ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет1/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#26776
  1   2   3   4   5   6   7   8

ОӘК 042-18-20.1.86/03-2014

№1 басылым

11.09.2014 ж.



42 беттің беті - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.86/03-2014

«Тұрғын үй құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

11.09.2014 ж.


«Тұрғын үй құқығы» пәні бойынша



«5В030100»- құқықтану мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2014
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Тұрғын үй

тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлы және басқада міндеттерге сай келетін және тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақанадағы бөлме)

2

Дара (бөлек) меншік

тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі

3

Тұрғын жай

тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй  бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).

4

Тұрғын үй-жай (пәтер)

тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай

5

Үй-жай

тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады

6

Жеке тұрғын үй қоры

жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын жай

7

Жалға берілетін үй

жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер)

8

Қосымша жалдаушы

тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан  (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап

9

Тұрғын үйді жалдау (жалға беру)


жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру

10

Жалға беруші


тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап.

11

Кондоминиум


үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны

12

Кондоминиум объектісі

жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен

13

Тұрғын үй кооперативі

азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы комерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, иелену және пайдалану құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады

14

Табысы аздар

мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс денгейіне жетпейтін адамдар

15

Репатрианттар

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар

16

Тұрғын үйді реквизициалау

төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын үйді заң актілерінде белгіленген тәртіппен мәжбүр етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеитін өзгеде өтем түрлерін төлеу

17

Тұрғын үйді жекешелендіру

азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, олзаңдарға сәйкес жүзеге асырылады



2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 1. Тұрғын үй құқығы – 2 сағат

1. Тұрғын ұй құқығының түсінігі және мәні.

2. Тұрғын ұй құқығының қағидаттары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет