ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғын үйдi жалдау ережелерi



бет5/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#26776
1   2   3   4   5   6   7   8

Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғын үйдi жалдау ережелерi

1. Меншiк иесi тұрақты тұрғын үйде жалға алушыға тұрғын үй-жайды немесе оның бiр бөлiгiн, оның iшiнде жапсарлас бөлменi немесе бөлменiң бiр бөлiгiн жалға беруге болады. Тұрғын үйде бiрнеше меншiк иесi тұрған жағдайда тұрғын үйдi жалға беру үшiн барлық меншiк иелерiнiң келiсiмi талап етiледi.

2. Жалға алушының басқа адамдарды, оның iшiнде өз отбасының мүшелерiн де меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз тұрғызуға құқығы жоқ.

3. Жалға алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жалға алушыда шартты жаңарту құқығы болмайды және ол жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Жалдау шарты жалға берушiнiң талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ себептi тосын жағдайларда не осы Заңның 107-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ғана мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

4. Мерзiмi көрсетiлмей жасалған жалдау шартын жалға берушi себебiн түсiндiрместен кез келген уақытта тоқтатуы мүмкiн. Жалға берушi жалға алушыға, жалдау шартының тоқтатылуы туралы кемiнде бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi.

5. Жалға алушы жалдау шартын, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, мерзiмiнен бұрын және ескертусiз бұзуға құқылы.



Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы

1. Қосымша жалдаушылардың тұру шарты, атап айтқанда, тұру мерзiмi, төленетiн ақының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тұрғын үй-жайды жалға алушы мен қосымша жалдаушы арасындағы шарт арқылы белгiленедi.

2. Қосымша жалдау шарты тараптар белгiлеген мерзiм бiткенде не шартта көрсетiлген ахуал пайда болғанда тоқтатылады.

Шарт қосымша жалдаушы шартты бұзған жағдайда жалға алушының талап етуi бойынша, ал мерзiм не өзге де тоқтату негiздерi белгiленбеген шарттар қосымша жалдаушыны кемiнде бiр ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Қосымша жалдау шарты Заңның 29-бабында көзделген тұрғын үйге меншiк құқығы мәжбүр етiлiп тоқтатылған жағдайда да тоқтатылады.

3. Қосымша жалдаушы шартты, егер қосымша жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, кез келген уақытта бұзуға құқылы.

4. Қосымша жалдау шарты тоқтатылған не оны жалға алушы бұзған жағдайда қосымша жалдаушы басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

5. Жалға алушы тұрғын үй-жайға уақытша тұрғындарды жалдау шартын жасаспай-ақ тұрғызуға құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалға алушы белгiлейдi.

Уақытша тұрғындар жалға алушының талап етуi бойынша, басқа тұрғын үй-жай берiлместен, кез келген уақытта, кемiнде жетi күн бұрын ескерте отырып шығарылуға тиiс.

Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды шығару

Жалдау шартының тоқтатылуымен бiрге қосымша жалдау шарты да тоқтатылады. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.



Пәтерді қайта жобалау. Осы күнде ешбір толыққанды жөндеу жұмыстары қайта жобалаусыз жүзеге аспайды. Адамдар әдетте өз тұрақтарын өз талғамдарына, әдеттеріне және жайлылық туралы түсініктеріне байланысты «бейімдейді». Сол себепті артық қабырғаны алып тастау, бөлмелердің кескінін өзгерту, дыбыстық оқшаулануды арттыру, еден төсемдерін өзгертіп, оған жылы еден орнату, лоджияға терезе салу және сол сияқты көптеген қажеттіліктер туындайды. Алайда бұл ойлардың барлығын жүзеге асыру үшін әр түрлі қажетті орындардан сәйкес рұқсаттар алу қажет.

Қайта жоспарлауға рұқсат алу үшін сіз мемлекеттік өкілеттілігі бар сәулет, құрылыс және қала құрылысы органдарына өтініш тастауыңыз қажет.

Арызға қосымша ретінде:Подпункт 1 изложен в редакции постановления Правительства РК от 29.09.09 г. № 1467 (см. стар. ред.)

1) Сіздің өзгертілетін орынға (ғимарат бөлігіне) иелігіңізді куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтінішті қарастырып отырған орган құжаттардың растығын тексеруі үшін құжаттардың түпнұсқалары салынуы қажет немесе өзгертуге келісімі жөніндегі орын иесінің (немесе иелерінің) нотариалды куәландырылған хаты;

2) жергілікті сәулет және қала құрылысы органының тапсырмасына сәйкестендірілген жоба (эскиз) қажет.

Егер орынды (тұрғын үй бөлігін) жоспарланған қайта жөндеу жұмыстары (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе қабырғаларды жылжыту өзге тұрғын орындарының мүддесіне әсер ететін жағдай туындаса, онда өтінішке оларың осы өзгерістерді енгізуге жазбаша түрдегі нотариалды куәландырылған келісімдері қосылуы қажет.

Орындарды (ғимарат бөліктерін) өзгертуге бағытталған құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат беру немесе бермеу жөнінде өтініш тасталғаннан кейін 5 күн ішінде хабарлануы керек.

Егер қайта жоспарлау кезінде өзгерістер тұғырлық конструкцияларға (құрылымдарға) немесе ортақ мүлікке әсер ететін болса, сіздің тұрғын үйіңіздегі пәтер иелерінің кем дегенде үштен екі бөлігінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ал егер өзгерістер тек өзге орындардың (үй бөліктерінің) иелеріне әсер етсе немесе пәтердің өзгертілетін бөліктерімен шектесетін пәтер иесіне әсер етсе, ол жағдайда тек аталған тұлғалардың жазбаша келісімдері жеткілікті.

Рұқсатсыз қайта жоспарлау құрылыс нормалары мен ережелерінің, өрттен сақтандыру және санитарлық талаптардың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде тұрғын үйдің жекеленген құрылымдары мен жүйелерінің және жалпы техникалық жағдайға әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Нәтижесінде, бұл түрлі айыппұлдарға, тіпті пәтердің тәркіленуіне әкеліп соғады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары

1 Жеке тұрғын ұйдін салу тәртібін айтыныз?

2 Тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру

3 Тұрғын ұйге меншік құқығын кұштеп тоқтату

4 Меншік иесі тұрмайтын тұрғын ұйді жалдау шарттары.

5 Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы.


Ұсынылатын әдебиет

1. Басин Ю.Г. Жилдищные права и обязанности граждан- Алма-Ата:Казгосиздат, 1957.

2.Богомолов А.М., Голощапов Н.А., Помазкова С.И. Договоры жилищно-коммунального хозяйства-М, 1999.

3.Владимирская А.С. аренда жилых и нежилых помещений – М., 1999

4.Гражданское право под ред. Ю.К.Толстого и А.П. Сергеева. – М., 1997 г
Тақырып 6. Кондоминиум қозғалмайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны ретінде – 2 сағат

1 Кондоминиум қозғалмайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны ретінде

2 Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және оның жұмысындағы тұрғындар рөлі


  1. Кондоминиум обьектісін басқару және кондоминиум объектiсiн тiркеу

4. Кондоминиумның құрылуы және тоқтатылуы
1.Кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны.

Кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен.

Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленедi. Ондай нысандар:

1) егер барлық меншiк иелерiнiң саны жиырма адамнан аспаса, олардың тiкелей бiрлесiп басқаруы;

2) үй-жай (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi;

3) кондоминиум объектісін үшінші (бөгде) тұлғалардың: сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалардың – тұрғын үйлерді басқарушылардың (менеджерлердің) немесе заңды тұлғалардың басқаруы;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандар болуы мүмкiн.

Жеке немесе заңды тұлғаға үй-жайлардың (пәтер­лердің) меншік иелері беретін кондоминиум объектісін басқару жөніндегі құқықтар мерзімі мен көлемі кондо­миниум объектісін басқару шартымен айқындалады.

Үй-жайлар иелерi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы.

Кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

Тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару, пайдалану мәселелері бойынша шешім пәтер меншік иелерінің келісімімен қабылданады, ал ПИК басқару органы пәтер меншік иелері қабылдаған шешімді орындайды.

Тұрғын үй инспекциясы уәкілетті орган ретінде:

1) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкінің техникалық тексерісін ұйымдастырады;

2) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесі мен кезегін анықтайды;

3) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тұрғындардың көмегімен қаржыландырылған шығындары сметасын кондоминимум нысанын басқарудың ұсынылған органына келісуге алып барады;

4) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияларға қатысады.



2.Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және оның жұмысындағы тұрғындар рөлі

ПИК-тің атқарып жатқан шаралары өте көп. Ең басты міндеті – үйді ұстау бойынша барлық мәселелерді шешеді: жайластыру, жабдықтау, бір реттік және қайталанатын жөндеу, баспана, өжіре, шатырдың асты, инженерлік коммуникациялар күтімі, техқамтамасыз ету, аймақ тазалығы. Егер баспана немесе құбыр жарылып су ақса, онда ПИК–ке шағымданыңыз.

Егер үй қымбат жөндеуді талап етсе, ал қаржы жетіспесе, онда ақшаның (20-40%) тұрғындардан жиналу бойынша мәселенің шешімі жалпы жиналыста талқыланатын болады. Сіздің мақсатты шығындарыңыз неге жұмсалатынын білгіңіз келсе, онда ПИК-тің тексеру комиссиясының көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы – ПИК-тің тексеру комиссиясы құрамына ПИК әкімшілігі мүшелері кірмеу керек. Егер аталған комисия ПИК жұмысында бұзушылықтарды анықтаса, онда сотқа жүгініңіз. Ал егер комиссия тұрғындардың сенімінен айырылса, онда аудиторлық тексеру жұмыстарын ұйымдастыра аласыз.

ПИК егер арзан болса, басқа заңды тұлғалардан мынадай қызмет түрлерін ала алады: дала сыпырушы, электрик, кіреберіс тазалаушысы. Кооперативтердің барлығы жөндеу бригадаларын ұстамайды. Бастысы қалада осындай қызмет түрлерінің бәсекелестік нарығы қалыптасса жақсы болар еді. Ал ПИК келісім-шарт жасасқанда, экономикалық пайда жағын ескеруі керек.

Меншік иелерінің талап етуімен ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

Ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есепте көрсетілуге тиіс, кондоминиумды басқару органы, яғни ПИК үй-жай (пәтер) меншік иелеріне әрбір тоқсан үшін жазбаша нысанда есепті кезеңнен кейінгі айдың алғашқы он күнінде есеп береді.

ПИК басқармасы шаруашылық қызмет және қаржылық есеп бойынша тұрғындар алдында есеп беруі керек.

Егер тұрғындар есепті қабылдаса, онда келер жылға жұмыс жоспары жасалады. Ал егер есеп қабылданбаса, онда тұрғындар жаңа ПИК төрағасын – үйдің кез-келген сенімді тұрғынын тағайындауға құқылы. Егер есеп қанағаттанарлық жағдайда болса, онда төраға қайта сайлана алады.

ПИК жұмысында ең бастысы – төраға таңдау. Ол шаруашылық мәселелері мен заң саласын меңгеру керек. Ол тұрғындар жиналысы барысында дауыс беру арқылы сайланады. Егер жиналыста пәтер иелерінің жартысынан көбі болмаса, онда ондай шешімнің күші жоқ.

Тұрғындар өздері мәселені шешуге араласқысы келе ме? Жауап түсінікті: жоқ немесе мүмкіндіктері жоқ. Кейде, тіпті жиналыстың өзіне пәтер иелерінің көпшілігі келмей жатады. Алайда тұрмыстық қатынастар туралы заңға сәйкес, жиналыс ПИК-тің жоғары органы болып табылады. Жиналыстарда түрлі мәселелер талқыланып, тіпті төрағаны алып тастау туралы шешімдер де қабылданып жатады.

«Мен ақша төлеймін, менде шаруалары болмасын» деген пікір – қате, егер тұрғындар немқұрайлы болса, онда ПИК те жаман жұмыс істейді. Әр үйде басшы болатын, бос уақыты бар сенімді үлкен адам таңдалу керек. Мақсатты шығындар тек сол үйге ғана жұмсалу тиіс (егер ол апаттық жағдай болып және ақша пайызсыз несие түрінде берілсе ғана).

Тұрғындар ПИК есеп шотына қандай міндетті төлемдер аударуы керек? Тұрғындар жалпы қолданыстағы орын-жайларды – дәліз, кіреберіс, шатырдың асты, жертөлені күту мен аймақты жинау шығындарын ғана төлейді. Жалпы шаруашылық үшін ПИК-ке қанша қаржы қажет ететінін ескерген тұрғындар ақша көлемін өздері белгілейді.

3. Кондоминиум объектiсi тiркелгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей ұй-жай иелерi кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Осындай шешiм қабылданғанға дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиумге, сондай-ақ тұрғын ұйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бiрдей жауап бередi. Бiртұтас инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жұйесi бар және бiртұтас тұрғын ұй- коммуналдық кешендi құрайтын көп пәтерлi тұрғын ұйде (немесе оның бiр бөлiгiнде) кондоминиум объектiсiн бiрлесiп басқарудың бiр нысаны ғана қолданылуы мұмкiн. Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» заңының 42-бабын басшылыққа ала отырып кондоминиум объектiсiн басқару нысанын оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленетін негіздер бойынша талдау жасауы тиіс.

Сондай-ақ, ұй-жайлар иелерінің ортақ шығыстарға қатысуының заңи негіздемелерін мысал келтіре отырып қарастыруы қажет. Және де ұй-жайлар иелерінің кооперативін тоқтату жағдайларына да назар аударулары қажет.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» заңының 6-шы тарауында кондоминиумға сипаттама берілген. Осы тарауды басшылыққа ала отырып студент кондоминиумның құрылуы мен тоқтатылу негіздеріне назар аударуы керек. Сондай-ақ заңда көзделген баптарға сәйкес кондоминиум объектісінің тіркелу тәртібін анықтап, бөлек ұй-жай иелерiнiң ортақ мұлiктегi ұлестерiнің құқықтық реттелуін тұсіндіруі қажет. Және де кондоминиум бойынша ұй-жай иелерінің құқықтары мен міндеттеріне, ұй-жайлардың иесі емес адамдардың міндеттеріне, тұрғын емес ұй-жай иелерінің құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктеріне, ұй жайларға кіру мәселеріне назар аударуы қажет. Сонымен қатар тұрғын ұй заңында көзделген ретте ортақ мұлікке немесе басқа ұй-жайларға келтірілген залалды өтеу мәселелеріне талдау жасауы қажет.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» заңының 52-бабында көзделгендей, азаматтар тұрғын ұй және тұрғын ұй-құрылыс кооперативтерiне кiруге құқылы. Тұрғын ұй кооперативтерi пәтерлерi немесе өзге де тұрғын ұй-жайлары кооператив мұшелерiне берiлетiн тұрғын ұйдi сатып алу ұшiн құрылады. Тұрғын ұй-құрылыс кооперативтерi тұрғын ұй салып, оны кейiннен кооператив мұшелерiнiң тұруына тұрғын ұй-жайлар ретiнде пайдалану ұшiн құрылады. Тұрғын ұй құрылысы аяқталғаннан кейiн тұрғын ұй-құрылыс кооперативi тұрғын ұй кооперативiнiң мәртебесiн алады. Тұрғын ұй (тұрғын ұй-құрылыс) кооперативiн басқару, егер тұрғын ұй туралы заңының және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына қайшы келмесе, ұй-жайлар иелерiнiң кооперативiн басқару ұшiн тұрғын ұй қатынастары заңымен белгiленген тәртiппен жұзеге асырылады. Осы аталғандар негізінде студент семинар сабағында тұрғын ұй-құрылыс кооперативіне мұше болу шарттарымен таныса отырып, кооператив мұшесiне тұрғын ұй-жай беру, тұрғын ұй (тұрғын ұй-құрылыс) кооперативтерiн қаржылай (несиелей) қолдау, тұрғын ұй (тұрғын ұй-құрылыс) кооперативiнiң жарғысы, кооперативтi және оған тиесiлi жылжымайтын мұлiктi тiркеу мәселерін де меңгереді.



Тұрғын үй кооперативі - азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы комерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, иелену және пайдалану құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады.

Табысы аздар- мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс денгейіне жетпейтін адамдар.

Репатрианттар- Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар.

Тұрғын үйді реквизициалау- төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын үйді заң актілерінде белгіленген тәртіппен мәжбүр етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеитін өзгеде өтем түрлерін төлеу.

Тұрғын үйді жекешелендіру- азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, олзаңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Кондоминиум объектісі қатысушыларының жиналысы – үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылау және қабылдау үшін алдын ала белгіленген жерде және белгілі бір уақытта бірлесіп қатысуы;

кондоминиум объектісін тиісті дәрежеде күтіп-ұстау – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тіреуіш конструкция­л­арының мерзімінен бұрын тозуының алдын алу мақсатында жүргізілетін, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкіне қызмет көрсету және оны жөндеу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын адамдар іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі – бір (бірнеше) кондоминиум (кондоминиумдар) қатысушыларының ортақ үлестік меншікті бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым;

Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің мүшесі – үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері коопе­ративінің құрылтайшысы болып табылатын немесе берген өтінішінің негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің мүшелігіне қабылданған кон­до­миниум объектісіндегі үй-жайдың (пәтердің) меншік иесі;

Кондоминиум объектісін басқару органы кондоми­ниум­ның осы объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашуға құқылы.

Кондоминиум объектісінің барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашылмай жүзеге асырылуы мүмкін.

Заңды тұлға құрмай кондоминиум объектісін басқарған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және (немесе) өзге де құжат негізінде уәкілетті жеке тұлға банк шоттарын ашуды жүзеге асырады, оларға сәйкес осы жеке тұлға банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті болады. Уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісін басқару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын осы тармақта белгіленген мақсаттарда ғана ашады.

Кондоминиум объектісін басқару органы, уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуімен банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

Кондоминиум объектiсiн тiркеу

Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлеге құқықты тiркеу туралы заңдарға сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.

Кондоминиум объектісін тіркеу кондо­миниум қатысушысының не меншік иелену­шілердің немесе кондоминиум басқармасы органының уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.

Кондоминиумды тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорт дайындау жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүргізіледі.

Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жүргiзуге тиiс.

Үй-жайлардың алаңын қатысушылар­дың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысу­шыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.

 Дара (бөлек) үй-жай иелерiнiң ортақ мүлiктегi үлестерi

Бiрнеше меншiк иелерiне тиесiлi дара (бөлек) үй-жайға меншiк иелерiнiң ортақ мiндеттемелерiндегi ынтымақтастық жауапкершiлiгiмен ортақ мүлiктегi бiр үлес сәйкес келедi. Мұндай меншiк иелерiнiң арасындағы өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiмiмен реттеледi.

Ауызша немесе жазбаша келiсiм болмаған жағдайда әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiкте көрсетiлген үлеске меншiгiне байланысты бөлiнбейтiн құқықтары мен мiндеттерi тең болады.

4.Кондоминиумның құрылуы және тоқтатылуы

Үй-жайлардың (пәтерлердің) екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде - кондоминиум құрылады.

Үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне дара (бөлек) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі.

Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың  (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі.

Үй-жайдың әрбір меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға дара (бөлек) меншіктен (өзге заттай құқықтан) бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер кондоминиум қатысушыла­ры­ның келісімінде өзгеше белгіленбесе, дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

Егер үй-жай тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) жапсарлас салынса немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi.

Үй-жайға (үй-жайларға) меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады.

Үй-жай (пәтер) меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi өз үлесiн өзiне дара (бөлек) меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан (пәтерден) жеке бөлiп алуға құқығы жоқ.

Кондоминиум тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк құқығы бiр меншiк иесiне (жеке, заңды тұлғаға, мемлекетке) ауысқан кезде немесе жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн алынған (сатып алынған) немесе төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйдiң көп бөлiгi бүлiнген (қираған) жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары


  1. Ұй-жайлар иелерінің кооперативтерін тіркеу, олардың мұлкі мен жарғысы.

  2. Ұй-жайлар иелерінің ортақ шығыстарға қатысуы.

3 Ұй-жайлар иелерінің кооперативін тоқтату.

4 Кондоминиумның ұғымы, пайда болуы мен тоқтатылуы.

5. Кондоминиум обьектісіндегі ұй жайдың ішін өзгерту.

6. Тұрғын емес ұй-жайлар иелерінің құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктері.

7. Тұрғын ұй-құрылыс кооперативіне мұше болу шарттары.

8. Босаған тұрғын ұйді басқа адамға беру.



Ұсынылатын әдебиет

1.Гражданское право.Т.1.Издание четвертое, переработанное и доплненное/ Под ред.А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого М: « Проспект »,1999.



  1. Еренов А.Е. Очерки по истории феодальных земельных отношений у казахов. Алма-ата 1960.

  2. Ерофеев Б.В. Земельное право: Учебник для вузов / Под ред. Академика Г.В.Чубукова.-Министерство: Новый Юрист, 1998.

  3. Жетписбаев Б.А. Административная ответственность в Республике Казахстан: Учебное пособие / Под общей редакцией профессора С.С.Сартаева-Алматы: Данекер, 2000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет