ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Тұрғын ұй құқығының әдісі, функциясы, қағидаттары



бет3/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#26776
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Тұрғын ұй құқығының әдісі, функциясы, қағидаттары.


2 Тұрғын үй емес үй жай

3 Тұрғын үйдің тұрғын емес алаңы

4. Тұрғын ұй құқығының жүйесі, түсінігі және мәні.

Ұсынылатын әдебиет


  1. Басин Ю.Г. Вопросы жилищного права. –Алма-Ата,- 1963.

  2. Басин Ю.Г., Попов И.Т. О жилищных правоотношениях советских граждан- АлмАта: Казахстан, 1966.

  3. Басин Ю.Г. Право на жилище-новое конституционное право советского человека. Алма-Ата, 1980.

  4. Басин Ю.Г. Вещные права участников кондоминиума и членов жилищных кооперативов// Научные труды «Әділет». 1998.-№2(4). –С. 21-52.


Тақырып 2. Тұрғын үй заңнамасы – 2 сағат

1. Тұрғын ұй құқығының қайнар көздері.



2 . ҚР-ның аумағында әрекет ететін тұрғын ұй заңнамасының негізгі актілеріне жалпы сипаттама.

3. Әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтардың пайдалануына берiлген мемлекеттiк көмек

1. Тұрғын ұй құқығының қайнар көздері.

Құқық теориясы бойынша, құқықтың қайнар көздері дегеніміз көп рет пайдалануға бағытталған, құқықтық бұйрық түріндегі мемлекеттің еркін білдірудін түрлі әдістерінен құралған жазбаша ресми құжат. Оларды орындауға міндеттіме мемлекеттік заң шығарушы органдар қызметінің көрінісі деп түсінуге болады.

Құқықтың қайнар көздері заңдар және заңға сәйкес актілер нысанында көрініс табады. Заңдар мен заңға сәйкес актілер нормативтік құқықтық актілердің заңды күші бойынша бір-біріне иерархиялық қатынаста болады. Олар бір-біріне заңды күшіне байланысты тең емес. Құқықтың қайнар көзі ретінде ең жоғарғы заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституция иеленеді. Себебі, Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкіл халықтық референдумда мақұлданып ең жоғарғы заңды күшке ие болған.

Конституциядан өзге нормативтік құқықтық актілердін заңды күші келесідей тәртіп бойынша анықталады:

-Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін зандар;

-Қазақстан Республикасының конституциялық зандары және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары;

-Қазақстан Республикасының кодекстері, зандары және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;

-Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары:



- Министрлердің нормативтік бұйрыктары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;

- Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

2. ҚР-ның аумағында әрекет ететін тұрғын ұй заңнамасының негізгі актілері.

ҚР тұрғын ұй қатынастары туралы заңы 16.04.1997.


  1. ҚР Президентінің «Азаматтардың тұрғын ұйге деген құқықтарын қамтамасыз ету туралы» заң кұші бар жарлығы 05.04.1994.

  2. «Мемлекеттік тұрғын ұй қорын жекешелендіру туралы» ереже 24.01.1992.

  3. ҚР Ұкіметінің Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерін беру тәртібі туралы қаулысы 18.12.1997.

  4. ҚР Ұкіметінің Пәтер меншік иелері тұтыну кооперативтерінің қызметін қолдаудың шаралары туралы қаулысы 17.04.1997.

  5. ҚР Министрлер Кабинетінің тұрғын ұй нарығын одан әрі дамыту туралы қаулысы 25.09.1995.

  6. ҚР Ұкіметінің Тұрғын ұйді кұту және тұрғын ұй коммуналдық қызметтерді төлеудің жаңа қағидаларына көшу туралы қаулысы 12.04.1996.

  7. ҚР Ұкіметінің Тұрмысы нашар азаматтарға тұрғын ұйді кұту және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын ұй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы уақытша ереже 12.04.1996.

  8. ҚР Ұкіметінің Тұрғын ұй жәрдемақы қызметі туралы ұлгі ереже 12.04.1996.

  9. ҚР Ұкіметінің Тұрғын ұйлердегі тұрғын емес жайлар мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерін дамыту шаралары туралы қаулысы 27.05.1997.

  10. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 мамыр 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

  11. ҚР Азаматтық кодексі 27.12.1994

3. Әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтардың пайдалануына берiлген мемлекеттiк көмек

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын үйдi жалдаушының тұрғын үй иесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ретпен және шарттармен жекешелендiруiне болады.

Заңда аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келiсiмiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады.

Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады.

Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын және кейiннен мемлекеттiк немесе әскери қызметке, бюджеттiк ұйымдарға жұмысқа тұрған немесе мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқарған азаматқа пайдалануға берiлген тұрғын үй оның және отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң тiлек бiлдiруi бойынша қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлуi мүмкiн.

Өзін өзі бақылау сұрақтары


  1. Тұрғын ұй құқығының қайнар көздері.

  2. Тұрғын үй заңдарының құрылымы.

  3. Тұрғын үй және азаматтық заңнаманың арақатынасы.

  4. ҚР тұрғын үй заңнамасы.

  1. Тұрғын үй заңнамасының уақытқа, кеңістікке, тұлғаларға қарай әсер етуі

Ұсынылатын әдебиет

    1. Басин Ю.Г. Вопросы жилищного права. –Алма-Ата,- 1963.

    2. Басин Ю.Г., Попов И.Т. О жилищных правоотношениях советских граждан- АлмАта: Казахстан, 1966.

    3. Басин Ю.Г. Право на жилище-новое конституционное право советского человека. Алма-Ата, 1980.

    4. Басин Ю.Г. Вещные права участников кондоминиума и членов жилищных кооперативов// Научные труды «Әділет». 1998.-№2(4). –С. 21-52.


Тақырып 3. Тұрғын үй қорлары – 2сағат

1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорының түсінігі

2 Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау

3 Тұрғын үй қорларын құқықтық реттеу



1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорының түсінігі

Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры- Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.

Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.

Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердiң құқықтық режимi

Мемлекеттiк кәсiпорындар өз қызметкерлерiне мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге құқылы. Мұндай тұрғын үй, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа адамдарға да берiлуi мүмкiн.

Аталған тұрғын үйлердi берудiң және оларды пайдаланудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Заңда аталған азаматтарға берiлген тұрғын үй мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге ауыстырылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге және керiсiнше ауыстыруға кәсiпорын әкiмшiлiгi мен жергiлiктi атқару органдарының келiсiмi болған жағдайда жол берiледi.



2. Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау

Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды  жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясының  лауазымды адамдарының өкілеттіктері

Тұрғын үй инспекциясы:

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;

3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Тұрғын үй инспекциясының өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер кіреді.

Тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының:

1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар.

Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:

1) тексеруді Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге;

2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

3) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

4) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;

5) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылық­тарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға міндетті.

Тұрғын үй инспекциясының іс-әрекеттеріне (әрекет­сіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

3. Тұрғын үй қорларын құқықтық реттеу

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) жәнехалықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй пайдаланумен байланысты қарым-қатынастар меншік құқығы бойынша мемлекетке тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың (мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қоры) немесе мемлекеттік кәсіпорынның (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) басқаруындағы тұрғын үй азаматтарға берілген жағдайларда пайда болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру, жалдау және пайдалану тәртібін реттейтін заңнама уақытша құрылым мен маусымдық тұрғын жайларда, бау-бақшалық пен аңшылық үйлерде, туристік базаларда, мотелдерде, кемпингтерде, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, пансиоанаттарда, интернаттарда тұруға таралмайды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға беріледі. Оларға берілетін тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын топтарына мыналар кіреді:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;

І және ІІ топтағы мүгедектер (өздері қылмыс жасаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларды қоспағанда);

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп жатқан отбасылар;

Белгіленген заңдық тәртіпте бекітілген аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан тұлғалар;

Жасына қарай зейнетке шыққан тұлғалар;

Кәмелетке толғанға шейін ата-аналарынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетім балалар. Осы тұлғалар әскерге шақырылғанда бұл жас әскери қызметті өтеу мерзіміне дейін ұзартылады:

Репатрианттар;

Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айрылған адамдар;

Көп балалы отбасылар; Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

Толық емес отбасылар.

Азаматтар мына жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады, егер: олар Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығы бойынша тұрғын үйге ие болмса; олар тиісті елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншіктің мемлекеттік емес нысанына негізделген заңды тұлғаларға тиесілі үйлерде, соның ішінде, тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерінің үйлерінде тұрақты түрде пайдаланатын тұрғын үйге ие болмаса; отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативті санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе; аралас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі немесе одан да көп отбасылар тұрып жатса; отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне (белгіленген заңдық тәртіп бойынша бекітілген аурулар тізімі бойынша) шалдыққан аурулар болса, және сол аурулармен бір тұрғын үйде (пәтерде) тұру мүмкін болмайтын болса.

Азамат (ері немесе зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тиісті елді мекенде бір ғана тұрғын үйді иеленуге құқылы, бұған ерлі-зайыптылардың әрқайсысы осындай тұрғын үйді некеге тұрғанға дейін иеленген жағдайлары жатпайды. Азаматтық заңнаманың басқа заттық құқықтары арасынан тұрғын үйге меншік құқығы және өзге құқықтар (АК-ның 194-бабы) бөлініп алынған, олардың ерекшеліктерін тұрғын үй заңнамасы, бәрінен бұрын — Тұрғын үй заңы анықтайды.

Бұл ретте тұрғын үйге меншік құқығы көп жағынан, әсіресе, мазмұны жағынан, басқа жылжымайтын мүлікке меншік құқығымен ұқсас, дегенмен тұрғын үйдің әрбір адам өміріндегі айрықша маңыздылығынан туындайтын айрықша ерекшеліктер де бар.



Сондықтан тұрғын үйге заттық құқық азаматтық құқық принциптерін ғана емес, сондай-ақ әлеуметгік қорғаудың кейбір принциптерін де білдіреді, кейбір реттерде тұрғын үйде тұрушы азаматтардың мүлделерін қорғауға басымдылық беріледі.

Тұрғын үйге заттық құқықтардың барлық түрлерінің ортақ сипаты сол, олардың объектісі әрқашан да — тұрғын үй, яғни тұрғын үй заңының 2-бабында көрсетілгендей — түрғылықты тұруға арналған және соған пайдаланылатын жеке тұрғын үй (жеке тұрғын үй, пәтер).

Тұрғын үй құқығының субъектісі тек азамат болады.



Мұндай құқықтардың барлығы оларды иемденгендерге өздеріне тиесілі немесе өздеріне берілген тұрғын үйді өз мақсатында, және ешкімнің қандай да бір көмегіне жүгінбей тікелей пайдалануына мүмкіндік береді.

Тұрғын үйге заттық құқықты иемденген адам оны пайдалану және күтіп ұстау жөнінде басқа адамдармен өз тарапынан құқықтық қатынастарға кіре алады. Заттық тұрғын үй құқығын иеленгендердің барлығы оларды кез келген заң бұзушылықтан, оның ішінде меншік иесінің заңсыз әрекеттерінен (егер құқық иемденген тұрғын үйдің меншік иесі болмаса) өз әрекетімен қорғай алады.

Тұрғын үйге құқық бұрында да, экономикалық реформа жүргізгенге және мемлекеттік тұрғын үй қорын жаппай жекешелендіргенге дейін де, барлық азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығын қанағаттаңдырудың, олардың тұрғын үйге мүддесін қорғаудың қүралдары арасында маңызды орын алды. Ондай қанағаттандырудың негізгі формасы жергілікті коммуналдық органдар мен мемлекеттік кәсіпорыңдар (мекемелер) арқылы азаматтарға және олардың отбасыларына жалдау тәртібінде мемлекеттің үй жай беруі еді.

Әрине, жеке үйлер де, кооперативтік пәтерлер де кең пайдаланылды, бірақ тұрғын үй қатынастарының негізгі формасы тұрғын үйді жалдау болды, ал қатынастардың негізгі субъектісі мемлекеттік тұрғьн жайды жалдаушы адам болды.

Тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу, негізінен, тұрғын үй құқығының екінші (ерекше) бөлігін зерделегеңде қарастырылды, оңда өзінше бөлек институт — тұрғын жайды жалдау шарты көзделді.

Қазіргі кезде жағдай мүдде өзгерді. Мемлекеттік тұрғын үй қорының басым бөлігі жекешелендіріледі, жалдау қатынастарынан меншік қатынастарына көшті. Әрине, өз тұрғьш үйін өзі соққан, біреуден сатьш алған немесе өзгедей жолмен иемденген адамдар да меншік иесі больш табылады. Тұрғьн үй қорының бірқатар бөлігі де жалға берілгенімен, тұрғын үй қатынастарының негізгі субъектілері жалдаушылар емес, меншік иелері.

Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру, жалдау және пайдалану тәртібін реттейтін заңнама уақытша құрылым мен маусымдық тұрғын жайларда, бау-бақшалық пен аңшылық үйлерде, туристік базаларда, мотелдерде, кемпингтерде, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, пансиоанаттарда, интернаттарда тұруға таралмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінен тұрғын үй алуға азаматтардың құқықтары тең екенін жария ете отырып, жаңа тұрғын үй заңнамасы тұрғын үйді кезектен тыс және бірінші кезекте алу деген түсініктерді сақтап қалған.

Тұрғын үйді кезектен тыс және бірінші кезекте алу Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын күшіне еңгізу сәтінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылған кейбір категориядағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарының кепілдікретін қолдаумен байланысты. Бұған қоса аталған заңды күшіне енгізгенге дейін есепке қойылған барлық азаматтар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың бұрынғы тәртібі сақталады.

Отбасы мүшелері тұрғын үйді пайдалану бойынша жалға алушымен бірдей құқықтарды пайдаланады. Олар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартынан туындайтын міндеттерді де атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелері тұрғын үйді жалдау шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша жалға алушымен бірге ортақ мүліктік жауапкершілікте болады.

Тұрғын үйді қосымша жалға беруге жол беріліп қана қоймайды, сонымен қатар оған қолдау да көрсетіледі. Мысалы, егер жалға алушы өзіне сақталатын уақытша бос тұрған тұрғын үйге ешкімді тұрғызбаса онда үш айлық мерзім өткеннен кейін жалға беруші оны жалға алушының келісімінен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзімінен шегінде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы. Жалға беруші тұрғын үйді қосымша жалға берген кезде қосымша жалдау мерзімі жалдаушы мен оның отбасы мүшелері мерзімінен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкін. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерінің қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы. Қосымша жалдаушылар немесе уақытша тұрғандар тұрғын үйді босатудан бас тартқан жағдайда олар жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берілместен шығарылуға тиіс.

Бірақ, мемлекеттік тұрғын үй азаматқа тұрғын үйге деген аса қажеттілігін қанағаттандыру үшін берілетінін ойдан шығармауымызкерек. Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінде тұрғын үйді жалдау қатынастарының ерекшелігі болып оның мерзімсіз сипаты табылғанмен, мұндай тұрғын үйді азамат үшін мерзімсіз сақтау, егер ол онда тұрмайтын жағдайда, және сонымен бірге жалға алушының заттық құқықтарын қолдау мемлекеттік тұрғын үйді берудің заңдық дәлелдерімен қайшылыққа түседі, сондықтан ол уақыты жағынан шектелген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті органдарда жүзеге асырылады. Есепке әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар немесе тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметшілер мен сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда отырған тұлғалар алынады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті органдарда жүзеге асырылады. Есепке әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар немесе тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметшілер мен сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда отырған тұлғалар алынады.

Есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Азаматтардан қандай да бір қосымша құжаттарды беруді талап етуге тыйым салынады.

Азаматтардың өздерін және өздерінің жанұя мүшелерін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж ретінде есепке қою туралы арыздары тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органда бір ай ішінде қаралады. Есепке алу немесе одан бас тарту туралы шешімді бір айлық мерзім өткенге шейін жергілікті атқарушы орган арызданушыларға жазбша түрде хабарлауға тиіс. Қабылданған шешім бойынша тұрғын үй құқықтары бұзылған азаматтар оларды қорғау бойынша заңнамамен көзделген іс шараларды қолдана алады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілетін тұлғалар ретінде азаматтарды есепке қоймау туралы шешім қабылдаудың негіздерін нақты көрсету үшін заңнамада (Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 72-бабы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке алудан бас тарту негіздері көзделген. Сырт көзге қарағанда аталған тізім түпкілікті көрінгенмен, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабының нормаларының мағынасы бойынша, тұлғаны тұрғын үй есебінен шығару негіздері ретінде сонда көзделген негіздер азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін тұлғалар ретінде есепке алудан бас тарту негіздері, егер бұл негіздер оны есепке алғаннан кейін анықталса, тұлғаны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарудың негіздері болып табылады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары


  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаж адамдар туралы сипаттама

  2. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары

  3. Тұрғын үйді кезектен тыс және бірінші кезекте алу тәртібі

  4. Тұрғын үй қорларын құқықтық реттеу

5. Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау
Ұсынылатын әдебиет

1. Басин Ю.Г. Жилдищные права и обязанности граждан- Алма-Ата:Казгосиздат, 1957.

2.Богомолов А.М., Голощапов Н.А., Помазкова С.И. Договоры жилищно-коммунального хозяйства-М, 1999.

3.Владимирская А.С. аренда жилых и нежилых помещений – М., 1999

4.Гражданское право под ред. Ю.К.Толстого и А.П. Сергеева. – М., 1997 г.
Тақырып 4. Жеке тұрғын үй жайға меншік құқығы – 2 сағат

1. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi

2. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу

3. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру шарттары

4. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату

5. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығының Тоқтатылуы



1. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi

Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша:

1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу;

2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;

3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу;

4) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алуы;

5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;

6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру;

7) заңды тұлғалардың мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;

8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi заңдарда белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;

9) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылудың өтемi ретiнде тұрғын үй беру;

10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» заңында азамат немесе заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды тұрде тұрғын ұй сатып ала алады делінген. Осы айтылған бап негізінде студент семинар сұрақтарын талқылау барысында «Тұрғын ұй қатынастары туралы» заңын басшылыққа ала отырып, тұрғын ұйдi сатып алу құқығының пайда болу негіздерін, жалпы тұрғын ұйге меншiк құқығының пайда болуының негiздерiн, жалға алушының мемлекеттiк тұрғын ұй қорындағы тұратын тұрғын ұйiне меншiк құқығын жекешелендiру тәртiбiмен алуын, жер учаскелерiнiң мемлекеттiк қажеттер ұшiн алынуына (сатып алынуына) байланысты тұрғын ұй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын ұй беру жолдарын, тұрғын ұйге ортақ меншiк құқығының пайда болу негіздерін /ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi ретінде/ меңгеріп, талдау жасауы қажет. Сондай-ақ ипотекалық тұрғын ұйлердің берілу тәртібі мен тұрғын ұйге жеке меншік құқығын жұзеге асыру шарттарына толық тұсінік берулері тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет