28
29
СӨЙЛЕСІМ
Банктердің экономикалық жүйеде атқаратын қызметі қандай? Мына берілген
тізімді жалғастыра отырып, Қазақстандағы банктерді атап шығыңыз. Олардың Қа-
зақстан банктік жүйесіндегі алар орны туралы әңгімелеңіз.
Қазақстан Халық Жинақ Банкі, Банк Центр Кредит, Альянс банк, Еуразиялық
банк, «Сбербанк» АҚ, Ситибанк Қазақстан,
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ақыл мен ақша
Бір еріккен патша өз қарамағындағы қызметшісін шақырып алып:
- Алдыңда ақыл мен ақша тұрса, қайсысын алар едің? – дейді. Қызметшісі:
- Ақшаны аламын, - деп жауап береді.
Патша бұған мәз болып:
- Ақымақ-ау, ақыл болса, ақша қайда қашады? Мен ақылды алар едім, - дейді.
Сонда қызметшісі:
- Тақсыр, әркім керегін алады ғой, - дейді. – Ақыл менің өзімде де бар. Ал, ақшам
жоқ, - деген екен.
(Қамзебаева Р.Е., Камешева Г.Қ.
Қазақ тілін үйренеміз. Тіл дамыту құралы)
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Патша қызметшісіне неліктен осындай сұрақ қойды деп ойлайсыз?
Ол өз қызметшісінің жауабына қанағаттанды ма?
Сіз нені таңдар едіңіз? Неліктен?
Осы жағдайды ашатындай өмірден мысал келтіре аласыз ба?
Б
ІЛЕ
ЖҮРІҢІЗ
!
Ұлттық валютамыз – теңге туралы қызықты мәліметтер
1. Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды, өйт-
кені әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
2. Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лон-
донда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшінтасымалдаушылар
18 әуе сапарын жасаған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауы-
мен орындалып, өнеркәсіпке арналған жабдық ретінде тасымалданған.
3. Қазақстанда ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның
арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноталар шығаруға
мүмкіндік алды.
4. Ұлттық валютаның атауына «сом», «ақша», «алтын» секілді атаулар бақ-
талас болған. Яғни, теңге атауымен бірге осы нұсқалар да таңдауға түскен.
5.Теңге — жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең
қауіпсіз валюта. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, дол-
лар қауіпсіздігін күшейткен. Доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алады.
6. Теңге банкнотасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзін-
дегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.
7. 50 теңгелік қағаз ақшада Қазақстанның Тұңғыш президентінің портреті тұруы
тиіс болған, алайда Елбасы мұндай мәртебеден бас тартқан
.
(massaget.kz
)
• Әр жылда айналымға түскен теңге түрлерін алып, олардың ерекшеліктері
туралы сөз етіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: