Тақырып 7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалдау – 2 сағат
1 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры
2 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы тұрғын үйді алу
3 Жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне меншiк құқығын жекешелендiру тәртiбiмен алуы
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру нормасы
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлеріне қойылатын талаптар
1.Біздің республикамызда белгілі бір себептермен тұрғын үй сатып ала алмайтын азаматтар санаты бар. Мемлекет халықтың бірнеше санаттарына тегін тұрғын үй құқығын берді.
Бәрінен бұрын бұл – Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда), мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бірқатар талаптар белгіленген, оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға үміткер азаматтар сәйкес келуге тиіс:
1) аталған елді мекенде тұруы;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай беруге өтініш жасау алдындағы соңғы 12 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейін артық болмау керек. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 952 теңге деп белгіленген.
3) тұрғын үйге мұқтаж деп тану.
Азаматтар егер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
2) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;
3) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе;
4) оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Заңда тұрғын үй азаматтарға жергілікті атқарушы органдағы тұрғылықты жері бойынша барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi деп белгіленген. Аталған тізімдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең. Тұрғын үй алуға осы тізімдерге енгiзiлген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.
Сізді тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке қою үшін өзіңіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Тұрғын үй басқармасының азаматтарды тіркеу бөліміне барып, тиісті құжаттарды тапсыруыңыз қажет.
Азаматтардың өздеріне және олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кезекке қою туралы өтініштері бір ай ішінде қаралады. Қабылданған шешім туралы өтініш иелеріне аталған мерзім өткеннен кейін жазбаша түрде ақпарат беріледі.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.zakon.kz/ – ақпараттық портал;
2) www.astana.kz/ – Астана қаласының ресми сайты («Тұрғын үй» бөлімі);
3) www.ads.gov.kz/ – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің сайты.
2. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы тұрғын үйді алу
Қазіргі уақытта жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік қоры) іске асыруда.
Жылжымайтын мүлік қоры жалдау және кейін сатып алатын жалдау талаптарында тұрғын жай береді. Бұл нені білдіреді?
Бірінші жағдайда - жалға алушы тұрғын жайды ақысын төлеп уақытша иелікке және пайдалануға алады, ал екінші жағдайда - жалға алушы жалдау мерзімі өткеннен кейін, не болмаса мерзімінен бұрын сатып алу арқылы пәтердің меншік иесі бола алады. Кейіннен сатып алатын жалдау шарты 13 жылға дейін жасалады. Жалға алушы жалға алынған орын-жайды тек 5 жылға жалдағаннан кейін ғана мерзімінен бұрын сатып ала алады. Жалға алушы жалдау шартына қол қойған кезде, сондай-ақ алғашқы 5 жыл ішінде, алғашқы салымды енгізе алады және/немесе орын-жайдың құнының жартысын мерзімінен бұрын өтей алады. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын өтеу көлемі орын-жайда сату құнының 50%-нан аспауы тиіс.
Тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?
Біріншіден, тұрғын үй тек меншігінде үйлері жоқ (кемінде 1 күнтізбелік жыл) немесе тұрғын алуға ниет білдірген өтініш иесінің сол елді-мекенде тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттілігі бар (тұрғын үйдің жалпы алаңы 1 адам үшін 18 ш.м. аспайтын) тұлғаларға беріледі.
Екіншіден, тұрғын үй алуға үміткер болған барлық адамдар өздерінің төлем қабілеттіліктерін растаулары қажет. Төлем қабілеттілігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) есептеген ең жоғарғы жалдамалы төлем сомасының (ЕЖТС) көрсеткішінен анықталады.
Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын барлық объектілер үш топқа бөлінеді: әлеуметтік-класс, эконом-класс және бизнес-класс. Осы топтардың арасында негізгі айырмашылығы тұрғын үйдің техникалық өлшемдеріне, жалпы және тұрғын алаңы, төбесінің биіктігі, қауіпсіздіктің заманауи жүйелерімен қамтамасыз етілуі, үнемділігі мен ыңғайлылығы және т.б. байланысты болады.
Қор іске асыратын бағдарламалардың қатысушысы атануға мүмкіндігі.
1. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда» газеттерінде және Жылжымайтын мүлік қорының www.kazproperty.kz веб-сайтында кезекті объектіде тұрғын үй бөлуге өтінім қабылдау туралы хабарландыру жарияланады. Сонымен қатар, аталған веб-сайтта сіз бағдарламаға қосылған тұрғын үй кешендері (нақты объектілер, олардың орналасқан жері пәтерлердің үлгілік жобалануы және т.б.) туралы нақты ақпарат ала аласыз.
2. Өтінім қабылдау басталғаннан кейін сіз ҚТҚЖБ-ға ЕЖТС есептеу үшін қажетті құжаттар тізімін (қажетті құжаттардың тізімін www.kazproperty.kz сайтынан көре аласыз) беруіңіз қажет.
3. ҚТҚЖБ құжаттарды қабылдап алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде ЕЖТС есебін жүргізеді және ЕЖТС көрсеткішін Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясына Банктің ресми бланкісінде, көшірмесін Сізге береді.
4. Қабылдау басталғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей, яғни өтінімді қабылдау аяқталған күннен кешіктірмей сіз Басқарушы компанияға (БК) құжаттардың толық тізімін (қажетті құжаттардың тізімін www.kazproperty.kz сайтынан ала аласыз) беруіңіз қажет. Басқарушы компанияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және өтініш иесімен бірлесіп осы Қордың базасында өтініш-сауалнаманы толтырып, тіркейді, сонымен қатар, оған орын-жай бөлуге құжаттарды қабылдаудың орны, күні және нақты уақыты көрсетілген жеке нөмір береді.
5. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін БК төлем қабілеттілігі бар өтініш иелерін іріктейді және тұрғын үйді бөлудің басымдылығына сәйкес әрбір объект үшін рейтинг қалыптастырады.
6. БК рейтингке сәйкес тұрғын жайды алдын ала бөлуді жүзеге асырады.
7. Қордың тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды және Өтініш берушілерге бекітілген тұрғын үйді бөлудің тізбесін бекітеді.
8. Өтініш иелерінің және оларға бекітілген пәтерлердің тізімі «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда» газеттерінде және www.kazproperty.kz веб-сайтында жарияланады.
9. Тұрғын үйді бөлудің бекітілген тізімін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде БК Өтініш иесімен шарт жасасады.
10. Жалдау және кейіннен сатып алатын жалдау шартын жасасқаннан кейін 3 күннің ішінде Өтініш иелері кепілдік төлем, алғашқы салым (ол болған жағдайды) төлеуі тиіс. Сонымен қатар, олар шарттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізулері қажет.
11. Шарттар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде БК үй-жайды қабылдау-беру актісінің негізінде Өтініш берушілерге тұрғын үйді тапсыруды жүргізеді.
Маңызды! Жалға алынған немесе кейіннен сатып алатын жалға алынған пәтерлерді жалға алушылар үшінші тұлғаға жалға бермей, мақсаты бойынша пайдалануы тиіс.
Ескерту. Жылжымайтын мүлік қорының жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының талаптары уақыт өте өзгеруі мүмкін, сондықтан соңғы ақпарат үшін мына сайтқа кіріңіз - www.kazproperty.kz
Пайдалы сілтемелер:
1) www.kazproperty.kz – «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сайты;
2) www.astana.kz – Астана қаласының ресми сайты («Тұрғын үй» бөлімі).
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 10-шы тарауын басшылыққа ала отырып мемлекеттік тұрғын ұй қорына сипаттама берілу керек. Содан соң мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беруге болатын азаматтарды есепке алу, мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беру ұшiн есепке қоюдан бас тарту негiздерi, азаматтарды мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беруге мұқтаждар есебiнен шығару негiздерi азаматтарға мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беру кезегi, мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беру нормасы, мемлекеттiк тұрғын ұй қорының тұрғын ұйлерiне қойылатын талаптар сияқты мәселелерге назар аударулары қажет.
Мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй немесе жеке тұрғын ұй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын ұй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. Мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй немесе жеке тұрғын ұй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын ұй сондай-ақ тұрғын ұйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын ұй, жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын ұйдi қоспағанда, қызметтiк тұрғын ұйге теңестiрiледi. Мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй өздерiнiң жалғыз тұрғын ұйi ипотекалық тұрғын ұй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын ұй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 11-ші тарауының 80-90 баптарын басшылыққа ала отырып жалға алушының отбасы мұшелерінің құқықтары мен міндеттеріне сипаттама берулері тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын ұй қорынан тұрғын ұйді жалдау шартын жарамсыз деп танудың заңи негіздемелерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген реттерде анықтап, талдау жасауы қажет.
Мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын ұйдi жалдаушының тұрғын ұй иесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ретпен және шарттармен жекешелендiруiне болады. Мемлекеттік тұрғын ұй қоры жатақханаларындағы бөлмелік ұлгідегі тұрғын ұй-жайларды жекешелендіру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 13-бабына сәйкес белгіленеді. Аталған бапта көрсетілген азаматтарға берiлген, сондай-ақ әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлген тұрғын ұйдi жергiлiктi атқару органының келiсiмiмен басқа тұрғын ұйге ауыстыруға болады.
Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын ұй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 69-бабына сәйкес тұрғын ұй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады. Аталмыш тақырыптың аясында студент мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын ұй қорынан берілетін тұрғын ұйлердің құқықтық режиміне, жабық обьектілерде берілетін тұрғын ұйлердің құқықтық режиміне, тұрғын ұйді коммерциялық жалдау шартының негіздемелеріне талдау жұмысын жұргізуі тиіс.
Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын ұй қорындағы тұрғын ұйдi жалдау шартын бұзуы тұрғын ұй заңының 102-ші бабында көрініс тапқан. Онда мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан тұрғын жайды жалдаушы (кәмелетке толған отбасы мұшелерiнiң келiсiмiмен) кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы екенін атап көрсеткен. Жалдаушы мен отбасы мұшелерi тұрақты тұру ұшiн басқа жаққа көшiп кеткен жағдайда тұрғын ұйдi жалдау шарты олар кеткен кұннен бастап бұзылды деп есептеледi.
Тұрғын ұй Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тұрғын ұйдi пайдалануға беру туралы шарт негiзiнде берiлуi мұмкiн.
Шарттар атап айтқанда:
1) кұрделi жөндеу кезiнде тұрғын ұй беру туралы;
2) бұзылуға тиiстi тұрғын ұйдi сол жерден немесе жақын маңдағы жер учаскесiнен
тұрғын ұйдiң орнына тұрғын ұй беру шартымен босату туралы;
3) құрылыс салушыға құрылыс алаңында орналасқан және бұзылуға тиiстi тұрғын азаматтарды орнына басқа тұрғын ұйлер беру шартымен шығару ұшiн тұрғын ұйлер беру
4) басқа жерге кетуiне байланысты тұрғын ұйдi сол елдi мекенге қайтып келгеннен
тұрғын ұй беру шартымен жергiлiктi атқарушы органға немесе заңды тұлғаға өткiзу туралы;
5) тұрғын ұйдiң (ұйдiң бiр бөлiгiнiң) немесе тұрғын ұй кешенiнiң құрылысына қатысқан адамға немесе құрылысты қаржыландыруға өз қаражатымен қатысқан адамға тұрғын туралы;
6) еңбек шартының ережелерi бойынша тұрғын ұй беру туралы жасалуы мұмкiн.
Мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын жай;
3.Жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне меншiк құқығын жекешелендiру тәртiбiмен алуы
1. Заңда көзделген реттерде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы, кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен, тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген шарттармен және тәртiппен жекешелендiруге құқылы.
Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi.
2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, бiрлескен ортақ меншiгiне көшедi.
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң алып қойылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi.
4. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер Заңның 101-бабының 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің дара (бөлек) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді.
Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген жатын орындық үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды.
6. Бiрнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi (пәтердi) барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй (пәтер) барлық жалдаушылардың ортақ үлестi меншiгiне көшедi.
7. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерін меншігіне тегін алуына құқығы бар.
Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді.
8. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтардың пайдалануына мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру нормасы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс істемейтін әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде, бірақ Республикада бір адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемінде бір бөлме мөлшерінде берілуі мүмкін.
Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген мүгедектердің жекелеген санаттарына және аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтарға дара (бөлек) қосымша бөлме беріледі. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй мөлшерін анықтаған кезде отбасында жүкті болғанына жиырма аптадан асқан әйелдің болуы ескеріледі.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлеріне қойылатын талаптар
Азаматтарға тұру үшін берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елді мекеннің жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елді мекеннің шегінде болуға тиіс.
Белгіленген талаптарға сай келмейтін тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерінің жазбаша келісімімен ғана берілуі мүмкін. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезінде бір бөлмеге жеті жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлі-зайыптылардан басқа) олардың келісімінсіз тұрғызуға жол берілмейді.
Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтісі бар тұрғын үйлерден беріледі.
Сауықтыру жөніндегі дербес бағдарламаға сәйкес, мүгедектерге үйдің үлгісін, қолайлылық деңгейін және тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарыныңЗаңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берудiң жариялылығы
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жалға берушінің келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты, Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жергілікті атқарушы органның келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастаудың тәртiбi Заңның 98, 99, 100, 101, 110-баптарында белгiленген тұрғын үйлердiң құқықтық режимдерiмен айқындалады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы айырбастауды ресiмдеу үшiн уақытша болмағандарды қоса алғанда, өзiмен бiрге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң келiсiмiн алуға тиiс.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы тұрғын үйді алу
Жалға алушының отбасы мұшелерінің құқықтары мен міндеттері.
Мемлекеттік тұрғын ұй қорынан тұрғын ұйді жалдау шартын жарамсыз деп тану.
Уақытша болмаған азаматқа тиесілі мемлекеттік тұрғын ұй қорындағы тұрғын ұйдің пайдаланылуы.
Мемлекеттік тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беру нормасы.
Азаматтарға мемлекеттік тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беру кезегі.
Азаматтарды мемлекеттік тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй беруге мұқтаждар есебінен шығару негіздері.
Ұсынылатын әдебиет
1.Гражданское право.Т.1.Издание четвертое, переработанное и доплненное/ Под ред.А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого М: « Проспект »,1999.
Еренов А.Е. Очерки по истории феодальных земельных отношений у казахов. Алма-ата 1960.
Ерофеев Б.В. Земельное право: Учебник для вузов / Под ред. Академика Г.В.Чубукова.-Министерство: Новый Юрист, 1998.
Жетписбаев Б.А. Административная ответственность в Республике Казахстан: Учебное пособие / Под общей редакцией профессора С.С.Сартаева-Алматы: Данекер, 2000
Тақырып 8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің және оны пайдаланудың ерекшеліктері – 2 сағат
1. Мерзімдердің азаматтық құқықтағы түсінгі мен мазмұны
2. Талап қою мерзімінің ұғымы мен түрлері
1. Мерзімдердің азаматтық құқықтағы түсінігі мен мазмұны
Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді. Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеліп уақыт кезеңі де белгіленуі мүмкін. Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Жылдармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күніне бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады. Жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі. Айлармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді. Апталармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады. Мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы тиіс. Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиіс болса, онда мерзім осы ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті операциялар тоқтатылған сағатта бітеді. Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін почтаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жасалған болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |