Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет26/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Халықаралық валюта қоры
Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді оқыңыз.
Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
Қазақстан тәуелсіздік алысымен, ядролық және жап-
пай қырып-жоятын қарулардан бас тартты. Мұндай 
шешім жас мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды ал-
ғышарт болып табылды. Қазақстан мемлекетінің бұл 
қадамын әлемдік саяси топтар қолдап, ерекше бағала-
ды. Бүгінде Қазақстан –дүниежүзілік қауымдастықтың
оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толық 
мүшесі. ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2 нау-
рызда қабылданды. 1945 жылы құрылған бұл ұйымның 180-нен аса мүшесі 
бар. БҰҰ-ның негізгі қызметі мына мәселелерді шешуге бағытталған:
– экономикалық және әлеуметтік дамудың аса маңызды шараларын жүзеге асыру;
– босқындарға және түрлі апат құрбандарына көмек көрсету;
– бітімгершілік жасау;
адам құқықтарын қорғау;
Қазақстан БҰҰ-ның түрлі институттарымен мына бағыттарда тиімді ынтымақ-
тастық орнатқан:
– қару-жарақ пен қарусыздануды бақылау;
– экономикалық және қайырымдылық көмек мәселелері;
босқындар мәселесі;
– адам құқығын қорғау;
– денсаулық сақтау;
– мәдениет;
– көлік және байланыс.
(Қазақ тілі: тіл ұстартуға арналған оқу құралы)


32
33
1. Мәтіннің негізінде бірнеше сұрақтар құрастырып, оларды өзара бір-біріңізге 
қойыңыздар. 
2. БҰҰ-ның әрбір қызметін ашатындай мысал келтіре аласыз ба?
СӨЙЛЕСІМ
Төменде берілген сөз бен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер немесе 
мәтін құрастырыңыз.
Халықаралық ұйым, дүниежүзілік қауымдастық, ядролық қару, жаппай қырып-
жою, босқындар, алғышарт, адам құқықтарын қорғау, ынтымақтастық орнату
қайырымдылық, әлемдік саяси топтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет