ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


IV кезең 9- сыныпта химияны оқытуда



бет8/51
Дата18.02.2017
өлшемі5,52 Mb.
#10309
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51

IV кезең 9- сыныпта химияны оқытуда.

Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды дамыту.

Атомдардың электрондық қабаттарының құрылымы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Молекулалар мен кристалдардың электрондық құрылымы. Иондық және коваленттік байланыстар. Полярлы және полярлы емес ковалентті байланыс. Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торлар.

Жоғарыда көрсетілген кезеңдерден заттардың молекулалық құрылысы жайындағы ұғымдар 7-сынып оқушыларына физика сабақтарында қалыптастырылатынын көруге болады. Бұл ұғым кейіннен 8-сыныптың химия курсында дамытылады. Осының нәтижесінде оқушылар заттың атом-молекулалық құрылымы жөніндегі ұғымдарды кеңінен меңгеретін болады. 8-сынып физика және химия, кейіннен 9-сынып химия курстарында бұл ұғым дамытылады және тереңдетіледі.

Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың жалпы шарттарына төмендегілерді жатқызуға болады: ұғымдық жүйенің негізін құрайтын қалыптастырылатын ұғымдарды таңдау; ұғымдарды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті оқу материалының көлемін таңдау; сәйкес курсты оқыту процесінде оқушыларға ұғымдарды қалыптастырудың және дамытудың кезеңдерін анықтау; пәнаралық байланыстарды тағайындау; ұғымдарды тиімді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін таңдау.

2. Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы.

Физика және математика курсының байланысы. Математиканың физикамен айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалануды көз алдымызға елестетейік. Координат жазықтығын оқып үйренумен байланысты мектеп оқушылары әртүрлі графиктерді сызып үйренеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың физикадан механикалық қозғалыс жолының, жылдамдығының, сондай-ақ, балқудың, қатаюдың графиктерін салуына өз игілігін тигізеді. Сөйтіп, математикадан алған білімдерін оқушылар физикалық білім игеруге пайдалана бастайды. Олар әртүрлі математикалық шамаларды өлшеу, сан мәндерін дөңгелектеу туралы алған ұғымдарын физикалық эксперименттер нәтижесін анықтауға (әртүрлі өлшеу жүргізу барысында) қолдана алады. Сол сияқты, оқушылар екі айнымалысы бар теңдеу туралы алған түсінігін және оны шешу жолындағы игерген тәсілдерін, тура және кері байланыс, т.б. ұғымын физикада жиі пайдаланады. Олар функция ұғымын игеріп, оның берілу тәсілдерін меңгереді. Одан кері функция түрлерін оқып үйренеді, олардың графиктерін сызып дағдыланады. Бұл дағдылар мен математикалық білім физиканы игеру үшін қаншалықты қажет екені түсінікті.


Физика мұғалімі оқушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика мұғалімдерімен бірігіп, әдіс қолдануы қажет.

Физика және химия курстарының байланысы. Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отыратыны мәлім. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, т.б. жататыны мәлім.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрылысы теориясын, т.б. оқып үйренуде айқын көрініс алады.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Пәнаралық байланыс – әр түрлі оқу пәндерін кіріктіре оқытудың үйлесімділігі.

Пәнаралық байланыстың түрлері: уақыттық белгісі бойынша; 2.мазмұндық белгісі бойынша.

Уақыттық белгісі бойынша пәнаралық байланыстар – болып өткен, ілеспелі және келешекте болатын байланыстарға бөледі.

Мазмұндық байланыстар – факті жүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп ажыратады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Пәнаралық байланыс деген не?

  2. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Физика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңдер.

  4. Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсетіңдер.

6 - тақырып. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.


Дәріс жоспары

1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.

2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.

4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттары.

5.Оқыту әдістерінің классификациясы.



Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.

Оқушылардың білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру аса қажет.

Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі.

Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады. Бұл:

- оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыру;

- оқушыларға дүние-танымдық көзқарас қалыптастыру;

- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.

Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы; ә) нақты формасы. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 5-суретте көрсетілген.


Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының ұжымдық, топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына байланысты анықталады, яғни тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы оқу үрдісіндегі атқаратын міндетіне, оқу материалын баяндау тәсілдеріне, білімдерді қалыптастыру және жетілдірудегі, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі білім көздеріне байланысты анықталады, мысалы лекция – жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізу көзделеді. Себебі, ұзақ уақыт бойы жаңа ақпараттарды қабылдауға дағдыланған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет