Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж


Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет14/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі
Мемлекет дамуының алғышарты – оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
Демек, тәуелсіздік пен бостандық алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғау қажет. 
Елдің қауіпсіздігін қорғау шараларын ҚР-дың Қарулы күштері, Ұлттық қауіпсіздік 
органдары, әскери және салық полициялары, ҚР-дың Президентін қорғау қызметі
салық және кеден қызметі, төтенше жағдай салдарын жою қызметі атқарады. Осы 
органдардың құрылымы мен қызметін реттей отырып, құқықтық базаны жетілдіріп, 
оны нығайту аса маңызды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл са-
йын республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.
Қандай да бір мемлкеттің Ұлттық қауіпсіздігі оның ұлттық мүдделерінің нақты 
және ықтимал қатерлерден қорғалуымен сипатталады. Ұлттық мүдде деген мем-
лекеттің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы, оның шекарасына қол сұғылмауы және 
Конституцияның мызғымастығы. Ол 3 деңгейге бөлінеді: бірінші, мемлекеттік мүдде 
(мемлекет басқарудың тиімді жүйесі, аумақтық тұтастық, саяси тұрақтылық, елдің 


18
19
қорғаныс қабілеті және халықаралық ынтымақтастық мәселесі). Екінші, қоғам мүд-
десі (салтты сақтау, дәстүрді дәріптеу, рухани мәдениет, қоғамдық келісім, заң мен 
тәртіпті сақтау). Үшінші, жеке адам мүддесі (нақты бір адамның әлеуметтік-эконо-
микалық, құқықтық және т.б. мәселелері).
1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық 
қауіпсіздігі туралы» Заңға сәйкес ҚР-дың ұлттық мүдделері деп мыналар танылады:

адамның, азаматтың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету;

елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;

халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту;

отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу және ҚР халқының бірлігін нығайту;

ҚР материалдық және рухани байлығын сақтап, молайта беру;

Президенттік ел басқару формасының мызғымастығы;

Мемлекеттік институттардың қызметін нығайтып, тиімділігін арттыру;
- Қарулы күштердің, ҚР-дағы әскерлер мен әскери құрылымдардың жарақта-
луын және олардың ұрыс қабілетін қамтамасыз ету;

Заңды мүлтіксіз орындау және тәртіп сақтау;

Халықаралық ынтымақтастықты нығайтып отыру.
(Қазақ тілі: тіл ұстартуға арналған оқу құралы) 
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Мемлекет дамуының алғышарты не?
2) Ұлттық мүдде дегеніміз не? Ол қандай деңгейлерге бөлінеді?
3) Ұлттық мүдде деп нелер танылады екен?
2. Жоспар құрып, түсінгеніңізді айтып беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет