Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. ҚР қандай мақсатпен шетелдік компаниялармен қарым-қатынас орнатқан?
2. Шетелдік компаниялар қандай салаларда жұмыс істеуде?
3. «Шеврон» компаниясымен келесімшарт қашан жасалды? Онда нелер
қарастырылған?
4. Қазақстан нарығында «Шеврон» компаниясының қандай өнімдері белгілі?
5. «Шеврон» компаниясы Қазақстанның қандай қалаларында зауыт ашқанын бі-
лесіз бе?
Мәтіндегі ақпараттың негізінде басқа шетелдік компанияның өкілі мен тілші арасындағы сұхбат құрастырыңыздар. Б ІЛЕ ЖҮРІҢІЗ ! Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық
сауда ережелерін реттейтін халықаралық экономикалық
ұйым. Ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей
бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77
мемлекет
кірсе,
2005 жылғы 11 желтоқсандағы мәлімет бойынша оған
149 ел мүше болды.
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-сат-
тыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасы-
мен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдар-
дың тұрмыс-тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі.
(Уикипедия ақпараттрынан алынды) СӨЙЛЕСІМ Болашақта Қазақстан сауда экономикасы дамыған елдердің қатарында бо- луы үшін не істеу керек? Қандай шаралар қолға алынуы тиіс? Кімдер көбірек атсалысуы керек? Осы сауалдар төңірегінде өз ойыңызды жазыңыз. ____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
ЖАЗЫЛЫМ 1. Экономика саласына қатысты қанша сөз білесіз?