2. Берілген өлең жолдарын тиісті етістіктермен ұйқастырып жазыңыз.
Қажетті сөздер: мазақ ету, білу, қамықтыру, жанып тұру.
Айтады ғой әуелден халық ....,
Қажытады ой деген .....
Үміт оты кей кезде ....,
Жоғалады алдыңнан ......
Жаманға жүзің салма малды екен деп,
Жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп.
Іргесі берік елді жау ала алмас,
Ауызы бір елді дау ала алмас.
Малы жоқ деп ерден түңілме.
Егіні жоқ деп жерден түңілме.
Дос – ажарың, жолдас – базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Жат жерде жаның қиналса – ел қадірін білерсің.
Жұтым суға зар болсаң – көл қадірін білерсің.
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
3. Берілген мақал-мәтелдің арасындағы көмекші етістіктердің астын сызып,
мақалдың мағынасын ашыңыздар.
КӨСЕМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ
Етістік категориясы
Көсемше
Анықтамасы
Өзіне тән синтаксистік қызметі,
морфология
тұлғалары бар дербес категория.
Қосымшалары
-а, -е, -й; -ып, -іп, -п; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
Сөйлемдегі қызметі
Пысықтауыш
168
169
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қа-
сиеттерін таныта алады. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық,
қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл
қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерінің
салт-дәстүріндегі мән-мағынасы мен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі то-
лықтырады. Той–думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ
халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді және тіршілік кәсібі-
не, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа
беріле ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байла-
нысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр. Салт-дәстүр-
лердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт
және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.
1. Берілген мәтіндердің арасынан көсемшелерді тауып, тұлғаларына қарай талдау
жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |