БІЛІК, ДАҒДЫ МӘНДІ СӨЙЛЕМ Білік, дағды мәнді сөйлемдердің жасалу жолы:
Білік, дағды мәнді сөйлемдер құрайтын етістіктер шақ, жақ бойынша түрленіп
қолданылады.
Шақ бойынша түрлену
Жақ бойынша түрлену
Осы шақ
сурет сала алады
І жақ Мен көлік жүргізе аламын
Өткен шақ бәйгеге қатыса
алыпты
ІІ жақ Сен көлік жүргізе аласың
Сіз көлік жүргізе аласыз
Келер шақ олимпиадаға бара
алады
ІІІ жақ Ол көлік жүргізе алады
1. Сөйлемдерді өз ойыңызбен толықтырыңыз.
• ............................ қасқыр сияқты............................................................ алады.
• .............................бұлбұл секілді .............................................................. алады.
• .............................ағаштар тәрізді............................................................. алады.
• ............................ емен секілді ................................................................... алады
• ............................ қызғалдақтай .............................................................. алады.
2. Берілген етістіктерді шақ бойынша түрлендіріп, әрқайсысына сөйлем
құрастырыңыз.
ұша алу
түсіне алу
қатыса алу
тілді меңгере алу
3-тапсырма. «Мен кіммін?» тақырыбында білік, дағды мәнді сөйлемдерді қа- тыстырып, ойтолғау жазыңыз. ҚАЛАУ МӘНДІ СӨЙЛЕМ Қалау мәнді сөйлем сөйлеушінің іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, ті-
лек, ниет, ынтасын білдіреді. Ол негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары
жалғанып, тәуелденіп барып тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жеке-
шелік-көптік мән үстеліп, оған кел, келді, келеді көмекші етістігі тіркесіп жасалады.
1. Берілген сөйлемдерді қалау мәнді сөйлем етіп түрлендіріңіз.
Менің табиғатқа қамқор .................... . Қызыл кітаптың түсі неліктен қызыл бол-
ғанын .................................. . Оның табиғатты қорғау ұйымын ....................................
.. . Ақсу-Жабағылы қорығына ................................... . Қазақ халқының ұлттық экомә-
дениетін ............................................ .
2. Қалау мәнді сөйлемдерді пайдалана отырып, сурет бойынша мәтін құраңыз.