-
қан,
-
кен
, -
атын,
-
етін,
-
йтын,
-
йтін,
-
ар,
-
ер,
-
р,
-
маө,
-
мек,
-
бақ,
-
бек,
-
пақ,
-
пек
тұлғалы негізгі етістіктерге
емес
көмекші етістігі
тіркесіп жасалады. Сондай
-
ақ, болымсыздық есімдіктері де (ешкім, ешнәрсе, ешбір,
т.б.)
болымсыздық мәнін айқындайды.
1.
Берілген сөйлемдерді болымсыз сөйлемдерге айналдырыңыздар.
Экономика күніне қатысқан өкілдердің айтуынша, аталған шара өте пайдалы болды. Қала
әкімі экономикалық даму туралы халық алдында есеп берді. Жанармай бағасы келесі айда
қымбаттамақ. Мал шаруашылығы өнімдері негізінен жеке шаруа қожалықтарында
өндіріледі. Облыста ауыл шаруашылығын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шекаралас
мемлекеттердің мұнайға деген сұранысы артып отыр. Астана төңірегінде ағаш егу жақсы
қарқын алды.
2.
Төмендегі тірек сөздердің бірін таңдап, шағын баяндама жазыңыз. Өз
баяндамаңызда болымсыздық категориясын пайдаланыңыз.
айырбас
тауар
нарық
бәсеке
дағдарыс
шикізат
САН-МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫ
Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сөзге үндестік заңы бо-
йынша жалғанып, заттың көптігін білдіреді.
Көптік жалғау тек өзі жалғанған сөз білдіретін заттың көптігін ғана емес, сонымен
бірге сол зат көпке ортақ екенін білдіреді. Мысалы:
үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар
шайларын ішті
дегенде
үйдің, шайдың
көптігі емес, сол заттар қатысты адамдар көп
екенін білдіріп тұр. Ал көптік жалғау кісі аттарына жалғанғанда, сол кісінің көптігін
емес, оның қасында да көп кісі бар екенін білдіреді. Мысалы:
Зейнептер әлі есік ал-
дында тұр
дегенде
Зейнептің
көптігі емес,
Зейнеп
және
оның қасында
бірнеше адам
бар екендігі туралы жинақтау мәні беріліп тұр.
Көптік ұғым кейде сан есімдер
көп, мол, бірнеше, бірталай
сияқты сөздер мен қай-
талама қос сөздердің затты анықтап тұруы арқылы да беріледі: көп адам, жиырма
шақты студент, қора-қора қой, тау-тау астық, т.б.
1. Төменде берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңыздар. Көптік жалғауы
жалғанбайтын сөздер бар ма? Болса, неліктен оларға жалғанбайды?
Достарыңызбен бөлісу: |