Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет140/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

1. Бос орынға қажет көмекші есімдерді қойыңыз: 
қасына, арты, жаны, 
бойы, үсті, асты, ортасы, төбесі, шеті.
Әкемнің … еріп жүріп бір жолбарысты ұстағанын көрдім. Әліптің … бақ. Бұрын 
қыстаудың … бір терең құдық болатын. (Бақанас өзені … сығылыса қонған ауыл. 
Азын аулақ тағамдарының барлығын үстел … қойды. Жердің үстімен келіп, … қайту. 
Мұхит пен су … әр түрлі балықтар мен жануарлар өмір сүреді. Көп кісінің … тұрған 
әкесінің түріне … көзі түсті. Самат үйдің … шығып тұрған еді.Майор оларды қала-
ның арғы … жіберді.
2. Көмекші есімдерді қатыстырып сурет бойынша шағын әңгіме 
құрастырыңыздар.


162
163
ҚИМЫЛ ЕСІМДЕР ҚЫЗМЕТІ
Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қи-
мыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп 
қолданылады.
Қимыл есмінің етістіктің бір түрі бола тұрып мұндай ерекшелікке ие болуы қимыл 
әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты.
Қимыл есімі түбір етістік пен туынды түбір етістікке – у (ұу, үу), -ыс (іс), -мақ (-мек, 
-бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: бар – бару, барыс, бармақ
өзгер – өзгеру, өзгеріс, өзгермек
Қимыл есімі септелгенде, етістікке тән мағынасынан алыстамайды. Оны септік 
жалғаулы сөздерді қимыл есімінің септеліп тұрып та меңгере беретін қабілетінен 
байқауға болады. Мысалы: Үйге қайтуға рұқсат.
Үйді көруді ойадым.
Үйден кетуге тура келді.
Үймен айналысуды жолспарладым.
1. Қимыл есімді табыңыз:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды ертегінін термек үшін (Абай). Хан-
ның жақсы болмағы – қарашаның елдігі (Бұхар жырау). Алмақтың да салмағы бар 
(мәтел). Кетпекке айла таппады («Қамбар»). Ат байладым шарбаққа, Сіздің ауылға 
бармаққа (ән мәтіні).
2. Мәтіндегі кейбір етістіктерді қимыл есіміне ауыстырып, мәтінді көшіріңіз:
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің 
маң дайалды университеттерінде оқытып, дайын дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың 
тоқсаныншы жыл дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар ламасынан бас-
талды. Елімізде өте жоғары деңгей дегі бірқатар университеттер ашылды, зият керлік 
мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
3. Тірек сөздер бойынша шағын мәтін құрасытырыңыздар. Қимыл есімдер қол-
данылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет