Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет139/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

МЕНШІК МӘНДІ СӨЙЛЕМ
Меншік, иелік мағына 
-нікі, -дікі, -тікі
жұрнақтары арқылы жасалады. Иелік ма-
ғынаны туғызатын жұрнақ меншікті заттың өзіне жалғанбайды, оның иесіне жалға-
нады. Мысалы: кітап менікі, дәптер біздікі т.б. Бұл жұрнақтың жуан варианты жоқ, 
жуан сөзге де, жіңішке сөзге де жіңішке түрде жалғанады. Мысалы:
 Қалам Асандікі, 
Өнер халықтікі 
т.б.
1. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
Жауап меншік мәнді сөйлем-
мен берілуі керек.
1. Кәмелет жасқа толғанша балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбие-
леу кімнің міндеті?
2. Жарамсыз ата – анасына қамқорлық жасау кімнің міндеті?
3. «Менің әлім» қай елдің әнұраны?
4. Б.Момышұлы қай жердің тумасы?
5. Қазақстан мемлекеті әнұранының сөзі кімдікі?
6. «Үйлену дегеніміз – өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе кө-
бейту» деген нақыл сөз кімдікі?
2. Төменде берілген сөздерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құраңыздар. 
Меншік мәнді сөйлемді қосуларыңыз қажет.
Қазақ тілі, отбасы, міндет, ата-ана, хұқық, 
қазақ, тәрбие, жеті ата, намыс, бала
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР ҚЫЗМЕТІ
Көмекші есім деп грамматикалық өзгеріске түсіп дерексізденудің (абстракция-
ланудың) нәтижесінде заттық мағынасынан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы 
көбіне мекендік септіктерде қолданылып матаса байланысқан тіркестің екінші сы-
ңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мәнді ерекше бір тобын айтады
Сан жағынан алғанда көмекші есім қазақ тілінде аса көп емес, оған мына секілді 
сөздер жатады: 
асты, үсті, алды, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, іші, сырты, тысы, 
арасы, басы, түбі, қарсысы, бойы, төңірегі, айналасы, жан-жағы, беті, шеті, орта-
сы, соңы
. Мысалы: бір мезгілде қасына Көпей келді (Бақбергенов). Арыстың екі көзі 
ауыл маңында (Жүнісов). Бұл ауыл өзеннің басына қонған (Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет