Информатикадан бақылау-өлшеу материалдарын құрастыру
Разработка контрольно-измерительных материалов по информатике
Working ont of control and measuring materials on information science
Ғылыми жетекші
(аты-жөні, ғылымидәрежесі)
п.ғ.д., профессор Абдулкаримова Глюся Алимовна
Өзектілігі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы замаңғы білім беру жүйесі қажет, біздің адамдарымыз оқып үйренуге тиіс, бүкіл әлемде адамдар өмір бойы оқумен өтеді, бүгін қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілікте бар», - деп атап көрсетті халыққа арналған жолдауында.
Қазіргі кезде мамандардың айтуы бойынша ақпараттық технологияның дамуы үрдісінде білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуіміз керек.
Осыған орай білім беретін мекемелердегі оқыту мазмұнына қойылатын талап: білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс ітей алуға машықтанған, әлеуметтік жауапкершілігі мол адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Сол себепті заман талаптарына сай білім сапасын анықтау, яғни оқыту барсында оқушылардың білімін бақылау және бақылауды жетілдіру педагогика салаларындағы іргелі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі білім беру стратегиясына сәйкес оқушының еңбегін бағалау тәсілдерінің болуы, информатика аумағының динамикалық үздіксіз дамуына сәйкес білімді бақылауда ақпараттық коммуникациялық технологияларды кешенді қолдана отырып, оны жүйелі түрде жүргізу қажет.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістері даму үстінде, дегенмен информатикадан оқушылардың білімін бағалайтын бақылау-өлшеу материал тапсырмаларын жасау әдістерін негіздеуді қажет етеді.
Мақсаты
Оқушылардың білімін бақылау мен бағалауға арналған информатикадан бақылау-өлшеу материалдарының теориясын анықтап, құрастыру.
Негізгі міндеттері
- оқу іс-әрекет түрлерін анықтау;
- сабақта оқушының іс-әрекетін айқындау;
- оқушыларды информатика сабағында оқу іс-әрекеті;
- информатикадан оқушылардың білімін бағалайтын бақылау-өлшеу материалдарын жасау;
тәжірибелік-эксперимент жүргізу және ұсынылған
әдістеменің тиімділігін көрсету;
Теориялық маңыздылығы
Мектепте информатикадан оқушылардың білімін бағалауға бақылау-өлшеу материалдарын құрастырудың тұжырымдамасын жасап, информатикадан оқушылардың білімін бақылау мен бағалауда бақылау үрдісін толыққанды жүргізуге ықпал етеді.
Жаңалығы
-оқу үлгерімін тексеру мен бағалау анықталды;
-сабақта оқушының іс-әрекетін айқындалды;
-информатикадан оқушылардың білімін бағалайтын бақылау-өлшеу материалдар жасалды;
Қолданбалық маңызы
Информатикадан бақылау-өлшеу материалдары, мектепте оқушылардың білімін бақылау барысында қолдануға болады.
Зерттеу әдістемесі
Зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-теориялық әдебиеттерге, тұжырымдамаларға, білім стандарттарына, оқу бағдарла-маларына талдау; озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену, тәжірибелік эксперимент жүргізу және нәтижелерін өңдеу.
Күтілетін нәтижелері
Оқу іс-әрекет түрлерін анықтап, сабақта оқушының іс-әрекетін айқындап, сонымен қатар информатикадан оқушылардың оқу іс-әрекеттерін бақылау тапсырмаларын әдістері жасалды.
Апробацияны жоспарлау
Білімгерлер мен магистранттардың жыл сайын ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық конференциясына қатысу; зерттеу нәтижелерін информатика пәні бойынша жарық көретін әр түрлі журналдарда ғылыми мақалалар түрінде жариялау.
ІІІ. Магистрлік диссертацияны орындаудың жалпы жұмыс жоспары
Жұмыстың қысқаша мазмұны мен көлемі
Орындалу мерзімі және
есеп беру түрі
1. Теориялық жұмыс
27 қыркүйек 2012-маусым 2013
2. Тәжірибелік (эксперименттік) жұмыс
Қыркүйек 2013 - желтоқсан 2013
3. Диссертацияны хаттау (безендіру)
Ақпан 2014- мамыр 2014
ІV. Магистрлік диссертацияны орындаудың кезеңдері Курс жұмысын дайындау