Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет17/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Намыс деген ұғымға қандай анықтама берер едіңіз?

Еліңіз туралы айт десе, неден бастар едіңіз?
Топтық жұмыс
1- Топта 
батырлық, ерлік, батырлар
 туралы мақал-мәтел жарысын ұйым-
дастрыңыздар. Төмендегі мақал-мәтелдер міндетті түрде болуы керек.
Батыр елі үшін туады, 
Елі үшін өледі.
Күш батылдыққа ереді.
От ішінде туған оттан 
қорықпайды.
Тәуекел ел сақтар.
Батырға оқ дарымайды, 
Батылға жау жоламайды.
Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
Ат басына күн туса, 
Ауыздығымен су ішер. 
Ер басына күн туса, 
Етігімен су кешер.
2- Қазақстан Республикасының азаматы мен азаматшасы ретінде төмендегі ант-
ты жаттап алыңыз. Тобыңыздың алдында айтып көріңіз. Қандай сезімде болдыңыз?
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы 
Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен 
оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің еге-
мен мемлекетімнің Конституциясы мен зандарын қастерлеп сақтауға салтанат-
ты түрде ант етемін.
Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастық-
тардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары 
мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті 
оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият үстауға, әскери және мемлекеттік 
құпияны қатаң сақтауға ант етемін.
Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек 
әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Републикасының 
заңдарында белгіленген қатаң жазаны кешуге әзірмін.


22
23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет