158
159
СҰРАУ МӘНДІ СӨЙЛЕМ
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді
сұрау
мәнді сөйлем дейміз. Сұрау мәнді сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына
амалдар арқылы жасалады: сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар
(ма, ме, ше)
,
көмекші етістіктер
(болар, шығар, қайтеді)
, оқшау сөдер
(ә, сірә)
және сұрау интона-
циясы. Сұрау мәнді сөйлемдер мағынасына қарай ашық сұрақ, альтернативті сұрақ,
риторикалық сұрақ, күмән мәнді сұрақ деп бөлінеді.
1. Төменде берілген сұрау мәнді сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай
ажыратыңыз.
Намыс, ар-ұят туралы мақал білесіз бе? Қазақтың мерген қызы атанған Әлия ма,
Мәншүк пе? Отанды қорғау – өжеттілікті қажет етеді емес пе? Ұлттық мүдде дегенді
қалай түсінесіз? Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң қашан
қабылданды? Бұл ата-бабамыздың асқан ерлігімен келген тәуелсіздік қой? Мерекеге
орай әскери шеру өтетін шығар? Отан алдындағы борышыңызды өтейсіз бе, жоқ па?
Ұлы Отан соғысының батырларын атай аласыз ба? Ұлттық қауіпсіздік органдарының
біреуіне жұмысқа орналасқан болар?
Достарыңызбен бөлісу: