11
10
Т
ОПТЫҚ
ЖҰМЫС
1- «Тәуелсіз Қазақстан» ойынын ойнаңыздар. Студенттер екі топқа бөлініп,
тақырып бойынша қойылған викториналық сұрақтарға тез-тез жауап беруге
тиіс. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ жеңеді.
Мысалы:
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
-
Тәуелсіздік дегеніміз не?
-
Ұлттық валютамыз қалай аталады?
-
Ұлттық рәміздерді атаңыздар.
-
Ата Заңымыз қай жылы қабылданды?
-
Қазақ халқының ұлттық меркелерін атаңыз.
-
Қазақстан қандай ұйымдарға мүше?
-
Қазақстанның әкімшілік бөлінісі туралы не білесіз?
-
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
-
Қай жылы елордамыз Астанаға көшті? т.б.
2- Патриоттық өлең оқу немесе «Патриоттық әндер» кешін
ұйымдастырыңыздар.
2-БӨЛІМ
ЕЛ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ
Ой бөлісейік
1. Қазақстан дегенде сіздің көз алдыңызға ең алдымен не елестейді?
2. Ел басқару жүйесі туралы не білесіз? Ел басқару оңай ма?
3. Басшының бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?
4. ҚР стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары туралы қысқаша ай-
тып өтсеңіздер.
ОҚЫЛЫМ
Атамекен –
адамның туып-өскен жері, ел-жұрты, табиғи байлықтары, халқы,
қоғамдық ж�не
мемлекеттік құрылысы, тіл, м�дениет, тұрмыс-салт ж�не �дет-ғұрып
ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ. Тар ма-
ғынада біреудің туған ауылы. Кең мағынасы адамның қалыптасқан, дүниедегі өнер
мен м�дениетке кенелген жері.
Ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған «кір жуып, кіндік кескен» аймақ, өңір, өлке –
атамекенге кіреді. Ертеде көшпелі қазақ ауылдары жерді
ру-ата болып пайдаланған-
дықтан, олардың �рқайсысының жеке-жеке қоныстары: қыстауы, көктеуі, жайлауы,
күзеуі болған. Осы жерлер �р елдің (рудың, атаның, ауылдың т.б.) атамекені деп
есептелген.
Қазақ халқының атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің ба-
тыс
жағы Каспийге, шығысы мен терістігі – Сібірге ж�не Алтай тауларына, күнгейі
– Қырғызстан,
Өзбекстан, Түрікменстан республикаларына шектеледі. Қазақ жері –
қасиетті, құдіретті құт мекен. Бұл күндері осы мекенде сан ғасыр армандаған қазақ
мемлекеті дүниеге келді. Көлемі бес Францияға, тоқсан екі
Бельгияға пара-пар елдің
жерінде алуан түрлі кендер, өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Химия ғылымында Мен-
делеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің б�рі қазақ
даласы-
нан табылады.
Қазақта «ел», «жұрт», «халық», «Отан», «ағайын» деген сөздер бар.
Достарыңызбен бөлісу: