Ән мазмұны бойынша кластер құрастырыңыз.
ƏЛИЯ
Қазақ даласында болған немесе дүниежүзінде өз ерлігімен танылған тағы
қандай нәзік жанды батыр қыздарды білесіз?
Б
ІЛЕ
ЖҮРІҢІЗ
!
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылы-
мын, әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi,
тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен
басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шека-
ра қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақ-
тық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Қарулы күштердің мынадай түрлері бар:
• Құрлық күштері
• Әуе қорғанысы күштері
• Әскери-теңіз күштері
Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың қазақша атауын
есте сақтаңыздар.
– ҚР-дың Қарулы Күштері
– Ұлттық қауіпсіздік органдары
– Ішкі істер және сыртқы барлау органдары
– Әскери және салық полициялары
– ҚР-дың Президентін қорғау қызметі
– Салық және кеден қызметі
– Төтенше жағдайлар салдарын жою қызметі
(https://kk.wikipedia.org/
)
ЖАЗЫЛЫМ
1. Қазақ даласында болған батырлар есімдерін хронологиялық реттілікпен ор-
наластырып, олар туралы қысқаша ақпарат жазыңыз.
Күлтегін Махамбет Өтемісұлы Қабанбай батыр Сырым Датұлы
Исатай Тайманұлы Мәлік Ғабдуллин Мәншүк Мәметова
2. «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып,
шағын ойтолғау жазыңыз.
-
Сіздің ұғымыңызда ерлік деген не?
-
Батырды заман тудырады дегенді қалай түсінесіз?
-
Қазіргі таңда ерлік деп бағаланатын қандай әркеттер деп ойлайсыз?
-
Достарыңызбен бөлісу: |