ЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ
Етістіктің функциялық формаларының бірі
–
есімше. Есімше мағынасы жағынан
етістіктерше болымды және болымсыз, салт
-
сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық
мағынаны аңғартады.
Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуеденеді. Осы
ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да,
әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.
Есімше
–
ған, (
-
ген,
-
қан,
-
кен),
-
ар (
-
ер,
-
р,
-
с),
-
атын (
-
етін,
-
итін,
-
итын),
-
ушы (
-
уші),
-
мақ (
-
мек,
-
бақ,
-
бек,
-
пақ,
-
пек) жұрнақтарының негізгі және туында түбір етістікке,
етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне
жалғану арқылы жасалады.Ал қалау ра, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше
жалғанбайды.
1.
Төменде берілген мәтіннен есімше категориясын тауып, қызметін
түсіндіріңіздер:
Сүзбе.
Ұйытылған айранды дорбаға құйып,
биікке іліп суын сорғытады.
Мұның
тұздамаған және тұздаған түрлері болады. Тұздаған қатық көбірек сақталатындықтан, ұзақ
сапарға шыққанда, жорықтарда жолазыққа әрі сусын, әрі тоқ ас ретінде пайдаланылады.
Құрт.
Қалған қатық,
майын алған сүт,
ашыған айран,
шикі сүтті күбіге жинап,
қазанның
түбіне май жағып, қоюланғанша қайнатады. Қоюланған құртты қапқа салып, тағы
сорғытады. Содан кейін өреге сықпа, күлше, шығыршық, шақпақ формаларына келтіріп
күнге жаяды. Кейде қатықты іркіт етпей сүзеді де, тұздап, домалақтап кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |