ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
ПОӘҚ
|
ПОӘҚ 042-18-23.1.34/01-2015
|
ПОӘҚ
Оқытушыға арналған пән
«Ветеринариялық санитарияның қазіргі мәселелері»
бойынша бағдарламасы
|
Баспа №__күні_____
|
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
мамандық үшін 6М120200 – «Ветеринариялық санитария»
МАГИСТРАНТТАР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2015
МАЗМҰНЫ:
Дәріс:
1.Қазақстан Республикасында ветеринарияның болашақтағы дамуы
2.Қазақстан Республикасында ветеринарияның болашақтағы дамуы
3.Шет елде ветеринарияның болашақтағы дамуы
4.Шет елде ветеринарияның болашақтағы дамуы
5. Қазақстан Республикасындағы өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
6. Еуропадағы өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
7. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
8. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
9.Еуропа елдерінде мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
10.Еуропа елдерінде мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
11. Әдеттегі емес азықтармен, минералды, биологиялық активті заттармен малдарды азықтандырғандағы өнімдердің сапасы
12. Әдеттегі емес азықтармен, минералды, биологиялық активті заттармен малдарды азықтандырғандағы өнімдердің сапасы
13.Өнімдердегі биологиялық активті заттардың қалдық мөлшерін анықтау әдістері
14.Өнімдердегі биологиялық активті заттардың қалдық мөлшерін анықтау әдістері
15. Генетикалық модифицирленген өнімдер
16. Генетикалық модифицирленген өнімдер
17. Карантин ауруларында, әсіресе қауіпті антропозоонозды ауруларында өнімдерді санитариялық бағалау
18. Карантин ауруларында, әсіресе қауіпті антропозоонозды ауруларында өнімдерді санитариялық бағалау
19. Азық өнімдерінің сапасын басқару
20. Азық өнімдерінің сапасын басқару
21. Жаңа дезинфекциялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
22. Жаңа дезинфекциялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
23.Жаңа дезинсекциялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
24.Жаңа дезинсекциялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары 25.Жаңа дератизациялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
26.Жаңа дератизациялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
27. Ветеринариялық- санитариялық шараларды жаңа технологиялық әдістерді және аппараттарды қолдану тәсілдері
28. Ветеринариялық- санитариялық шараларды жаңа технологиялық әдістерді және аппараттарды қолдану тәсілдері
29. Ветеринариялық- санитариялық шараларды жаңа технологиялық әдістерді және аппараттарды қолдану тәсілдері
30. Коллоквиум
Практикалық сабақ:
1. Қазақстан Республикасындағы өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
2,3. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
4,5. Еуропа елдерінде мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
6, 7. Әдеттегі емес азықтармен, минералды, биологиялық активті заттармен малдарды азықтандырғандағы өнімдердің сапасы
8, 9. Генетикалық модифицирленген өнімдер
10,11. Жаңа дератизациялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
12,13. Азық өнімдерінің сапасын басқару
14.Ветеринариялық- санитариялық шараларды жаңа технологиялық әдістерді және аппараттарды қолдану тәсілдері
15. Коллоквиум
Дәріс
1,2. Қазақстан Республикасында ветеринарияның болашақтағы дамуы.
Ветеринарияның негізгі мақсаты қандай?
Қазіргі ветеринарияның мәселелері.
Ветеринария (латын сөзінен - veterinarius – малды қараушы, мал емдеуші). Ветеринария биологиялық ғылым жүйесіне жатады, өзінің дамуында медицина, физика, химия жетістіктерін пайдаланады. Ветеринарияға анатомия, гистология, микробиология, паразитология, вирусология, клиникалық диагностика, терапия, ветеринариялық санитария, фармокология, токсикология, хирургия, зоогигиена, иммунология, эпизоотология, ветеринариялық санитария экспертизасы кіреді. Ветеринарияның негізгі мақсаты – мал шаруашылығының ветеринарлық санитарлық сәттілігін сақтап, одан санитарлық сапасы жоғары өнімдер мен шикізаттар өндіруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ол халықты зооантропоноздардан сақтау, елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларын да ұдайы жүргізіп отырады. Ветеринария ісінің жалпы мағынасы оның өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін сан алуан арнайы шараларды іске асыруда екені көрінеді. Ветеринария ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде халық шаруашылық немесе экономикалық зор маңызы бар, ветеринарлық қызметтің тікелей қатысуымен мал ауруларынан сақтандыру, малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі. Осының өзі ақ бұл істің экономикалық маңызын көрсетеді. Қазіргі ветеринарияның мәселелерінің күрделілігі малдарды инфекциялық, протозойлық, гельминтозды, арахноэнтомозды, жұқпалы емес аурулардан сақтандыру болып табылады. Әсіресе адам мен малдарға ортақ ауруларға қарсы күресу болып табылады. Негізгі міндет келесі гельминтоздарды жою: фасциолез, эхинококкоз, финноз. Қазіргі кезеңде ветеринарлық санитарлық талаптарға сай келмейтін көптеген шағын кәсіпорындар, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары және т.б жекеменшік іскерлік құрылымдар пайда болуда. Еліміздегі ветеринария ісінің жағдайын нығайту үшін республика үкіметі және мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар соңғы уақытта көптеген құқықтық-нормативтік құжаттар қабылдап отыр. Үкімет тарапынан мемлекеттік және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің құрылымын жетілдіру, мамандар дайындаудың сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылығының ветеринарлық санитарлық жағдайына, шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқты жұмыс жүргізілуде.
3,4. Шет елде ветеринарияның болашақтағы дамуы.
Мал шаруашылыққа үлкен зиян келтіретін аурулар.
Малдар денсаулығы бөліміне не кіреді?
Батыс Европа мен солтүстік Американың көп бөлігінің территориясында негізінен инфекциялық, инвазиялық аурулардан бос болып келеді (ірі қараның обасы, маңқа, перипневмония, трипаносомдар, тейлериоз). Бірақ онда құтырық, аусыл, энцефаломиелеттер, шошқаның обасы және басқа жұқпалы аурулар тіркеледі. Азия, Африка, оңтүстік Америкада малдардың жұқпалы аурулары (ірі қараның обасы, аусыл, шошқаның африкалық обасы, жылқылардың африкалық обасы, маңқа) бұл мемлекеттердің мал шаруашылығын тежеп, үлкен зиян келтіреді. Ветеринарлық мамандарды дайындау екі жүз жоғары ветеринарлық оқу орындарында, әсіресе Европа мен солтүстік Американың 80 % жүзеге асады. Осы оқу орындарында, сонымен қатар ғылыми-зерттеу ветеринарлық институттарында ветеринарияның қазіргі мәселелерімен айналысады. Ветеринарлық қызмет көрсетуші аудандық орталық жекеменшік және кооперативтік шаруашылықтардың, жергілікті дәрігерлердің сұраныстары мен ветеринария саласындағы заңдылық пен Ауыл шаруашылық министрлігінің нұсқауларына сәйкес өз бетімен алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің малдар денсаулығы бөліміне Мемлекеттік ветеринарлық бақылау зертханасы кіреді. Ол Жапонияда өндірілетін немесе импортталған биологиялық, фармацевтикалық препараттардың барлығын тексеріп отырады. Малдар денсаулығы бөлімінде ветеринарлық карантин қызметі де бар. Оның негізгі міндеті малдардың инфекциялық аурулары туралы заңға сәйкес, малдар мен өнімдерінің экспорт-импорт алмасуына бақылау жасау.
Ветқызметтің іс-әрекеті алдын ала құрылған бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Негізінен әрбір аймақтық ветеринарлық қызмет құрамына туберкулез және бруцеллезбен күрес; ірі қара мал аурулары, шошқа мен құс ауруларымен шұғылданушы, мал өнімдерінің импорт-экспортын, биопрепараттар сапасын тексеруші мемлекеттік зертханалар, ветеринарияға қажетті биопрепараттар мен химиялық терапевтік өндіру зертханалары сияқты бөлімдер енеді. АҚШ-та мал ауруларын тіркеуші жүйе құрылған. Олар малдың жұқпалы аурулары туралы, азықтандыру, бағып күту кемшіліктерін, шаруашылықты салақ жүргізу салдарынан болатын аурулар туралы, лар келтіретін зиян, емдік және алдын алу шараларына жұмсалатын шығындар мен олардың экономикалық тиімділігі туралы мағлұматтар жинайды. Шет елдердің көбінде ветеринарлық қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде орын тепкен. Бұл елдердің 25%-не жуығында мал шаруашылығы өнімдерін және ветеринарлық препараттарды сараптауға ветеринария мамандарымен қатар, денсаулық сақтау саласының мамандары да қатынасады. Елдердің 50%-інде ветеринарлық қызмет ветеринарияға қоса мал шаруашылығы мәселелерімен де шұғылданады және төрт елде ветеринарлық қызметтің басшысы мал шаруашылығы үшін тікелей жауапты.
№5. Қазақстан Республикасындағы өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1.Тамақ өнімдеріне зиян келтіретін қауіпті факторлар
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнімдерінде химиялық зиянды заттардың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процестердің де әсері айтарлықтай болуы мүмкін.
Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.), “Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұжырымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзеге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады.
6. Еуропадағы өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1. Тамақ қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық орган (EFSA)
2. Еуропадағы өнімдердің қауіпсіздігі
Тамақ қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық орган (EFSA)
80-ші жылдардың аяғында және 90-шы жылдары, ЕО-да тамақ қауіпсіздігі жөнінде бірсыпыра дағдарысты жағдайлар орын алды, бұл, тұтастай алғанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ғана емес, ретті бақылау мен құқық қорғау механизмдеріне, сондай-ақ ғылыми негіздеме мен саяси базаға жұртшылық сенімінің едәуір жоғалуына алып келді. Бұл мәселелер тамақ қауіпсіздігі жөніндегі жүйе мен саясатты ЕО деңгейінде ғана емес, көптеген қатысушы елдерде толық қайта қарауға алып келді.
EFSA Комиссия, Парламент және Қатысушы мемлекеттер (Кеңес) тарапынан қатерді басқару бойынша саясат пен жауапкершіліктен толық дербес, қатерді ғылыми бағалауды тәуелсіз органға беру үшін құрылған болатын. EFSA қызметінің екі негізгі түрі бар – бұл тамақтың қауіпсіздігін, денсаулықты қорғауды және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің салауаттылығын қоса алғанда, тамақ өнімдерінің және малға арналған жемнің қауіпсіздігі жөніндегі барлық мәселелерге байланысты Қатерді Бағалау және Қатер туралы Ақпарат. Жоғары тұрған Ғылыми Комитеттің, Сараптамалық Комиссияның және арнаулы сараптамалық топтың құрылымы арқылы ол тәуелсіз консультацияны қамтамасыз етеді, онда Комиссия, Парламент және Кеңес тамақ және жем өнімдері қауіпсіздігінің барлық аспектілеріне байланысты заңнама мен саясатты негіздейді. EFSA бағалауының барлық рәсімдері, көзқарастары мен консультациялары бақылау мен зерттеудің неғұрлым ашық процесі үшін қоғамдық тұрғыдан қол жетімді ақпарат болып табылады.
Қазіргі кезде ЕО заңдарының көпшілігі техникалық бөліктер енгізу аяқталғанға дейін EFSA-да формальды консультация өткізуді талап етеді. Бұған қоса, EFSA Комиссияның консультация беру жөніндегі нақты сауалдарына, яғни тамақ өнімдері жөніндегі жаңа сұрақтарға қатысты жауап береді. Оның өз бастамасы бойынша мәселені белсенді зерттеуге; туындайтын қатерді анықтауға, ғылыми деректер жинауға және қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен келісімді қамтамасыз етуге құқығы бар.
№7,8. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
1. Қазақстан Республикасында базар қатынастарының қазіргі даму жағдайында мал шаруашылық өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
2. Нарыққа көшкендегі Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері
Мал шаруашылық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау малдарды сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі ауруларды диагностикалауға сонымен қатар ет,сүт, балық, жұмыртқа, бал және олардан жасалынған өнімдерді микробиологиялық, гистологиялық, физикалық, химиялық және зертханалық зерттеуге негізделеді.
Нарық экономикасының жағдайында ветеринариялық қадағалаудың ролі жоғарлады, себебі мемлекетте шығарылатын өнімнің қауіпсіздігіне үнемі кепілдік бере алмайтын ет өндейтін көптеген ұсақ цехтар пайда болды.
Қазақстанда мыңдаған ұсақ және ірі базарлар ұйымдастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою, оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
-Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде , жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал –жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізтқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын , оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп , республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;
- ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
9,10. Еуропа елдерінде мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер.
Халық аралық мекемелердің ролі?
Мал шаруашылықтың негізгі мақсаты қандай?
Шет елде ауыл шаруашылық өндірісте экологиялық қауіпсіз өнімді алуда халық аралық мекемелер үлкен роль атқарады. Экологиялық шаруашылықтарды халық аралық Федерация IFOAM бағыттайды және бақылайды. Экологиялық ауыл шаруашылықтың мақсаттары: жоғары құндылықты тағам өнімдерін өндіру, табиғи экожүйемен байланысқан ауыл шаруашылық өндірісті өндіру, биологиялық циклдарды стимульдеу, топырақ құнарлылығын сақтау болып табылады.
Осыған байланысты АҚШ-та, жаңа Зеландияда және көптеген Еуропа елдерінде соңғы он жылдары өсімдік және мал шаруашылығында ауыл шаруашылықты енгізудің бүкіл жүйесі қарастырылды. Мал шаруашылықтың негізгі мақсаты адам үшін сапалы зияны жоқ өнім алу болып саналады.
Еуропа елдерінде экологиялық қауіпсіз өндіріске көшу бағдарламасы жасалған. Экологиялық қауіпсіз өнімді өндіру Швецияда шаруашылықтармен ұсталады. Германия, Франция, Швеция, Австрия және басқа Еуропа елдерінде аграрлық өндірісте өсімдіктерді қорғаудағы биологиялық әдістерді енгізу, топырақ құнарлылығын арттыру, яғни ауыл шаруашылықта биологиялық жүйені енгізу жүзеге асады.
№11, 12. Әдеттегі емес азықтармен, минералды, биологиялық активті заттармен малдарды азықтандырғандағы өнімдердің сапасы
Өндірістік азықтардың негізгі категориялары және олардың сапасы
Өндірістік азықтардың түрлері
Үй жануарлары үшін өндірістік азықтардың 3 негізгі категориялары бар:
-экономикалы
-кәдімгі
-бірінші класты
Әр түрлі категориялы азықтар өзара өздерінің сіңімділігімен, балансталынуымен, құрамымен ингредиенттердің әр түрлілігімен, дәмдік қасиеттері және сәйкесінше бағасымен ерекшелінеді.
Кез келген азықтың сапасы ең алдымен:
-азық дайындалатын шикізат көздерінің сапасына;
-дайындалатын рецептурасына;
-азық өндірілетін қоңдырғыға байланысты.
Жоғарғы сапалы азықтар жоғарғы технологиялы қоңдырғыларда өндіріледі және олар үнемі жаңарып отырылуы тиіс. Ол жақсы дәмдік, органолептикалық көрсеткіштерін алуға және ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Мысық пен иттерге арналған азықтардың этикеткаларында келесідей ақпарат міндетті түрде болуы тиіс:
Өнімнің атауы
Таза салмағы
Шикі протеиннің, майдың, су мен клетчатканың құрамы
Ингредиенттер тізімі
Өндірушінің, дистрибьютордың аты мен мекен жайы
Азық арналған жануар түрі
Арнайы тағайындалуы және бұл азықтың осы мақсатқа сай келуі туралы ақпарат
Қазіргі кезде жануарларға арналған азықтардың 3 негізгі түрі шығарылады:
-құрғақ (ылғалдылығы 6-10%)
-жартылай құрғақ (ылғалдылығы 23-40%)
-консервіленген (ылғалдылығы 68-78%)
Құрғақ азықтардың негізгі артықшылығы: құны неғұрлым төмен болуында (басқаларға қарағанда 2-3 есетөмен), бірақ басқа азықтарға қарағанда олар дәмсіз және құрамына тек құрғақ ингредиенттер кіреді.
Консервіленген азықтардың дәмдік қасиеттері жақсы, бірақ олар қымбат болып келеді. Құрамына құрғақ және ылғалды ингредиенттер кіреді.
Жартылай құрғақ азықтар құрамында әр түрлі ингредиенттер, соның ішінде балық және жануар ұлпалары т.б. болуымен ыңғайлы.
Премикстер-витаминдер, микроэлементтер, минералді заттар, аминоқышқылдардың, антиоксиданттар мен микробқа қарсы препараттардың қоспасы. Комбикормдарға әдетте 1% премикстерді қосады. Премикс компоненттерінің әсері азықтардың сіңімді заттарын жануар организмі жақсы қортылуына жағдай жасайды. Витаминдер мен микроэлементтер жануарлардың ферментативті, гормональді және иммунды жүйесін активтендіреді.
13,14. Өнімдердегі биологиялық активті заттардың қалдық мөлшерін анықтау әдістері.
1. Антибиотиктердің қалдық мөлшерінің әсері?
2. Балда антибиотиктер байқалса не істеледі?
Ветеринария мен мал шаруашылығында әр түрлі ауруларды емдеу және алдын алу үшін антибиотиктерді кең қолданады, сонымен қатар ауыл шаруашылық малдарды бордақылау және өсіргенде стимулятор ретінде пайдаланады. Мал текті тағам өнімдерінде антибиотиктердің қалдық мөлшері адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол адамда анафилаксиялық және аллергиялық реакцияларды тудырып, ас қорыту аппаратының дисбактериозын туғызып, антибиотикке тұрақты патогенді микроорганизмердің штаммдары пайда болады. Токсикалық, тератогендік және мутагендік әсер етеді. Мал текті өнімдерде антибиотиктер болғанда бактериологиялық зерттеуді ауырлатады, сүт қышқылды өнімдер мен шикілей қақталған шұжықтарды өндіру технологиясы бұзылады.
Малдар мен құстарды сояр алдында емдеу және профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қолдану келесі уақыттарда берілуі тоқталуы қажет: кәдімгі бензилпенициллин, эритромицин, олеандомицин препараттарын – бір тәулік, хлортетрациклин, окситетрациклин, тетрациклин, полимиксин препараттарын – үш тәулік, стрептомицин, канамицин, неомицин, мономицин препараттарын – жеті тәулік бұрын. Пролонгирленген антибиотиктерді енгізгенде келесі уақытта берілуі тоқталуы қажет: бициллин – алты тәуллік, дибиомицин - отыз тәулік, дитетрациклин – жиырма бес тәулік бұрын.
Антибиотиктермен емделген малдардың сүтін тағам мақсатында қолдануға тиым салынады (препаратты ақырғы рет енгізгеннен кейін): бұлшық ет ішіне пенициллин, тетрациклин, окситетрациклин, неомицин кәдімгі формаларын – 12 сағат, стрептомицин – 48 сағат, экмоновоциллин – 24 сағат, бициллин-3 – 36 сағат бұрын. Желін ішіне енгізгенде: пенициллин – 2 тәулік, окситетрациклин, стрептомицин - 5 тәулік, эритромицин – 1 тәулік, мономицин – 7 тәулік бұрын. Атибиотиктер байқалған сүтті малдарды азықтандыру мақсатында пайдаланады. Антибиотиктерді жұмыртқаға емдеу және профилактикалық мақсатта енгізгенде шектеусіз босатыла береді. Балда антибиотиктер байқалғанда тек қана араларды азықтандыруға қолданады.
№15,16. Генетикалық модифицирленген өнімдер
Генетикалық модифицирленген өнімдердің пайда болуы
Генетикалық модифицирленген өнімдердің артықшылығы
Соңғы жылдары тағамға генетикалық модифицирленген өнімдерді (ГМӨ) қолдану өте актуальді болып саналады.
Генетикалық модифицирленген организмдер гендік инженерия әдістері арқылы жасалынады. Бұл ғылым гендік өсімдікке, жануарға немесе микроорганизмге оларға белгілі бір қасиеттерді беру мақсатымен кез-келген басқа организмнің ДНК фрагментін енгізе алуға мүмкіндік береді. Мысалы, томаттар аязға тұрақты генді арктикалы камбаладан алса, картоп генді уы колорад қоңызына өлтіретіндей әсер беретін бактериядан, ал күріш оны неғұрлым сіңімді ететін ана сүтінің құрамына жауап беретін адам генінен алады.
Генетикалық модифицирленген организмдерді экспериментальді түрде шығару ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында басталған. 1992 жылы Қытайда пестицидтерге төзімді табак (шылым)өсіре бастады.1994 жылы АҚШ-та тасымалдауға төзімді генетикалық модифицирленген қызанақтар пайда болды. Сол кезден бастап генетикалық модифицирленген өнімдерді өндіру күшейіп, соның нәтижесінде қазір біз генетикалық модифицирленген күрішті, картопты, қызанақты, рапс, қант қызылшасын, жоғарғы майлылықты сиырларды және басқа да организмдерді кездестіре аламыз.
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттер генетикалық модифицирленген өнімдерді қолданады: АҚШ, Канада, Қытай, Австралия, Аргентина, Мексика, Уругувай. Көптеген атақты компаниялар генетикалық модифицирленген ингредиенттерді қолданады: Coca-cola (Coca-cola,Sprite), Pepsi Co (Pepsi,7UP),Nestle (Nesquik, Kit-Kat), Mars, Cad bury.
Ал Швейцарияда референдум өтіп, бұл мемлекет трансгенді өнімдерге «жоқ» дедеі. АҚШ генетикалық модифицирленген организмдерді культивирлеп оларды тағамға қолданған алғашқы мемлекет. Қазіргі кезде АҚШ ГМӨ-дің ірі өндірушісі болып саналады, себебі өнімдік тауарлардың 80%-ті генетикалық модифицирленген ингредиенттерді қолдану арқылы жасалынған.
ГМӨ-ң артықшылығы- олар бактериялардың, вирустардың зиянды әсерлеріне сезімтал емес, өнімділігінің жоғары болуымен және ұзақ уақыт сақталуымен ерекшеленеді.
Барлық генетикалық модифицирленген өнімдер тұтынушыға түсер алдында ғылыми-зерттеу орындарында тексеріліп, буып-тиюлу керек.
17,18. Карантин ауруларында, әсіресе қауіпті антропозоонозды ауруларында өнімдерді санитариялық бағалау
Сібір жарасы кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға
Туберкулез кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға
Бруцеллез кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға
Аусыл кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға
Сібір жарасы кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға. Сібір жарасының септикалық немесе карбункулезді формасына күдіктенген жағдайда малдарды сою тоқтатылады. Күмәнді ұшадан көкбауырдың бір бөлігін, зақымданған лимфа түйіндерін зертханаға бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулерге жібереді. Нәтижелерді алғанға дейін ұшаны және барлық мүшелерді оқшаулайды. Бактериоскопия нәтижесінде сібір жарасы анықталса ұшаны барлық мүшелерімен және терісімен қоса бактериологиялық зерттеулердің нәтижесін тоспай жоюға (өрттеуге) жібереді.
Туберкулез кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға. Генерализденген туберкулезде қоңдылық жағдайына қарамастан сонымен қатар кахексия кезінде туберкулезді зақымдану формасына қарамастан ұша мен мүшелерді техникалық утильдеуге жібереді. Локальді зақымдануда ұшаны зақымданған мүшелерді қоса пісіруге, консервілерді өндеуге жібереді. Ішкі майды 100 0 температурада 20 мин ерітеді. Туберкулезбен зақымданған мүшелер мен ұлпаларды техникалық утильдеуге жібереді. Сүйекті туберкулезде қаңқаның барлық сүйектерін техникалық утильдеуге жібереді, ал етті пісіруге немесе консервіге өндеуге жібереді.
Бруцеллез кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға. Бруцеллездің барлық түрлерінің клиниалық немесе патологоанатомиялық белгілері бар малдан алынған етті пісіруден кейін шығарады. Бруцеллезге реакция берген, бірақ бруцеллездің клиникалық және пат.анатомиялық белгілері жоқ ірі қара мен шошқа етін шектеусіз босатады. Бруцелезге оң реакция берген қой мен ешкі етін шұжық немесе консерві өндеуге жібереді. Шұжықты 88-900 С-та батонның ішкі температурасы 750 С төмен емес болғанша пісіреді. Бруцеллезге реакция берген және қой-ешкі бруцеллезі бойынша таза емес шаруашылықтардан түскен ірі қара және шошқа етін консерві немесе шұжық өндеуге жібереді. Бруцеллездің клиникалық және пат.анатомиялық белгілері бар малдардың барлық түрінен алынған етті сүйек-сіңірден айырғанда алынған сүйекті майға ерітуге немесе құрғақ мал азықтарын шығаруға жібереді. Бруцеллезге реакция берген бірақ аурудың клиникалық белгілері жоқ малдардың барлық түрінен алынған бас, бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, қарын және басқа да ішкі мүшелерді шикі түрінде тұтынуға болмайды, оларды пісіруден кейін босатады немесе шұжық не басқа да пісірілетін өнімдерге өндеуге бағыттайды. Бруцеллезге реакция берген жануарлардан алынған ішек, өңеш және несеп қуығын 1% NaCL және 0,5% тұз қышқылында 15-200 С-та 48 сағ ұстайды. Ал бруцеллезбен клиникалық ауырған малдардан алынған ішек, өңеш және қуық техникалық утильдеуге жіберіледі.
Аусыл кезіндегі сойыс өнімдеріне санитариялық баға. Аусыл ауруымен ауырған немесе осы ауруға күдікті малдардан алынған ет және басқа да өнімдерді пісірілген немесе пісірілген-қақталған шұжықтарға немесе консервілерге өнделуге жіберіледі. Көптеген ұсақ немесе кең ауқымды некротикалық ошақтар бұлшық етте табылса, сонымен қатар аусылдың асқынған формаларында ұша мен мүшелерді техникалық утильдеуге жібереді. Сүйектерді 2,5 сағ пісіруден кейін шығарады немесе жануарлардың құрғақ азықтарына өндеуге жіберіледі.
№19,20 Азық өнімдерінің сапасын басқару
Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерінің сапасын басқару
Азық өнімдерінің сапасын басқару
Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады.
НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді.
Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезеңдерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нәтижелі енгізу үшін технологиялық процестерді жетілдіру, құрал-жабдықтарды техникалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұйғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекелділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технологиялық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақылаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.
Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 “Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару” стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген. Бұл стандарт Еуропа қауымдастық кеңесінің директиваларында берілген НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Бірақ санаулы ғана кәсіпорын өздеріне НАССР жүйесін енгізе бастады. Оларда негізінен НАССР жүйесін енгізуге міндетті болып саналатын елдермен ынтымақтастық орнатқан фирмалар ғана.
№21,22. Жаңа дезинфекциялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары
Жаңа дезинфекциялаушы заттарды құру
Инновациялық дезинфекциялаушы заттар
Жаңа эффективті дезинфекциялаушы заттарды құру қазіргі кезде актуальді мәселелердің бірі.
Заманауи дезинфекциялаушы заттарды өңдірудегі перспективті бағыттардың бірі химиялық қосылыстардың әр түрлі топтағы биоцидтердің оптимальді құрамы бар рецептураларды құру, сонымен қатар шығарылатын дезинфекциялық заттың тұтынушы сипатын жақсартатын мүмкін болатын пайдалы компоненттерді қосу болып табылады.
Дезинфекциялық заттарды құрудағы негізгі бағыт микробтарға қарсы әсерін күшейту, уыттылығын төмендету, ерігіштігін жақсарту, қосымша тұтынушы қасиеттерін құру.
Дезинфекциялаушы заттардың белсенділігін жоғарлатудың ең бір жақсы әдісі рецепура құрамына синергистерді енгізу болып табылады. Синергистер деп өз бетінше олардың биоцидтік қабілеті жоқ, бірақ биоцидтерге қосқанда олардың белсенділігін күшейту қабілеті бар заттарды айтамыз. Синергистер микроб клеткасын «уландыртып» олардың қарсы тұру қабілетін азайтады.
Дезинфекциялаушы заттардың рецептураларын толық көлемде құруда ғылыми жол «Полисепт» және «Дезинфекция әлемі» компаниялармен жүзеге асырылады. Онда әр түрлі белсенді әсер ететін заттар (құрамында кислород, альдегидтер: ортофтальді, глутарлы, глиоксаль т.б.) және жоғарғы эффектиті компоненттерді қолданады.
Инновациялық дезинфекциялаушы заттардың бірі ЭКОБРИЗ ОКСИ ал, экологиялық жағынан қауіпсіз дезинфекциялық заттардың бірі АЛЬФАДЕЗ болып саналады. Осы аталған жезинфекциялаушы заттардың жуатын, дезодорирлеуші, антикоррозиялық қасиеттері бар, сонымен қатар олар экономикалық жағынан тиімді. Дезинфекциялаушы заттардың туберкулез қоздырғыштарына грам оң және грам теріс бактерияларға жоғарғы антимикробты белсенділігі бар. Аса қауіпті инфекцияларға, сібір жарасына қоса зерттеулер жүргізілді және осы жоғарыда аталған дезинфекциялаушы заттардың жоғарғы эффективтілігі көрсетілді.
23,24 . Жаңа дезинсекциялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары.
Дезинсекция қай бағытта жүргізіледі?
Химиялық препараттарды ата.
Дезинсекция – (франц. des – жою, лат. - insektum – жәндік) – қоршаған ортадағы зиянкес буынаяқтыларды жою. Малдардың комплекстерінде, фермаларында, құс фабрикаларында және басқа объектілерде профилактикалық мақсат пен инфекциялық, инвазиялық аурулармен күресу үшін жүргізілетін ветеринариялық санитариялық шаралардың негізгі бір бөлігі дезинсекциялау болып саналады. Мал шаруашылығында қансорғыш қос қанатты жәндіктер, бөгелек және кенелер үлкен экономикалық зиян келтіреді. Дезинсекцияны екі бағытта жүргізеді профилактикалық және жою мақсатында. Профилактикалық дезинсекциялау, қан сорғыш жәндіктердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай тудыру арқылы, олардың көп жиналып, ұрық тастайтын жерлерін құрғатып және малдар денесіне жабыспау шараларын жасайды. Арнайы жүргізілетін шараларға дезинсекцияның физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері қолданылады. Физикалық тәсіл ауыл маңын тазалау және жәндіктердің ұрықтарын салатын орындарын, буын аяқтылардың өсетін жерлерін, малдардың терілерін тазалап, ұстағыш құрылымдар пайдалану болады. Физикалық тәсілге жоғарғы температураларды қолдану жатады. Химиялық тәсіл дезинсекцияның ең бір негізгі тәсілі болып саналады. Оның принципі жәндіктерді жою үшін улы заттар инсектицидтерді, кенелерге акарицидті немесе буынаяқтыларды үркітетін репеленттерді қолдануға негізделген. Химиялық препараттарды ерітінді, эмульсия, ұнтақ және аэрозольды түрінде пайдаланады. Биологиялық тәсіл бунақ аяқтылардың табиғи жаулары жәндіктерді пайдалануға негізделген.
Гель түрінде: Блокбастер, Глоболь, Дохлокс, Капкан-гель, абсолют-гель, Фас-гель;
Ұнтақ түрінде: БАФ, Биоцифен, Бифетрин, Неоперкил, Феноксин.
Аэрозоль түрінде: Импакт, Супер Кобра, Фумитокс.
25, 26. Жаңа дератизациялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары.
Дератизацияның әдістері қандай?
Ұнтақ тәрізді дәрілерге жататындарды ата.
Дератизация (латын тілінен de-шығару және француз тілінен rat-егеуқұйрық) эпидемиологиялық және эпизоотологиялық адамдарға қауіп туғызатын, сол сияқты үлкен материалдық зиян келтіретін, кеміргіштерге қарсы күресуге арналған ветеринариялық гигиеналық шаралардың жинағы, инфекцияның таралуына қарсы кеміргіштерді жою әдістері мен заттардың жиыны.
Профилактикалық және жою мақсаттары болады. Профилактикалық өңдеу, яғни дератизация өтетін жердегі белгілі бір кеміргіштердің санын азайтуға арналған препараттар мен әдістер.
Жою әдістері мен препараттары дератизация өтетін жердегі кеміргіштерді толық жоюға арналған.
Дератизацияға келесі әдістерді қолданады:
Биологиялық әдіс бактериальды культураларды пайдалану болып табылады. Адамдар мен малдарға зияны жоқ, сальмонелла тектес, кеміргіштердің организмінде энзоотиялық іш ауруын туғызатын, бактерияларды пайдаланып өлтіруге негізделген. Осы мақсатта кеміргіштердің сальмонеллезінің бактерияларының культурасын (штамптары Исаченко және Прохоровтың) қолданады.
Механикалық әдіс дератизацияға қарсы механикалық препараттар, оның ішінде үркіткіштер жатады. Кеміргіштерді әр түрлі жасанды құралдардың көмегімен ұстап жою жатады. Бірақ мұндай тәсілдерді тек шағын фермаларда немесе кейбір қораларда ғана қолдануға болады.
Химиялық әдіс дератизацияға арналған әр түрлі типті және улылығы бар препараттарды қолдану.
Ұнтақ тәрізді дәрілер: Биорат, Индан-Дуст, Ракумин, Ратиндан.
Сұйық түріндегі дәрілер: Бродефор, Бродифан, Бромадиалон, Бром БД, Бром ХФ, Бромовит, Индан-Флюид.
Гель түрінде: Гельдан, Бродефор гель, Гелькум, Гельцин.
Ұстағыштар: Абсолон брикет, Амус, Варат, Домовой, Морторат.
Монофторин – жедел әсерлі өте улы зат. Тышқандар мен егеуқұйрықтар құрамында 15-16 мг\кг монофторины бар еліктегіш тағамдарды жегенде қолма қол өліп қалады.
27,28,29. Ветеринариялық санитариялық шараларды жаңа технологиялық әдістерді және аппараттарды қолдану тәсілдері.
Ветеринарлық санитарлық шараларға не жатады?
Шараларды жүргізудің маңызы?
Ветеринарлық санитарлық талаптарды бұзушылық салдарын жойып, олардың орындалуын жолға қою үшін тиісті ветеринарлық санитарлық шаралар жүргізу қажеттігі туады. Оларға жататындар, шаруашылықтарда: малдарды, өнімдерін, шикізаттарын, азықтарын шаруашылыққа тыстан әкелуге немесе шығаруға малды, өнімдерін, шикізаттарын қабылдауға тиым салу, белгілі мерзімге жайылымдарды, суаттарды жабу, малды күтіп-бағу кемшіліктерін жою; қораларды, аумағын тазалау, дезинфекциялау; арнаулы алдын алу немесе ветеринарлық санитарлық шараларды жүргізу; карантин енгізу; қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу. Көлікте: малды, мал өнімдерін шикізаттарын тасымалдауға тиым салу: жол үстінде ауырған малды оқшаулап, тиісті шаралар қолдану; көлік жабдықтарын тазалау; дезинфекциялау; ауру ошағын айналып өтетін жолдар белгілеу.
Ет-сүт, шикізат өңдеуші кәсіпорындарында: жарамсыз өнімдерді тәркілеп жою, күдіктілерін залалсыздандыру, ауру малды союға тыйым салу; санитарлық дезинфекция жасау, өндірістік үрдістерді уақытша тоқтату.
Базарларда: жарамсыз ұшаларды, ағзаларды тәркілеу, күдіктілерін залалсыздандыру, мал және мал өнімдерін сатуға тиым салу; базар аумағын тазалау, дезинфекциялау, дератизациялау, базарды уақытша жабу.
Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша, шешім ауызша немесе жазбаша бұйрық, нұсқау, акт, хаттама түрінде беріледі. Шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мамандарына келсек, олар күнделікті өндірістік санитарлық бақылау жүргізеді, қажет болғанда акт жасауға, нұсқау беруге, өндірістік үрдістерді тоқтатуға құқықты. Шаруашылықтар мен кәсіпорындар көлемінде болашақтық жоспарлар көбінесе созылмалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сауықтыру шараларына арналады. Аудан, облыс және республика мекемелерінде материалдық техникалық жабдықтау жоспарларын жасайды, оларда биологиялық препараттарға, зарарсыздандырушы заттарға, техника мен құрал-саймандарға мұқтаждықтың көлемі көрсетіледі.
Практикалық сабақ
№1. Қазақстан Республикасындағы өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1.Тамақ өнімдеріне зиян келтіретін қауіпті факторлар
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнімдерінде химиялық зиянды заттардың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процестердің де әсері айтарлықтай болуы мүмкін.
Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.), “Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұжырымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзеге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады.
№2,3. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
1. Қазақстан Республикасында базар қатынастарының қазіргі даму жағдайында мал шаруашылық өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер
2. Нарыққа көшкендегі Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері
Мал шаруашылық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау малдарды сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі ауруларды диагностикалауға сонымен қатар ет,сүт, балық, жұмыртқа, бал және олардан жасалынған өнімдерді микробиологиялық, гистологиялық, физикалық, химиялық және зертханалық зерттеуге негізделеді.
Нарық экономикасының жағдайында ветеринариялық қадағалаудың ролі жоғарлады, себебі мемлекетте шығарылатын өнімнің қауіпсіздігіне үнемі кепілдік бере алмайтын ет өндейтін көптеген ұсақ цехтар пайда болды.
Қазақстанда мыңдаған ұсақ және ірі базарлар ұйымдастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою, оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
-Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде , жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал –жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізтқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын , оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп , республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;
- ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
4,5. Еуропа елдерінде мал шаруашылықтарына базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өндірудегі ерекшеліктер.
Халық аралық мекемелердің ролі?
Мал шаруашылықтың негізгі мақсаты қандай?
Шет елде ауыл шаруашылық өндірісте экологиялық қауіпсіз өнімді алуда халық аралық мекемелер үлкен роль атқарады. Экологиялық шаруашылықтарды халық аралық Федерация IFOAM бағыттайды және бақылайды. Экологиялық ауыл шаруашылықтың мақсаттары: жоғары құндылықты тағам өнімдерін өндіру, табиғи экожүйемен байланысқан ауыл шаруашылық өндірісті өндіру, биологиялық циклдарды стимульдеу, топырақ құнарлылығын сақтау болып табылады.
Осыған байланысты АҚШ-та, жаңа Зеландияда және көптеген Еуропа елдерінде соңғы он жылдары өсімдік және мал шаруашылығында ауыл шаруашылықты енгізудің бүкіл жүйесі қарастырылды. Мал шаруашылықтың негізгі мақсаты адам үшін сапалы зияны жоқ өнім алу болып саналады.
Еуропа елдерінде экологиялық қауіпсіз өндіріске көшу бағдарламасы жасалған. Экологиялық қауіпсіз өнімді өндіру Швецияда шаруашылықтармен ұсталады. Германия, Франция, Швеция, Австрия және басқа Еуропа елдерінде аграрлық өндірісте өсімдіктерді қорғаудағы биологиялық әдістерді енгізу, топырақ құнарлылығын арттыру, яғни ауыл шаруашылықта биологиялық жүйені енгізу жүзеге асады.
№6, 7. Әдеттегі емес азықтармен, минералды, биологиялық активті заттармен малдарды азықтандырғандағы өнімдердің сапасы
1.Өндірістік азықтардың негізгі категориялары және олардың сапасы
2.Өндірістік азықтардың түрлері
Үй жануарлары үшін өндірістік азықтардың 3 негізгі категориялары бар:
-экономикалы
-кәдімгі
-бірінші класты
Әр түрлі категориялы азықтар өзара өздерінің сіңімділігімен, балансталынуымен, құрамымен ингредиенттердің әр түрлілігімен, дәмдік қасиеттері және сәйкесінше бағасымен ерекшелінеді.
Кез келген азықтың сапасы ең алдымен:
-азық дайындалатын шикізат көздерінің сапасына;
-дайындалатын рецептурасына;
-азық өндірілетін қоңдырғыға байланысты.
Жоғарғы сапалы азықтар жоғарғы технологиялы қоңдырғыларда өндіріледі және олар үнемі жаңарып отырылуы тиіс. Ол жақсы дәмдік, органолептикалық көрсеткіштерін алуға және ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Мысық пен иттерге арналған азықтардың этикеткаларында келесідей ақпарат міндетті түрде болуы тиіс:
Өнімнің атауы
Таза салмағы
Шикі протеиннің, майдың, су мен клетчатканың құрамы
Ингредиенттер тізімі
Өндірушінің, дистрибьютордың аты мен мекен жайы
Азық арналған жануар түрі
Арнайы тағайындалуы және бұл азықтың осы мақсатқа сай келуі туралы ақпарат
Қазіргі кезде жануарларға арналған азықтардың 3 негізгі түрі шығарылады:
-құрғақ (ылғалдылығы 6-10%)
-жартылай құрғақ (ылғалдылығы 23-40%)
-консервіленген (ылғалдылығы 68-78%)
Құрғақ азықтардың негізгі артықшылығы: құны неғұрлым төмен болуында (басқаларға қарағанда 2-3 есетөмен), бірақ басқа азықтарға қарағанда олар дәмсіз және құрамына тек құрғақ ингредиенттер кіреді.
Консервіленген азықтардың дәмдік қасиеттері жақсы, бірақ олар қымбат болып келеді. Құрамына құрғақ және ылғалды ингредиенттер кіреді.
Жартылай құрғақ азықтар құрамында әр түрлі ингредиенттер, соның ішінде балық және жануар ұлпалары т.б. болуымен ыңғайлы.
Премикстер-витаминдер, микроэлементтер, минералді заттар, аминоқышқылдардың, антиоксиданттар мен микробқа қарсы препараттардың қоспасы. Комбикормдарға әдетте 1% премикстерді қосады. Премикс компоненттерінің әсері азықтардың сіңімді заттарын жануар организмі жақсы қортылуына жағдай жасайды. Витаминдер мен микроэлементтер жануарлардың ферментативті, гормональді және иммунды жүйесін активтендіреді.
№8, 9. Генетикалық модифицирленген өнімдер
1.Генетикалық модифицирленген өнімдердің пайда болуы
2.Генетикалық модифицирленген өнімдердің артықшылығы
Соңғы жылдары тағамға генетикалық модифицирленген өнімдерді (ГМӨ) қолдану өте актуальді болып саналады.
Генетикалық модифицирленген организмдер гендік инженерия әдістері арқылы жасалынады. Бұл ғылым гендік өсімдікке, жануарға немесе микроорганизмге оларға белгілі бір қасиеттерді беру мақсатымен кез-келген басқа организмнің ДНК фрагментін енгізе алуға мүмкіндік береді. Мысалы, томаттар аязға тұрақты генді арктикалы камбаладан алса, картоп генді уы колорад қоңызына өлтіретіндей әсер беретін бактериядан, ал күріш оны неғұрлым сіңімді ететін ана сүтінің құрамына жауап беретін адам генінен алады.
Генетикалық модифицирленген организмдерді экспериментальді түрде шығару ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында басталған. 1992 жылы Қытайда пестицидтерге төзімді табак (шылым)өсіре бастады.1994 жылы АҚШ-та тасымалдауға төзімді генетикалық модифицирленген қызанақтар пайда болды. Сол кезден бастап генетикалық модифицирленген өнімдерді өндіру күшейіп, соның нәтижесінде қазір біз генетикалық модифицирленген күрішті, картопты, қызанақты, рапс, қант қызылшасын, жоғарғы майлылықты сиырларды және басқа да организмдерді кездестіре аламыз.
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттер генетикалық модифицирленген өнімдерді қолданады: АҚШ, Канада, Қытай, Австралия, Аргентина, Мексика, Уругувай. Көптеген атақты компаниялар генетикалық модифицирленген ингредиенттерді қолданады: Coca-cola (Coca-cola,Sprite), Pepsi Co (Pepsi,7UP),Nestle (Nesquik, Kit-Kat), Mars, Cad bury.
Ал Швейцарияда референдум өтіп, бұл мемлекет трансгенді өнімдерге «жоқ» дедеі. АҚШ генетикалық модифицирленген организмдерді культивирлеп оларды тағамға қолданған алғашқы мемлекет. Қазіргі кезде АҚШ ГМӨ-дің ірі өндірушісі болып саналады, себебі өнімдік тауарлардың 80%-ті генетикалық модифицирленген ингредиенттерді қолдану арқылы жасалынған.
ГМӨ-ң артықшылығы- олар бактериялардың, вирустардың зиянды әсерлеріне сезімтал емес, өнімділігінің жоғары болуымен және ұзақ уақыт сақталуымен ерекшеленеді.
Барлық генетикалық модифицирленген өнімдер тұтынушыға түсер алдында ғылыми-зерттеу орындарында тексеріліп, буып-тиюлу керек.
10,11. Жаңа дератизациялаушы заттарды құру, оларды табудың қазіргі жолдары.
Дератизацияның әдістері қандай?
Ұнтақ тәрізді дәрілерге жататындарды ата.
Дератизация (латын тілінен de-шығару және француз тілінен rat-егеуқұйрық) эпидемиологиялық және эпизоотологиялық адамдарға қауіп туғызатын, сол сияқты үлкен материалдық зиян келтіретін, кеміргіштерге қарсы күресуге арналған ветеринариялық гигиеналық шаралардың жинағы, инфекцияның таралуына қарсы кеміргіштерді жою әдістері мен заттардың жиыны.
Профилактикалық және жою мақсаттары болады. Профилактикалық өңдеу, яғни дератизация өтетін жердегі белгілі бір кеміргіштердің санын азайтуға арналған препараттар мен әдістер.
Жою әдістері мен препараттары дератизация өтетін жердегі кеміргіштерді толық жоюға арналған.
Дератизацияға келесі әдістерді қолданады:
Биологиялық әдіс бактериальды культураларды пайдалану болып табылады. Адамдар мен малдарға зияны жоқ, сальмонелла тектес, кеміргіштердің организмінде энзоотиялық іш ауруын туғызатын, бактерияларды пайдаланып өлтіруге негізделген. Осы мақсатта кеміргіштердің сальмонеллезінің бактерияларының культурасын (штамптары Исаченко және Прохоровтың) қолданады.
Механикалық әдіс дератизацияға қарсы механикалық препараттар, оның ішінде үркіткіштер жатады. Кеміргіштерді әр түрлі жасанды құралдардың көмегімен ұстап жою жатады. Бірақ мұндай тәсілдерді тек шағын фермаларда немесе кейбір қораларда ғана қолдануға болады.
Химиялық әдіс дератизацияға арналған әр түрлі типті және улылығы бар препараттарды қолдану.
Ұнтақ тәрізді дәрілер: Биорат, Индан-Дуст, Ракумин, Ратиндан.
Сұйық түріндегі дәрілер: Бродефор, Бродифан, Бромадиалон, Бром БД, Бром ХФ, Бромовит, Индан-Флюид.
Гель түрінде: Гельдан, Бродефор гель, Гелькум, Гельцин.
Ұстағыштар: Абсолон брикет, Амус, Варат, Домовой, Морторат.
Монофторин – жедел әсерлі өте улы зат. Тышқандар мен егеуқұйрықтар құрамында 15-16 мг\кг монофторины бар еліктегіш тағамдарды жегенде қолма қол өліп қалады.
№12,13. Азық өнімдерінің сапасын басқару
1.Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерінің сапасын басқару
2.Азық өнімдерінің сапасын басқару
Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады.
НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді.
Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезеңдерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нәтижелі енгізу үшін технологиялық процестерді жетілдіру, құрал-жабдықтарды техникалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұйғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекелділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технологиялық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақылаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.
Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 “Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару” стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген. Бұл стандарт Еуропа қауымдастық кеңесінің директиваларында берілген НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Бірақ санаулы ғана кәсіпорын өздеріне НАССР жүйесін енгізе бастады. Оларда негізінен НАССР жүйесін енгізуге міндетті болып саналатын елдермен ынтымақтастық орнатқан фирмалар ғана.
14. Ветеринариялық санитариялық шараларды жаңа технологиялық әдістерді және аппараттарды қолдану тәсілдері.
Ветеринарлық санитарлық шараларға не жатады?
Шараларды жүргізудің маңызы?
Ветеринарлық санитарлық талаптарды бұзушылық салдарын жойып, олардың орындалуын жолға қою үшін тиісті ветеринарлық санитарлық шаралар жүргізу қажеттігі туады. Оларға жататындар, шаруашылықтарда: малдарды, өнімдерін, шикізаттарын, азықтарын шаруашылыққа тыстан әкелуге немесе шығаруға малды, өнімдерін, шикізаттарын қабылдауға тиым салу, белгілі мерзімге жайылымдарды, суаттарды жабу, малды күтіп-бағу кемшіліктерін жою; қораларды, аумағын тазалау, дезинфекциялау; арнаулы алдын алу немесе ветеринарлық санитарлық шараларды жүргізу; карантин енгізу; қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу. Көлікте: малды, мал өнімдерін шикізаттарын тасымалдауға тиым салу: жол үстінде ауырған малды оқшаулап, тиісті шаралар қолдану; көлік жабдықтарын тазалау; дезинфекциялау; ауру ошағын айналып өтетін жолдар белгілеу.
Ет-сүт, шикізат өңдеуші кәсіпорындарында: жарамсыз өнімдерді тәркілеп жою, күдіктілерін залалсыздандыру, ауру малды союға тыйым салу; санитарлық дезинфекция жасау, өндірістік үрдістерді уақытша тоқтату.
Базарларда: жарамсыз ұшаларды, ағзаларды тәркілеу, күдіктілерін залалсыздандыру, мал және мал өнімдерін сатуға тиым салу; базар аумағын тазалау, дезинфекциялау, дератизациялау, базарды уақытша жабу.
Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша, шешім ауызша немесе жазбаша бұйрық, нұсқау, акт, хаттама түрінде беріледі. Шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мамандарына келсек, олар күнделікті өндірістік санитарлық бақылау жүргізеді, қажет болғанда акт жасауға, нұсқау беруге, өндірістік үрдістерді тоқтатуға құқықты. Шаруашылықтар мен кәсіпорындар көлемінде болашақтық жоспарлар көбінесе созылмалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сауықтыру шараларына арналады. Аудан, облыс және республика мекемелерінде материалдық техникалық жабдықтау жоспарларын жасайды, оларда биологиялық препараттарға, зарарсыздандырушы заттарға, техника мен құрал-саймандарға мұқтаждықтың көлемі көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Смагулов А.К. «Качество и безопасность сельскохозяственной пищевой продукции». – Алматы, 2002.
2. Рогов И.А. « Технология мяса и мясопродуктов». – М.: Агропромиздат, 1988.
3. «Продукты животноводства и животноводческей сырье». Сборник. –М., 1967.
4. Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации, метрологии».- М., 1998, 1999.
5. Лифиц И.М. «Стандартизация, метрология и сертификация». – М., 2002.
6. Мутанов Г.М, «Основы стандартизации, сертификации, метрологии».Менеджмент качества. –Астана, 2003.
7. Никифоров А.Д. «Управление качеством».- М.: Дрофа, 2004.
8. Поздняковский В.М. «Экспертиза мяса и мясопродуктов качество и безопасность».- Новосибирск, 2005.-Б. 524.
9. Макаров В.А. «Ветеринарно- санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства».- М., 1991.-Б. 463.
10. Житенко П.В. «Технология продуктов убоя животных». – М., 1984.
11. Горегляд Х.С. «Ветеринарно- санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства».- М., 1981. –Б. 575.
12. Большаков А.С. «Технология мяса и мясопродуктов».- М., 1976.
Достарыңызбен бөлісу: |