Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет23/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

4) Бүгінде Перта (Австралия) ақша сарайы жасаған алтын тиын әлемдегі ең 
ауыр тиын (монета) болып саналады. Оның салмағы 1 тоннаға тең. Ол 999-шы 
сынамадан жасалған, диаметрі 80 см, ал қалыңдығы 12 см. Алыптың атаулы құны – 1 
миллион доллар, бірақ мамандар алтынды кесектеп сататын болса оны шамамен 55 
миллионға сатуға болатынын есептеген. 
5) Исаак Ньютонның есімі көбімізге аңызға айналған алма мен жердің тар-
ту күші заңымен таныс. Алайда оның адамзатқа жасаған тағы бір жаңалығы бар. 
Ол британ Корольдық теңге сарайының басшысы болып жүргенде тиынның жиегін 
бұдырлап соғуды ұсынған. Бұл сол кездері үлкен мәселе болған, тиындарды қолдан 
жасау мен соғуды қиындата түсті. 
6) Әдетте ақша көрсетілген бағаға сай келеді. Бірақ бұл қолданыстан шыққан, 
жәдігерлік және коллекциялық даналарға қатысты емес. Бүгіндікке «Жалбыр Шаш» 
деп аталатын, АҚШ-та 1794 жылы соғылған доллар ең қымбат тиын болып саналады. 
Ол аукционда 7 850 000 долларға сатылған. 
7) Қағаз ақшалар, атына қарамастан шын мәнінде қағазға басылып шыға-
рылмайды. Олар тозуға төзімді, мақта мата мен зығырдан тұратын материалдан 
жасалған. Бұдан өзге, қазір көптеген елдерде банкноттарды басып шығаруға жаңа 
материалдарды пайдалануға тәжірибелер жасалып жатыр. Бұл олардың төзімділігін 
арттыра түспек. Осылайша, Австралия, Қытай, Бразилия, Солтүстік Ирландия, Ру-
мыния мен басқа да елдер банкнотты басып шығаруға арнайы жіңішке пластик ма-
териалдарды пайдалана бастаған.
[http://bilim-all.kz/article/2782-Aqsha-zhaily-qyzyqty-derekter]
Банктің шығу тарихы
Банк
(итальянша 
bankо 
— үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау
беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар ара-
сындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, 
ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтын-
мен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқара-
тын қаржы мекемесі.
«Банк» сөзі 
«banco»
деген 
ағылшын тілінен
аударғанда «айырбас столы» дегенді 
білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады. 
Сауда 
мемлекеттер
мен қалалардың, жекелеген 
тұлғалардың
әртүрлі монеталары-
мен жасалған. Ол 
уақытта
монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен 
сауда-саттық барысында әр түрлі нысандағы монеталар кездескен. 
«Алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер?» деген 
сұрақ
туады. Тарих-
шылардың пайымдауынша, олар жекелеген 
тұлғалар
және қолында шоғырланған 
ақшалай қаражаттары бар шіркеу 
мекемелері
екен. Шіркеулер 
құндылықтарды
сақ-
тайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дель-
фа, Дело, Само, Эфсе) 
ақша
сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде 
кіші 
Азия
жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде 
барлық еуропалық 
Грекияның
бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
[https://kk.wikipedia.org/wiki]
1. Мәтіндердің мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет