Практика жетекшісі құқылы:
Практика түрлеріне қарай оқу жоспарының жұмыс бағдарламаларының пәндері мазмұнының координациясы мен практика бағдарламаларының қосымшалары мен өзгерістерінде, қайта өңделуіне қатысуға;
Ауыспалы тәжірибені зерттеу, жалпыландыру және оны практикаға енгізу;
Факультеттің құрылымдық бөлімдерінің басшыларының алдында (декан, кафедра меңгерушісі) практиканттарды жазалауға немесе кешіруге мүмкіндік сұрауына;
Практиканы жақсарту мақсатында өзгерістер ұсыныстар ұсынуға.
1.5 Докторант-практиканттың міндеттері мен құқықтары
Практика барысында докторант-практикант педагогикалық ұжым мүшесі болып табылады, ішкі тәртіп пен факультет басшылығы бекіткен ережелерге сәйкес өз құқықтарына ие болып, міндеттерін орындайды.
Практикант құқылы:
Өз қалауы бойынша практика өтетін жерді таңдауына;
Практикаға қатысты кез-келген сұрақтар бойынша практика жетекшісінен, кафедра оқытушыларынан кеңес алуға;
Семинар, конференциялар т.б.қатысуға;
Университеттің кітапханаларымен, хабарлама қорларымен, , оқу, ғылыми және басқа бөлімдерімен пайдалануға;
Практиканың өтіп жатқан базасының қоғамдық өміріне қатысуға;
Практика бойынша алдын ала бағалану бойынша түсініктемелер алуына;
Түсініксіз сұрақтары бойынша факультет деканынан, кафедра меңгерушісінен, практика жетекшісінен кеңестер алуына.
Достарыңызбен бөлісу: |