2. Берілген мысалдардан көсемшелі тіркестерді тауып, берілген кестеге
орналастырыңыз.
барғалы жатыр, қарастырылатын мәселе, келіп қойды, оқыған азамат, көрмекке
келді,
шешілген мәселе,
барып келді, келіп қойды, айтылған сөз, отыра алмады, келе
салды, бара жатыр, айтқалы тұр, жазады ма, барғысы келді, айта салады, жүгіре ал-
мады, келіп қалды, өсе бастады, салуым керек, аударма жасады, білім береді, жарыс
басталғалы жатыр, жарысу үшін, аударыспақ ойнау, тере бастады, шарықтаған ән,
көтеріп алып, құлай жаздады, таңдана қарады, жүгіре жөнелді.
-а, -е, -й тұлғасындағы
етістіктер
-ып, -іп, -п тұлғасындағы
етістіктер
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі
тұлғасындағы етістіктер
...........................................
...........................................
..........................................
...........................................
.........................................
.........................................
БҰЙРЫҚ МӘНДІ СӨЙЛЕМ
Бұйрық мәнді сөйлемдер көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі
реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс кө-
теріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрық-
ты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы
жасалады:
1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, Бұйрықты сөй-
лем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. Мысалы:
Сен кітапты оқып бітір!
2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, Бұйрықты сөйлем талап,
тілек мәнінде айтылады. Мысалы:
Қара көктің жал-құйрығы қара ғой, қаралы aт
осы болсын! - деді (М. Әуезов).
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы
жалғанса, Бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде
сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді. Мысалы:
Орныңнан ары отырған бер отыру-
шы, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі (халық өлеңі).
4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, бұй-
рықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы:
Бәрің түгел жиналыңдар!
5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағына-
сын білдіреді. Мысалы:
Бүгіннен бастап олармен сөйлеспейсің (М. Әуезов).
1. Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, бұйрық мәнді болса «+» бұйрық мәні жоқ
болса «-» қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |