Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет12/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

 
Қызыл түс. Басқаруға құмар, батыл, сөзшең, ұшқалақ жандардың сүйікті түсі. 
Аталған түсті тұрақты, кикілжіңнен қорқатын, жалғыз жүруді ұнататын адамдар 
таңдамайды. 
 
Көк түс. Адамның тазалығын, жүрегінің пәктігін білдіретін түс. Айналасындағы-
лардың қолдауына, демалысқа зәру. Тез шаршайды, ұяң. Бұл түсті қорқақ жандар 
таңдайды. Ал ұшқалақ мінезділер көп ұната бермейді. 
(www.massaget.kz)
Т
ОПТЫҚ
 
ЖҰМЫС
Топ болып бірнеше мемлекетті бөліп алып, үйден сол мемлекет жөнінде ақпарат 
дайындап келіңіздер: 
– рәміздері;
– ел басқару жүйесі;
– ұстанатын саясаты;
– ірі қалалары;
– ол ел қандай түсті ұнатады, қай түсті кері қабылдайды? 
– халықтың жалпы мінез-құлқы, т.б.
ТЫҢДАЛЫМ
«Ел Парламентінің елеулі кезеңдері» туралы бейнежазбаны көріп, төмендегі 
кестені толтырыңыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=1hwjjuCo82E&feature=share
Жылдар
Атқарылған жұмыстар
1996 жыл 20 қаңтар
1999 жыл
2004 жыл
2007 жыл 
2012 жыл
Қазақстандағы министрліктер туралы ақпарат жинақтап келіңіздер. Өз сала-
ңыздың министрі кім? Ол туралы не білесіз?
ЖАЗЫЛЫМ
1. Сәйкестендіріңіздер және осы бағдарлама туралы қысқаша жазып шығыңыз. 
31 қаңтар 2017 жыл
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты
12 сәуір 2017
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол 
12 қараша 2014 жы
л
«Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ 
болашақ» 
17 қаңтар 2014 жыл
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 
қабілеттілік»
14 желтоқсан 2012 
жыл
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
атты мақаласы
Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзін түсініп оқыңыздар.
Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі 
таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. До-
сымызды сақтай білген елміз, д�м-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, 
хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан 
қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. 
Сен – қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, 
табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбе-
сең, шабысқалы келгенбіз. Сен – қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. 
Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы 
келгенбіз. Сен темір де, мен көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын теліткелі 
келгенмін, егесетін ер шықса, иілткелі келгенмін. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не 
тұрысатын жеріңді айт.


17
16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет