран шынысының ішінен қағаз жағып салып, оның аузына аршылған (піскен) жұмыртқаны тез қоя салсақ, ол бірте-бірте шынының ішіне тартылып барып түсіп кететіндігіне тәжірибе жасалады. Мұның себебін айтыңдар.

Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жанып-сөніп ондағы ауа суыйды да қысымы азаяды. Айран шынысы ішіндегі және сыртындағы қысымы болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне қозғалады.

4- есеп: Жалпақ тарелкаға тиын салып оның беттік деңгейінін сәл ғана асатындай су құйылады. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алуға бола ма?

Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта болады. Мұның себебі жану кезінде, стакандағы ауа қысымы артып іштегі ауа қысымын атмосфералық қысымнан азайтады. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.

5- есеп: Болат шарик сынапта жүзіп жүр. Егер сынаптың үстіне су құйса, шариктің оған батуы өзегере ме?

Жауабы: шарикке әсер етуші Архимед күші ұлғаяды. Бұл шариктің суға батып тұрған бөлігін ығыстырып шығарған судың ауырлық күшіне тең. Сондықтан оның сынапқа бату тереңдігі азаяды.

6- есеп: Неліктен үрленген қайық су түбіне батпайды?

Жауабы: Үрленген қайықтағы ауа тығыздығы, судікіне қарағанда кем. Сонымен бірге қайық қабырғаларының салмағы да аз.

7- есеп: Таңғажайып жұмыртқа деген тәжірибе жасалды. Жартылай су құйылған шыны ыдысқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма?

Жауабы: Бастапқысы тұзды су, соңғысы таза су. Жұмыртқа бастапқы қалпында сол биіктігінде қалады. Өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық. Сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды.

8- есеп: Неліктен шалқалақтап жүзген оңай?

Жауабы: Шалқалақтап жүзген кезде дененің көп бөлігі су ішінде болуына байланысты кері итеруші Архимед күшін көбейтеді.

9- есеп: суға көлемдері бірдей конус немесе цилиндр батырылған. Конус төбесі мен цилиндрдің жоғарғы бетінің бірдей деңгейінде екендігі экранда кодоскоп көмегімен көрсетіледі. Осыларға әсер етуші кері итеруші күштер қандай?

Жауабы: конусқа немесе цилиндрге бірдей кері итеруші күш сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелді.

Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың жауаптары түрлі графиктерді талдау негізінде алынады. Негізінен физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын графиктерді зерттеуді талап ететін есептер графиктік есептер болып табылады. Кейбір есептерде график есептің шартында берілсе, кейбір есептерде оларды салуды көздейді. Есептің шарты график арқылы берілсе, оқушылардың оқу танымдық әрекеті графикті «оқудан» тұрады. Яғни есептің талабын орындау үшін қажетті физикалық шамалардың мәндерін графиктен алады. Егер график есептерді шығарудың әдісі болса, онда оқушы оны салады.

Төмендегі графиктік есептерді шығарыңдар.

1. Берілген графиктер бойынша (15-сурет) денелердің бастапқы координаттарын және олардың жылдамдығының проекцияларын табыңдар. Дене қозғалысының x(t) теңдеулерін жазыңдар. II және III денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.



15-сурет
2. Тыныштық қалыпта қозғала бастаған велосипедші алғашқы 4с бойы 1м/с2 үдеумен жүріп келеді, содан соң 0,1 мин бірқалыпты қозғалды және соңғы 20 метрді бірқалыпты баяу қозғалып барып тоқтады. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.x(t) графигін сызыңдар.
Бақылау сұрақтары:

1.Есеп шығару кезеңдерін көрсетіңіз.

2.Физика есептерінің қандай түрлері бар?

3.Эксперименттік есеп шығару тәсілі қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.-мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с.

  2. Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.

  3. Каменецкий С.Е., Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1987

  4. Усова А.В., Тулькибаева Н.Н. Практикум по решению физических задач.М.:Просвещ.,1992

  5. Лукашик В.И., Иванова Е.В. Сборник задач по физике. 7-9 кл. М.: Просвещение, 2001

  6. Рымкевич А.П. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Дрофа, 2000

  7. Степанова Г.Н. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Просвещение, 2000

  8. Козел С.М. Сборник задач по физике. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Просвещение, 2000

Практикалық сабақ барысында жекелеген студенттер оқытушының алдын ала берген тапсырмасы бойыша есептеу, графиктік және эксперименттік есептердің әдістемелік талдауына жауап береді.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 7

ТАҚЫРЫБЫ: Физика кабинеті және оны жабдықтау (мектепте өтеді)

Мақсаты: Физика кабинетін ұйымдастыру принципімен және оны жабдықтау тәсілдерімен танысу.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Физика пәні бойынша тиянақты білім қалыптастыруға кабинеттің талапқа сай жабдықталуы және оны мұғалімнің сабақта тиімді пайдаланудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Бұл сабақ мектепте өтеді. Физика кабинеті негізгі кабинеттен және қосалқы бөлмеден тұрады. Кабинеттің жабдықталуына баса назар аудару керек.

Физика кабинетінде оқушылармен бірлесе отырып, жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар. Оны төмендегі талдау арқылы көруге болады.



    1. Оқушылардың отыратын парталарының барлығының электр желісіне қосылуы. Әрбір оқушы өзбетінше физикалық тәжірибелер мен зертханалық-практикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік алады.

    2. Кабинеттегі стендалар: оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға жағдай жасалады. Физикалық шамалар, тұрақтылар, Менделеевтің периодтық жүйесі т.б. арқылы есептер шығарады.

    3. Сынып бөлмесін ақпараттандыру. Физика кабинеті оқушылармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін компьютермен жабдықталады.

Студенттер өз бақылауларына талдау жасаулары керек.
Бақылау сұрақтары:

1.Физика кабинетіне қойылатын талаптар қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Учебное оборудование по физике в средней школе /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1973.

  2. Кабинет физики средней школы /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1982.

Практикалық сабақ соңында студенттер мектептегі физика кабинетінің жабдықталуын жазып адады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 8

ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану

Мақсаты: Физиканы оқыту барысына тарихи материалдардың мәнін көрсету, тарихи материалдардың мазмұнымен танысу.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Физика бойынша қай сыныпта тарихи материалдарды қолдану ыңғайлы, әрі пайдалы. 7-11 сынып физика курсы бойынша қай тақырыпта тарихи материалдар қолдануға болатынын анықтаңдар. Тарихи материалдар қолдануға болатын тақырыптарды жазып келіңдер.


Бақылау сұрақтары:

    1. Физика сабағында тарихи материалдарды қолданудың маңызы қандай?

    2. Қандай тақырыптар бойынша тарихи материалдарды қолдануға болады?


Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Кудрявцев П.С. Курс истории физики, М.: Просвещение,1975.

  2. Спасский Б.И. История физики.Ч.1,2. М.: Высшая школа,1977.

  3. Дуков В.М. Исторические обзоры в курсе физики средней школы. М.: Просвещение,1983.

  4. Голин Г.И., Филонович С.Ф. Классики физической науки. М.: Высшая школа, 1989.

  5. Храмов Ю.А. Физики: Биограф. справочник. М.: Наука,1983.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 9

ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп физика курсындағы экологиялық мазмұнды мәселелер

Мақсаты: Физиканы оқыту барысында нақты мысалдар мен тәжірибелік фактілердің көмегімен экологиялық білім берудің қажеттілігін көрсету.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Әдетте физикалық құбылыстарды оқытқанда оның пайдалы қолданулары айтылады да, зиянды жақтары көмескі болып қала береді. Сондай құбылыстардың бірі – ядролық құбылыстар. Бұл ұлы құбылыстың ашылуының адам баласына тигізіп отырған зардаптары да баса айтылуы тиіс. Әсіресе ол жөнінде оқушылардың кеңінен хабардар болғаны жөн, өйткені ядролық физика жетістіктерінен көбірек зардап шегіп отырған мемлекеттердің бірі – біздің республикамыз.

Табылған ғылыми жаңалықтарды қара мақсаттар үшін пайдаланушылар барлық кезде де болған, оны біз ғылымдар тарихынан жақсы білеміз. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап дамыған ядролық физика жетістіктері де дәл сондай топтардың қолында болды.

7-11 сынып физика оқулығын алып, экологиялық мазмұнды тақырыптардың тізімін жасаңдар. Экологиялық мазмұндағы есептерді жазып келіңдер.


Бақылау сұрақтары:

1.Тақырыптарды оқытуда экология мәселелерін қолданудың қандай жолдары бар?

2.Экологиялық мазмұнды тақырыптарды оқытудың мақсаты қандай?

3.Экологиялық мазмұныд есептерді қай сыныптарда шығару маңызды болып табылады?


Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

1.М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

2.Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.

3.Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 10

ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі)

Мақсаты: Физика сабағына қатынасу және оған толық талдау жасау.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Сабақты бақылау барысында студент келесі кезеңдерге көңіл аударуы керек:



  1. Үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілді? Сабақ материалы өткен сабақпен қаншалықты байланысты болды?

  2. Мұғалім оқушыларға қандай бағалар қойды? Олар дұрыс бағаланды ма?

  3. Сабақтың тақырыбы ашылды ма және мақсатына жетті ме?

  4. Материалды баяндау кезінде қандай әдістер қолданылды?

  5. Мұғалім мен оқушылардың құралмен жұмыс жасауы қандай деңгейде?

  6. Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары қалай ұйымдастырылды?

  7. Сабақтың басы мен соңы қалай ұйымдастырылды?

Сабақтан соң ұсынылған жоба бойынша сабақ талданады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сабақты талдау не үшін қажет?

  2. Сабақты талдау барысында қандай мәселелерге назар аудару керек.

  3. Өзара сабаққа қатынасу не үшін қажет?


Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

1.М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

3.Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 11

ТАҚЫРЫБЫ: Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы.

Мақсаты: Білімдерді жалпылау және қайталау сабақтарының мақсатын және әдістемесінің мәнін анықтау.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Қайталау – білімдерді меңгеру процесінің міндетті және қажетті бөлігі. Білімдерді жалпылау және қайталау сабағының мақсаты оқу материалының жүйесін қорытындылап, қайталап бекіту. Мұндай сабақ физика курсының үлкен бір тақырыбын немесе тарауды оқытудың соңында өткізіледі.

Білімдерді жалпылау және қайталау сабағының кезеңдері төмендегідей болуы мүмкін:

1.Ұйымдастыру бөлімі;

2.Жаттығулар мен әртүрлі тапсырмалар орындау;

3.Оқушылардың білімдерін бағалау;

4.Үйге тапсырма беру.

Студенттер алдын-ала берілген тарау бойынша қайталау сабағының жоспарын тексертеді.



Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.

  2. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.

  3. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.

Практикалық сабаққа алдын-ала тарауды немесе бөлімді қайталауға берілген тақырыптар бойынша студенттер сабақ жоспарын жасайды, жасалған сабақ жоспарын талдау.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 12

ТАҚЫРЫБЫ: Оқу конференциялары

Мақсаты: Оқу конференцияларын дайындау және өткізу әдістемесін талдау

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Конференция – ұжымның үлкен шығармашылық жұмысының қорытындысы. Конференцияны өткізудің әдістемесі тақырыбы мен қойылған мақсатына орай әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары сынып оқушылары үшін конференция бірнеше ай бойы өткен физика курсының немесе үлкен тарауды, тақырыпты меңгеру жұмысының қорытындысы немесе тіпті бүкіл оқу жылының қорытындысы да болып табылады.

Конференцияда білімді оқушылар өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан (7-8 минуттық) алады. Мұғалім оқушыларға баяндамаларды бөліп беріп, оған тиісті әдебиеттерді көрсетіп (қажет болса, тауып беріп), кеңес береді, конференцияны ұйымдастырады, баяндамаларды талқылаттырады және қорытындылап, баяндамашыларға баға қояды.

Оқу конференциясын негізінен физика-техникалық жаңалықтардың тарихы, физикалық приборлар мен техникалық қондырғылардың жұмыс принциптері, физикалық заңдардың өндірісте қолданылуы сияқты мәселелерге арнаған тиімді. Конференция өткізу жоспарын (баяндамашылардың тізімін, әдебиеттерді көрсетіп) 10-15 күн бұрын физика кабинетіне іліп қою керек. Конференцияда баяндамашылардың демонстрациялық эксперимент, сызба, кино-фильмдер көрсеткені жөн.

Мысалы, «Электр құбылыстары табиғатта және техникада» деген тақырыпқа арналған конференцияны мынадай жоспар бойынша өткізуге болады.

1.Электр құбылыстарын зерттеу, ашылу тарихы.

2.Найзағайдың табиғатын алғаш зерттеу. Найзағай – электр разряды.

3.Найзағайдан сақтану шаралары.

4.Табиғатта және техникада денелердің электрленуі.

5.Электрленген денелердің әсерлесуін техникада пайдалану (электростатикалық сырлау, электрофильтр, тұқымдық бидайды электрлік сорттау, т.т.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет